Менің елім Қазақстан (2 класс)

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Конспекты
Автор:

Менің туған жерім – Қазақстан. Қараса көз жетпейтін, мерейлі өз елінде бақытты өмір сүргенге не жетсін. Мен Қазақстан азаматы болғаныма өте қуаныштымын. Алғашқы елбасымыз Н.Ә.Назарбаев еліміздің  көркеюіне аса басты назар аударуда. бас қаласы –Астана күннен – күнге құлпырып келеді. Болашағы  жарқын. Мен елімнің болашағына сенемін. Біз еліміздің болашағымыз, сондықтан әрқайсымыз елімізді көркейтуге өз үлесімізді қосуымыз керек. Көгілдір туымыз аспанда желбірей берсін, Әнұранымыз шарықтап шырқала берсін. Татулық пен бірлік елімде   нық орнасын. 

 

Біздің әлемімізде 6 континент бар. Олар Еуразия, Африка, Оңтүстік Америка, Солтүстік Америка,Австралия, Антарктида. Әлемде төрт мұхит бар. Олар  Атлант мұхиты, Үнді мұхит, Тынық мұхит және Солтүстік мұзды мұхиттар. Әлем бірнеше мемлекетке бөлінеді. Әрбір мемлекетте өзінің заңы, елі бар. Әлемде өте көп елдер,ұлттар баршылық. Бірақ мен солардың ішінен Қазақ деген үлкен ел азаматымын. Ол еуразия континентінде орналасқан. Біздің Қазақстанда он жеті миллион адам тұрады екен. Мен туған елім Казақстанды сүйемін.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 19.67 Kb
Количество скачиваний: 12
Просмотров: 127

Похожие материалы