Менің атым - Бөлтірік (ана тілі 1 сынып)
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Абдулкаримова Ляззат Махамбетовна
|
Күні: 13/05/2014Сыныбы: 1 «а»Пәні: Ана тілі
Сабақтың тақырыбы: Менің атым-Бөлтірік.
Сабақтың мақсаты: а) Халық ауыз әдебиеті туралы түсінік беру.Айтыс туралы түсініктерін қалыптастыру.ә) Сабақ барысында логикалық ойлау қабілетін алған
білімдерін, сөздік қорын дамыту б) Адамгершілікке тәрбиелеу. Шешендік өнерге баулу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: би, туралы әңгіме кітапшалар.
Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, әңгімелеу
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.
II.Үй тапсырмасын сұрау:Үйге берілген тапсырмаларды сұрап пысықтау.
III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі:
Өтілген материалдарды сұрақ қою арқылы пысықтау.
1.Не істеді? Неғылды? Қайтті? сұрақтарына жауап беретін сөздер жаз.
3. Алдымен кім? сұрағына жауап беретін сөздерді содан соң не? сұрағына жауап беретін сөздерді көшіріп жаз.
Тоғай, ата, ойна, жатыр, үй, айбатты, жүр, суық, батыр, бала, Бауыржан, қарады, жайдары, кітап, балапан, шықты, аға, шымшық.
Кім? -
Не?-
IV. Мақсат қою кезеңі:
Қандай ертегілер білесіңдер?
Ертегідегі айтылған оқиғалар шындыққа жанаса ма?
Халық ауыз әдебиеті туралы түсінік беру.
V. Жаңа сабақ:
Ауыз әдебиеті — халық шығармашылығының айрықша саласы, ауызша шығарылып, ауызша тараған көркем-әдеби туындылардың жиынтық атауы. Қазақ халқының мұндай сөз өнерін ғалымдар ауыз әдебиеті деп атаған. Сонымен бірге ғылым мен мәдениетте “халық шығармашылығы”, “халық поэзиясы”, “халықтың ауызша сөз өнері” дейтін атаулар да осыған жақын мағынада қолданылады.Мәтінді оқыту.
VI.Жаңа материалды пысықтау:
Сұрақ-жауап арқылы мазмұнын
Жетісуды билеп тұрған кім?
Бөлтірік өзін қалай таныстырды
Қандай мәтінмен таныстық?
Мәтіндегі негізгі ой қандай?
Тауып сөйлеу керек екенін айтып түсіндіру.
VII.Бекітукезеңі:
Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?
VIII. Үйге тапсырма
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 14.04 Kb |
Количество скачиваний: | 28 |