Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман- эпопеясындағы Құнанбай образы

Предмет: Другое
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

11-сынып

Сабақтың тақырыбы: Мұхтар Әуезовтің  «Абай   жолы» роман-

эпопеясындағы  Құнанбай образы

Мақсаты: білімділік: романға сүйене  отырып, Құнанбай   бейнесін   талдау, 

жаңарған    көзқарас тұрғысында  баға  беру, Құнанбайдың шын   

тарихтағы  тұлғасы  жайлы  мәлімет беру.

дамытушылық: көркем шығарманы талдай білуге     төселдіру,  өз ойларын

еркін, нақты жеткізе  білуге   баулу, тіл байлықтарын дамыту, сын тұрғысынан 

ойлап,   өз пікірін қорғауға дағдыландыру, өзіндік     пікір

        қалыптастыруға  жетелеу, ынтасын, шығармашылық   ізденушілік   

        белсенділігін  дамыту. 

                  тәрбиелік :Құнанбайдай  әкенің бейнесі  арқылы  Абайдың дүниеге

                    көзқарасының қалыптасуын, саналы  өмірінің өсу жолын оқушының зердесіне

                    құю, адамгершілікке, жағымсыз  мінезден аулақ   болуға үйрету.

Сабақтың типі:аралас

Сабақтың түрі:             дәстүрлі

Әдісі:  дамыта  оқыту технологиясының  элементтері,  «Еркін жазу»

 стратегиялары, баяндау, ішінара     іздендіру, проблемалық сұрақтарды шешу

Көрнекілігі:                    ақын шығармалары, слайдтар 

Тех. құрал-жабдық:      интербелсенді тақта

Пәнаралық байланыс: тарих, музыка, қазақ  тілі

Сабақтың барысы:        I.Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

1.    Романдағы  Абай тұлғасы

2.     Құнанбайдың тарихтағы  шын  тұлғасы  жайлы  тапсырмалар                               (жеке  оқушыларға)

3.     “Қайтқанда”, “Қат-қабатта “ , “Жолда”  , “Шытырманда” бөлімдерін оқу

4.     « Абай жолы » ойтолғау

 

  ІІІ. Өткен оқу материалын қорыту

        Оқиғаларды  сәйкестендіру(кесте)

 

 

   

 

 

 

 

 

   

 

 

 

 

 

   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

IV. Жаңа сабақ

       Алдын ала іздендіру мақсатында берілген тапсырмалар бойынша жазушы, ғалымдардың  «Абай жолы » романы, Құнанбай  бейнесі, Құнанбайдың шын      тарихтағы  тұлғасы  жайлы  жайлы жазылған естелік , сын , зерттеу мақалалары бойынша дайындаған пікірлерді , еңбектерді тыңдау  арқылы  романдағы  Құнанбай   бейнесін  ашу.

      Құнанбайдың тарихтағы  шын  тұлғасы  жайлы жеке  оқушыларға  берілген    тапсырмалар:

1.Құнанбайдың  өмірі  мен  қайраткерлігі  туралы  деректер. 

2. Абай  шығармаларындағы  әке  бейнесі.

3. Құнанбай – әділ  би, шешен, орта  жүздің   беделді  билерінің   бірі.

4.Құнанбай – қажы,  яғни рухани  таза  адам. Ораза   тұтуға, зекет  беруге, намаз     

    оқуға  жұртты  міндеттеген.

Абайтанушы  Таласбек  Әсемқұловтың пікірімен  қорытындылау.

          Құнанбай  бейнесін  талдауда романдағы  оның портреті,сөйлеу  тілі,әр  оқиғадағы  мінез-құлқы,пішіні,іс- әрекетінен нақты  мысалдар келтіру.

 

                                                   Мінезі

                 Портреті                                                        Бірлестігі

 

   

 

                                               Құнанбай

 

   

 

 

 

            Шешім  қабылдауы        Сезімі                       Тіл  шеберлігі

  

Шығарманы талдаудағы  проблемалық  сұрақтар:

1.«Қайтқанда» бөліміндегі   Құнанбай   портреті, оның  айналасындағылардың

   сипаты ,үй  іші неге  Абай сезімі  арқылы беріледі?(кітаптан Құнанбайдың        

    портретін оқу)

2.Қодар  мен  Қамқа  өлімінің  басты  себебі  неде? Құнанбай өлтіртпей –ақ 

   Қодардың жерін  тартып  алуға болмай  ма?

3.Құнанбай өз баласы Кәмшаттың  күтімсіз  аянышты  жағдайын естігенде

   де,әрекет жасамай , өлімге  қиғандай болады. Неге  Кәмшатты  арашалап 

   алмайды?  Құнанбайдың  мейірімді  әке  екенін қай оқиғаға  сүйеніп

   дәлелдейміз?

  4. Құнанбайдың  көкірегі ояу,көреген,ашу  мен  қайратын  қатар  ұстайтын  

    қайсар  рухты   адам  екендігі  қай  оқиғалардан  көрінеді?

5. Ана  алдында  имене  білетін иман  жүзді  адам екендігі шығарманың қай  

    тұсынан  көрінеді?

6.Рухани  таза  адам екендігіне  қай  оқиға дәлел  бола алады?

   «...Ал жеңіліп  отырған  Құнанбай емес, әсіресе, әке  Құнанбай емес,бір 

  дәуірдің үстемдігі...екендігін  дәлелдеудің  қажеті  жоқ қой  деймін...Құнанбай 

  қай  жағдайда  болса  да ел  ісінің  бір  тізгініне    әбден  ие боларлық  мейілін-

  қажырлы  адам....Туысы  үлкен  адам ».Жазушы  Ғ.Мүсірепов   пікірін негізге  

  ала  отырып, романнан алынған  мына  үзіндіге  қандай баға бере аламыз?

            

Романдағы оқиға  өмірде  қаншалықты  шындыққа   жанасады?(салыстыру)

Төмендегі  оқиғалар өмір  шындығынан  алынған:

 1. Қарашоқыдағы қанды оқиға (40 рулы  елге  тас лақтыртып, Қодар  мен     

      Қамқаны  өлтіруі )

 2.Қодардың  жеріне  өзінің кіріп  алуы.

 3.Бөжеймен  араздығы.Бөжей  ауылын  шабуы (1846 жыл)

 4.Қарқаралыда мешіт салдыруы.

 5.Бөжеймен  бітісуі кезінде Кәмшаттың  берілуі,артынан  қайтыс болуы.

 6.Қаралы  көшті  шабуы.

7.Құнанбайды  Дәркембайдың (шын аты Әлжан)  атпақ  болуы.

 8.Құнанбайдың  үстінен  түскен  арыздар.

   V.Жаңа сабақты бекіту

    1-қатардың  тапсырмасы:

    Құнанбай  бейнесі бойынша кесте  толтыру

Құнанбай бейнесі өзіңе ұнады ма, жоқ  па? Неліктен?

 

 

 

   Құнанбайдың   бейнесі арқылы өзіңнің болашаққа түйген түйінің.

 

 

 

 

    2-қатардың  тапсырмасы:

                        Екі түрлі түсініктеме күнделігін толтыру

Романдағы қатты әсер еткен көрініс

Сол туралы таңдап алған пікіріңіз

 

 

 

 

 

 

     3-қатардың  тапсырмасы:              

            Кесте  толтыру

 

+

 

Білемін

 

Y

 

Үйрендім

                   ?

 

Білгім келеді

 

 

 

 

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 50.82 Kb
Количество скачиваний: 30
Просмотров: 206

Похожие материалы