"Менің мамандығым" студенттермен кездесу кеші
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Карткожаев Талгат Есетбаевич
|
1 - жүргізуші:Армысыздар, аяулы ұстаздар, студент жастар мен мектеп оқушылары!
2 - жүргізуші: Кеш жарық, құрметті қонақтар!
Бірінші кілт – білімге,
Екінші кілт – дұрыс жол.
Үшінші кілт – бақытқа,
Жетелейді білсең сол.
2 - жүргізуші: Болса кімнің талабы,
Өмірден жол табады.
Еңбегіне лайық,
Адам болып шығады, - дегендей жастар еліміздің болашағы. Егемен еліміздің болашағы білімді ұрпақ.
1 - жүргізуші:
Нұрлы үмітін арқалаған арқаға,
Жан сәулесін тарататын баршаға.
Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп,
Студенттерді шақырамыз ортаға 2 - жүргізуші: Қайда менің студенттік күндерім,
Жалындаған жастық шағым, күн керім.
Дауылдатып, думандатып жүретін,
Бақытты сәт, шалқып шығар күндерім.
Қайда сол бір асыл жанды достарым?
Аңқылдаған жарқылдаған от жалын.
Сұңқар жігіт, аққу қыздар қайдасың?
Еске аламыз жүрегімде от жанып,- деп ақын ағаларымыз жырлап кеткен студенттік өмірдің қан майданында жүрген жастарымызбен оқушылар арасындағы кездесу кешті ашу үшін сөз мектеп директоры Умарбекова Гүлсара Жарылқасынқызына беріледі.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 36.5 Kb |
Количество скачиваний: | 13 |