Методическое пособие "Педагогтерді аттестаттауды ұйымдастыру жұмыстарын тиімді үйлестіру"
Предмет: | Другое |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Муратхан Бейбитгул Муратхановна
|
«Ақтоғай ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Әдістемелік кабинет
Педагогтерді аттестаттауды
ұйымдастыру жұмыстарын
тиімді үйлестіру
Риза Маней, әдіскер
Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылы, 2013 жыл
Жинақта педагог қызметкерлерді аттестаттау ережесіне сай мектепішілік аттестаттау шаралары, аттестаттау жұмысында қолданылған құжаттар үлгілері берілген. Жинақ мектепішілік аттестаттау комиссиясы мүшелерінеаттестатталушы мұғалімдерге арналған.
Аттестаттау материалдарықұрастырылғаннан кейін практикада, іс-жүзінде апробациядан өткен, сондықтан мектепішілік аттестаттауда, мектепішілік басқарудапайдалы болады деген сенімдеміз. Жинақтың практикалық маңыздылығы: аталған үлгі-кестені әр білім беру ұйымында қолдануға лайықты.
Педагог қызметкерлерді аттестаттау жұмысындағы туындайтын проблема көп: білім беру ұйымдарында педагогтердің аттестациясын ұйымдастыру жұмыстарының тиімді үйлестірілмеуі, осы тақырып аясында мемлекеттік тілде басылған әдістемелік құралдың аздығы, аталған мәселенің әдістемелік тұрғыда зерттелмеуі.
Білім беруді жаңғырту стратегияларын жүзеге асыру педагог кадрлардың сапасына тікелей байланысты. Бүгінгі білім жүйесінде Д. Дьюи атап өткендей, «Үлкен өзгерістер басталды. Ол маңызы жағынан, К. Коперниктің жаңалығына (Күн астрономиялық орталық, басқа планеталар оның айналасында шоғырланады, оны айнала қозғалады) тең болып отыр, яғни «оқушы тұлғасы орталыққа айналып, барлық педагогикалық әрекеттер оның айналасына шоғырландыра жүргізіледі». Бұл жаңа жүйе – біз үшін 12 жылдық білім беруге көшу болып отыр.
Жаңа мектеп мұғалімі «дайын» білім көзі ғана болмай, оқушылардың танымдық іс-әрекеттерінің ұйымдастырушысы және үйлестірушісі бола білу, білімнің құндылық ретіндегі сипатына терең мән бере білу, нәтижеге бағытталған білім беруде жаңаша жолдар мен әдістер табуға дағдыланған маман болуы қажет. Ал оқушының танымдық, шығармашылық қабілетінің ресурс ретінде дамытылуы үшін мұғалімнің өзі де шығармашылық жұмыспен айналысуы тиіс. Демек, 12 жылдық мектептің ұстазы өскелең заман талабына сәйкес шығармашылыққа бейім, зерттеу жұмысы тәсілдерін қолдана алатын маман болуы тиіс. Ы. Алтынсариннің «Мұғалім – мектептіңжүрегі» деп айтқанындай, барлық күш мұғалімге түспек. Мұғалімнің шығармашылық жұмысында кәсіптік шығармашылық дамуы жөнінде В.А. Афанасьев, Н.Д. Хмель, Ш.Т. Таубаева, А.А. Бейсенбаева, М.Ә. Құдайқұлов, А.К. Ахметов және т.б. ғалымдар педагогикалық кәсіби шеберлікті шыңдау жөнінде көптеген еңбектер жазған [7, 65-б., 18, 298-б., 27, 31-б., 33.]. Аталмыш ғалымдардың пікірі бойынша мұғалімнің кәсіптік зерттеушілік ұстанымы өз кәсібін шығармашылық деңгейде жетік меңгерген кезде ғана айқындала түседі. Мұғалімнің кәсіби шеберлігі, білімділік деңгейі, шығармашылығы туралы Ы. Алтынсарин, Ж. Аймауытов, А. Байтұрсынов, П.П. Блонский, М. Жұмабаев, Н.К. Крупская, А.В. Луначарский, А.С. Макаренко, С.Т. Шацский, В.А. Сухомлинский қарастырған [20, 6-б., 27, 64-б., 122, 6-7-б.]. Қазіргі білімнің жаңа үлгісін құру барысында Қазақстан ғалымдары өз еңбектерінде тыңғылықты мәселелерге тоқталады. Олар өз еңбектерінде шебер мұғалім ғылыми ізденіс мәдениетімен қарулану керек дейді. Мұғалімнің кәсіби шеберлігі, зерттеушілік қызметі мұғалімдік жұмысқа дайындық барысында, іс-тәжірибеде және қайта даярлау кезінде қалыптасып тәрбиеленеді [77].
Ал, педагогтердің кәсіптік деңгейін көтерудің бірден-бір тәсілі педагог кадрлардың аттестациясы болып табылады.
Педагогтерді аттестаттау – педагог қызметкердің біліктілік деңгейінің квалификациялық талаптарға сәйкестігін анықтау мақсатымен жүзеге асырылатын іс-әрекеттердің тұтас бір жүйесі. Аттестаттау білім беру ұйымдарында кезең кезеңдерімен өткізілетінін бәріміз білеміз. 1-кезеңінде мұғалім аттестацияаралығында жасаған педагогикалық әрекетіне, өз білімі мен біліктілігін арттыру бағытында жүргізген жұмысына ішкі сараптама жүргізіеді, бұл кезеңде педагог өзінің педагогикалық іс-әрекетіне өзіндік талдау жасайды, іс-тәжірибесін жинақтайды, жинақтаған тәжірибесі мен педагогтерді аттестаттау ережесінің талаптарына сай келетін жетістіктерінің негізінде білім беру ұйымының аттестаттау комиссиясының төрағасының атына біліктілігін көтеру жөнінде (немесе растау) өтініш жазады, 2-кезеңі сыртқы сараптама деп аталады, мұнда білім беру ұйымындағы аттесттаттау комиссиясы педагогтің іс-әрекетіне талдау жасайды, 3-кезеңінде аттестаттау комиссиясы аттесттаттау ережесі негізінде педагогтің өтінген санатына сәйкестігіне баға беріледі.
Мұнда ең өзекті мәселе аттестациядан өтетін педагогтермен өткізілетін жұмыстың негізгі мазмұны мен оның заман талабына сай ұйымдастыру тұрғыда тиімділігінде болып отыр.
Білім беру ұйымында (мектеп, мектептен тыс мекеме, балабақша, т.б.) жылдық жұмыс жоспарындағы педагогтердің біліктілігін жетілдіру тармағы негізінде ағымдағы оқу жылының басында және келесі оқу жылының басында педагогтердің аттестациясын ұйымдастыру және өткізуіс-шараларының жоспары жасалынады (5 жылдық перспективалық жоспардың негізінде). Жоспарлау – білім беру ұйымындағы әдістемелік жұмысты басқарудың тиімді әдістемелерінің бірі [5, 10-б.].Сондықтан педагогтің құзыреттілігінің үздіксіз артуы, аттестацияға сапалы дайындығы білім беру ұйымында ұйымдастырылып өткізілген іс-шаралар мазмұны мен түрінің өнімділігіне тікелей байланысты.
Жұмыс жоспары бойынша педагогикалық ұжым нормативтік-құқықтық құжаттармен (айталық, Педагогтерді аттесттаттау ережесімен) толық танысқан болу керек (біріншіден, мектеп басшылығы бұл нормативтің мазмұнын жақсылап оқып, зерделеп, таныған болу). Егер нормативтің мазмұнын педагог толық білмесе, оның аттестацияға дайындығы сауатты болып табылмайды.
Білім беру ұйымдарының басшылары, әдістемелік бірлестіктің жетекшілері ұжымдағы әр педагогтің аттесттациядан өту мерзімін 5 жылға арналған перспективалық жоспар бойынша ашық және көрнекі түрде бақылап отыру міндет.Егер ақпарат ашық әрі көрнекі түрде болса, әр педагогтің бойында жоспарлы жұмыс жасау қабілеті қалыптасады. Әрі оқу жылының соңындағы педагогикалық кеңесте келесі оқу жылында аттестталатын педагогтердің, тегі, аты-жөні анықталып, нормативтік құжаттармен таныстырылады. Аттестаттау ережесінде, әсіресе, жас мамандар үшін түсінуге ауырлық танытатын педагогикалық терминдер бар, сондай термин сөздердің глоссарийін жасау басшылықтың міндетіне жатады. Сондай-ақ, ағымдағы жылы аттестатталатын педагогтердің аттестациядан өту кестесі жасалған болу керек.
Келесі кезекте педагог білім беру ұйымының басшысына немесе аттестаттау комиссиясы төрағасының атына санат алу немесе санатын көтеру бойынша өтініш жасайды.
Осы сәттен бастап білім беру мекемесінің аттестаттау комиссиясының ағымдағы жылы аттестаттаудан өтетін педагогпен жұмысы (2-кезең) басталады. Оқу жылы басында аттестаттау комиссиясы мүшелері аттестаттау комиссиясының қызметімен, міндеттерімен танысады. Аттестаттау комиссиясы педагогтердің өтініштерін қарайды, аттестатталатын педагог қызметкерлердің мәліметтер базасын жасайды және олардың қызметінің қорытындыларын талдамалық жалпылауды жүргізеді.Біліктілік тестілеу нәтижелері бойынша екінші, бірінші, жоғары біліктілік санаттары үшін екінші кезең өткізіледі. Педагог қызметкерлерді тестілеудің оң нәтижесі екінші кезеңге жолдама алуға негіз болып табылады. Екінші кезең соңында аттестаттау комиссиясы Педагог қызметкерлерге біліктілік талаптарына беру немесе растау туралы шешімді шығарады. Білім беру ұйымының аттестаттау комиссиясы педагог қызметкерлерге екінші санатты бекітуді қарастырады және бекітеді. Педагог қызметкерлердің аттестаттау материалдарын аудандық аттестаттау комиссиясына қарастыруға ұсынады. Аттестаттау комиссиясыжоқу жылы басында жұмыс жоспарын құрады және жүзеге асырады. Жұмыс жоспары аттестатталатын педагогтің өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтау, аналитикалық талдау жұмыстарымен қатар жүреді. Жұмыс желісі мынадай болады:
1. Мектеп әкімшілігі немесеаттестаттау комиссиясының аттестатталатын педагогтермен өткізетін жылдық жұмысы (үлгі)
2. Педагог тарапынан жасалатын шаралар
Жоғарыда көрсетілген балама жобалар, бір жағынан қарағанда, педагогті аттестациядан өткізуге арналған жұмыстың жүйесі болғанымен, осы іс-әрекет білім ұйымының басшылары тарапынан нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес сауатты да шебер, үйлесімді жүргізілген жағдайда, сондай-ақ мекеме мен педагог арасында тығыз байланыс пен түсіністік орнаған жағдайда, педагогті басшылық тарапынан әрі ынталандырып, қолдап, әрі сауатты түрде талап ете білген жағдайда ғана оңтайлы жүзеге асырылады. Оқу жылының соңында білім беру ұйымындағы аттестация комиссиясының жетекшісі жыл бойы мектеп тарапынан өткізіліген жұмысқа және педагогтің жұмыс нәтижесіне сапалы талдау жасайды.
Педагог қызметкерлерді аттестаттауда мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:
1) педагог қызметкерлерді аттестаттау - педагог қызметкердің біліктілік деңгейінің біліктілік талаптарына сәйкестігін айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім;
2) біліктілік санаты – жұмысты орындаудың күрделілігін көрсететін қызметкердің біліктілігіне қойылатын талаптардың деңгейі;
3) ерікті біліктілік тестілеу (бұдан әрі – тестілеу) – мерзімінен бұрын біліктілік санатты жоғарылату және растау кезінде кәсіби құзыреттілік деңгейін айқындау үшін өткізілетін педагог қызметкерлерді аттестаттауды өткізу рәсімінің бір түрі;
4) қызмет қорытындыларын талдамалық жалпылау – педагог қызметкердің кәсіби қызметін жүйелі, бірізді және оң зерделеу негізінде кәсіби құзыреттілігін бағалауды қамтитын аттестаттау кезеңдерінің бірі.
Қосымшалар
Педагог қызметкерлерді
сынама біліктілік тестілеуден өтуге дайындау жоспары
«Бекітілді:»
Мектеп директоры
« »
2013-2014 оқу жылы мұғалімдерді аттестаттау комиссиясының жұмыс жоспары
Мақсаты:Аттестатталушы мұғалімдерді аттестаттауға сапалы дайындау.
Мектепішілік аттестаттау шаралар кестесі
Мәселе:
Мақсаты:
Міндеттері:
Шартты белгілер:
1 кезең:
ТС – тест
2 кезең:
ЖБЖ – жазбаша білім бақылау
АС – ашық сабақ
СТ – сыныптан тыс жұмыс
Кө – көрме
ААЖ– ата-аналар жиналысы
ПН – пән апталығы
О – олимпиада
ӨП – өзінпрезентация
Ав – авторлық жұмыс
БАҚ –газет, журнал беттерінебасылым
Сем – семинар-практикум
ШТ – шығармашылық топ
ШЕ-шығармашылық
Б - баяндама
Аттестатталушымұғалімнің педагогикалық қызметін, пәнді оқыту жағдайын тексеру
Тексеру барысындааттестатталушы педагогтың жұмысы және оқу жоспарына негізделген келесі құжаттар қарастырылады:
1.Пән бойынша бағдарламаның болуы және күнтізбелік – тақырыптық жоспардың бағдарламамен сәйкестігі,күнделікті сабақ жоспарлары
2.Мұғалімнің сабағына қатысу. Сабақтардың қазіргі күн талабына жауап беруі, оқытуды жаңа тәсілдері мен әдістерін қолдануы,нәтижелілігі
3.Оқушылардың ББД бақылау (бақылау жұмыстары, тесттер т.б.)
4.Пән бойынша сынып журналының жағдайы (журналды жүргізу, бағаның жинақталуы оқушылардың сабаққа қатысуы, үй жұмысының мөлшері, тоқсандық бағаның дұрыс қойылуы, бақылау, практикалық жұмыстарға баға қойылуы)
5.Пән бойынша дәптердің жағдайы (мұғалімнің дәптерлердітексеру жиілігі, дәптер жүргізуге қойылатын талаптарды орындалуы)
6.Бақылаужұмысы дәптерлері: оқушылардың білімі мен іскерлігін есепке алу, мұғалімнің білім сапасын бақылауға алуға, мониторинг жүргізуі
7.Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту бойынша дарынды балалармен жұмыс
8.Пәнбойыншасабақтан тыс жұмыс
9.Пән кабинетінің жағдайы:
а)Санитарлық – гигиеналық жағдай
ә) Кабинеттің безендірілуі
б) Техникалық құралдармен жабдықталуы
в) Дидактикалық материалдар мен қосымша әдебиеттерді жүйеге келтіру
10.Мектеп әдістемелік бірлестігінің жұмысы (мұғалімндің ӘБ жұмысына қатысуы, докладтар, олардың тақырыптары) өзіндік білімін жетілдіруі
10.Мұғалімнің жұмысын бағалау,сараптама қорытындысы
11.Тұжырымдамалар және ұсыныстар
Біліктілік талаптарына сәйкес барлық санаттағылар үшін білім беру ұйымдарының аттестаттаудан өтетін педагог қызметкерлердің қызметін талдауға арналған материалдар:
- педагогикалық тәжірибесі туралы материалдар (өздігінен білім беру жөніндегі сабақтардың, оқу-әдістемелік құралдардың әзірлемелері);
- шығармашылық конкурстарға, ғылыми-практикалық конференцияларға, семинарларға, дөңгелек үстелдерге, педагогикалық оқылымдарға қатысқандығы туралы;
- эксперименттік қызметке қатысқандығы туралы;
- оқу-әдістемелік кешендердің, оқу-бағдарламаларын сараптауға қатысқандығы туралы;
- әдістемелік бірлестіктердің, шығармашылық топтардың жұмысына (басшылығы) қатысқандығы туралы;
- ұйымдастыру және тәрбиелеу қызметіне қатысқандығы туралы;
- оқушылар мен тәрбиеленушілерінің оқу жетістіктері, пән олимпиадаларының, конкурстардың, байқаулардың, ойындар мен жарыстардың жеңімпаздары туралы;
- педагог қызметкердің кәсіби құзыреттілігін тәуелсіз бағалау материалдары; пікірлер, оқушылармен және тәрбиеленушілермен, ата-аналармен жүргізілген сауалнамалардың нәтижелері.
Қараоба орта мектебінің мұғалімдерін
аттестаттау құжаттары
2013-2014 оқу жылында аттестаттаудан өтетін
мұғалімдергебекітілген эксперттер.
«Бекітімін»
Мектеп директоры:
«» 2013ж
2013-2018 оқу жылыаттестаттаудан өтетін мұғалімдердің тізімі
Перспективтіжоспардан көшірме
2013-2014 оқу жылы
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің аттестаттаудан өту кестесі
/Перспективті жоспардан көшірме/
2013-2014 оқу жылы
Аттестатталушы қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің
ашық сабақ кестесі
2013-2014 оқу жылы
Аттестатталушы қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерініңсабақтарына қатысу кестесі
Аттестатталушы қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерініңкурстық дайындықтан өту кестесі
Перспективті жоспардан көшірме
Кәсіптік біліктілікке арналған сауалнама
Мұғалімнің аты-жөні:
Сабақ беретін пәні:
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы22 қаңтардағы № 16 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
2.Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасына түсіндірме // Қазақстан мектебі. – 2004. - №2. - 3-16 б.
3.Қазақстан Республикасында 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасы // Жоба. – Астана, 2007. - 3-9 б.
4. Жексенбаева У.Б Диалог-5. Основные направления
обновления содержания образования // Учитель Казахстана. - 2006, 11 декабря. – С. 8.
5.Мигаль В.И. Мигаль Е.А. «Управление современной школой» Выпуск І. Внутришкольный контроль и сетевое планирование. Изд. «Учитель», 2002 С 7-13.
6. Рахимжанов А. Послание Президента народу Казахстана-программа действий для организаций образования //Білімдегі жаңалықтар. – 2005. - №2(10). – С. 5-9.
7. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру-мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» // Ел. – 2008. - №6 (134). - 12 ақпан. - 1-3 б.
8. Сүлейменова Қ. Оқытудың жаңа тәсілі // Қазақстан мұғалімі. - 2007, 6 наурыз. – 8 б.
9. ҚоянбаевЖ.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. - Алматы,
2002. – 382 б.
10. Храпченков В.Г. Тенденции и особенности развития всеобщего среднего образования в Казахстане. –Алматы, 1996. – С. 221.
11. Құнантаева К. Қазақстанда халыққа білім беру ісінің дамуы (1917–1990). - Алматы. - 1998. – 138 б.
12. Храпченков Г.М., Храпченков В.Г. История школы и педагогической мысли Казахстана. – Алматы, 1998. С. 3-27.
13. Құнантаева К.Қ. Развитие образования в Казахстане (1917-2000). – Алматы. – С. 207.
14. Әмір Ш.Қ. Педагогикалық инновацияны басқару негіздері ұлттық гимназияның үлгісін жетілдіру п.ғ.к. ғылыми дәрежесін алу үшін дайын. дисс. – Астана: ЕГИ,
2005. – 170 б.
15. Правила государственной аттестации организаций образования МОН РК (2007-2011гг.)
16, Программа и методические рекомендации по организации и проведению гос аттестаци исамооценки организаций образования, реализующих учебные программы начального, основного среднего и общего среднего образования (2009г.)
17. Саттарова Ж.С. Рякина Е.С., Савкина М.П. «Организация и проведение аттестации педагогических работников» , Павлодар, 2011, Павлодарский ИПК ПК
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 1.05 Mb |
Количество скачиваний: | 73 |