Здесь была ссылка на работу Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек автора Қадырова Зауреш Ратаевна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 1. Жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың, босқын статусына ие адамдардың, шетелдіктердің, Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар және тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдардың атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар. Кедейлік шегі мөлшері тоқсан сайын белгіленеді 2. Атаулы әлеуметтік көмек тағайындалмайды: Мүгедектерді және стационарлық емделуде бір айдан астам уақыт кезеңінде болатын адамдарды, магистратураны қоса алғанда, күндізгі оқыту нысанында оқи-тын оқушылар мен студенттерді, тыңдаушылар мен курсанттарды, сондай-ақ I және II топтағы мүгедектерді, сексен жастан асқан адамдарды, жеті жасқа дейінгі бала-ларды бағып-күтумен айналысатын азаматтарды қоспағанда, жұмыспен қамту мәсе-лелері жөніндегі уәкілетті органдарда тіркелмеген жұмыссыздарға; Ұсынылған жұмыстан немесе жұмысқа орналастырудан дәлелсіз себептер-мен бас тартқан, қоғамдық жұмыстарға қатысуды, оқуын немесе қайта оқуын өз бе-тімен тоқтатқан жұмыссыздар алты айға атаулы әлеуметтік көмек алу құқығынан айрылады. Атаулы әлеуметтік көмек жұмыссызға оның жұмысқа, соның ішінде әлеу-меттік жұмыс орнына немесе қоғамдық жұмысқа орналасқан, кәсіптік дайындауға, қайта даярлауға, біліктілігін арттыруға жолданған күнінен бастап қалпына келтірі-леді. 3. Тұлға (өтініш беруші) атаулы әлеуметтік көмек тағайындауы үшін өз аты-нан немесе отбасы атынан жеке сәйкестендiру нөмiрiн көрсетіп, тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органға белгіленген үлгіде өтініш жолдайды. Өтінішке мынадай құжаттар қоса тіркеледі: – отбасы құрамы туралы мәліметтер; – өтініш берушінің отбасы мүшелерінің тапқан табысы туралы мәліметтер; – жеке қосалқы шаруашылығының бар-жоғы туралы мәліметтер. 4. Өтініш беруші өтініште көрсетілген мәліметтердің толықтығы мен дұрыс-тығы үшін Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес жауап береді. 5. Атаулы әлеуметтік көмек алу құқығы тоқсан сайын табыстар туралы құ-жаттардың табыс етілуі арқылы расталады. 6. Атаулы әлеуметтік көмек отбасының оны алуға құқығы бар әрбір мүшесіне тағайындалады. Отбасының құрамына: – толық мемлекеттік қамсыздандырудағы балалар; – интернат үйлерде тұрақты тұратын қарттар мен мүгедектер; – мерзімді әскери қызметтегі адамдар; – бас бостандығынан айыру орындарындағы, мәжбүрлеп емдеудегі адамдар кірмейді. Атаулы әлеуметтік көмек ағымдағы тоқсанға тағайындалып, ай сайын төленеді. 7. Отбасының жиынтық табысын анықтау кезінде бірге тұруы тіркелген және ортақ шаруашылықты бірге жүргізетін отбасының құрамындағы барлық мүшеле-рінің табыстары есептеледі. 8.Атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын анықтау орталық атқарушы орган белгілейтін тәртіппен, атаулы әлеуметтік көмек алу үшін өтініш жасаған кезде табыс етілетін құжаттар негізінде жүргізіледі. 9. Адамға (отбасына) атаулы әлеуметтік көмектің мөлшерін уәкілетті орган жан басына шаққандағы орташа табыс пен облыстарда (республикалық маңызы бар қалада, астанада) отбасының әрбір мүшесіне есептелген кедейлік шегінің белгілен-ген айырмасы түрінде есептейді. 10.Атаулы әлеуметтік көмекті алушы уәкілетті органды атаулы әлеуметтік кө-мектің мөлшерін өзгерту үшін негіз болатын немесе оны алуға құқық беретін мән-жайлар туралы он бес күн мерзімде хабардар етуге міндетті.