Микрокалькуляторды пайдаланып есептер шығару
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Байдуллаева Маусим Хамзеевна
|
Сабақтың тақырыбы: Микрокалькуляторды пайдаланып есептер шығару
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға микрокалькулятордың пайдасын айта отырып,
қалай жұмыс істеу керектігін одан әрі меңгерту.
2. Оқушылардың ойлау қабілетін дамыта отырып, есеп шығаруға
деген қызығушылығын арттыру.
3. Басқа пәндермен байланыстыра отырып оқушыларды
адамгершілікке, жан – жақты білім алуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Саяхат сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, ойын, ой – қозғау.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта. Ғарышкерлер суреті.
Сабақ жүрісі: І Ұйымдастыру
ІІ Қызығушылығын ояту
ІІІ Үй тапсырмасын тексеру.
ІV Жаңа сабақ.
-Оқушылар қазір қандай сабақ ?
-Математика.
-Сәуір айында қандай мерекелер бар ?
1 сәуір – Күлкі күні
7 сәуір – Денсаулық күні
12 сәуір – Ғарышкерлер күні
- Біздің сабағымыз қай мерекемен сәйкес келіп тұр ?
- Ғарышкерлер күні
- Олай болса бір – бірімізге жақсы тілектер айтамыз
- Мен ашық аспан, жақсы күн тілеймін.
- Мен мықты денсаулық, зор байлық тілеймін.
- Мен сабақтарыңызды жақсы оқып, ғарышкер болуларыңа тілектеспін.
Онда бүгін біз мына әртүрлі фигураларды пайдалана отырып, ғарышкер кемесін құрастырып алайық. Ол үшін фигураның артындағы тапсырмаларды дұрыс орындауымыз керек.
1.Тұңғыш қазақ ғарышкері кім? Ол қай жылы ғарышқа ұшты?
2.Қазақстан Республикасы қай жылы егемендігін алды? Оған биыл неше жыл болады?
3.Ең алғаш ғарышқа ұшқан кім ? Қай жылы ?
4.Қазақстаннан екінші ғарышқа ұшқан кім? Қай жылы?
5.Микрокалькулятор дегеніміз не ? оны қалай пайдаланамыз?
6.Санды өрнектің мәнін табу үшін микрокалькуляторды қалай пайдаланамыз?
7.«Сиқырлы шаршы» дегеніміз не?
-Біз ғарыш кемесін құрастырып алдық. Енді екі топ болып, осы ғарыш кемесі арқылы планеталарға саяхат жасаймыз. Ол зүшін сыныпты екі топқа бөліп Қазақ ғарышкерлерінің есімімен атағалы отырмын.
І топ Тоқтар Әубәкіров ІІ топ Талғат Мұсабаев
Ғарышкерлер мекені
Қазақ жері Байқоңыр
Қай жер саған жетеді
Ғажап жерім Байқоңыр
Жаңа сабақ. Оқулықпен жұмыс
Ғарыш кемесі арқылы Шолпан планетасына келеміз.
№1 есеп а)
І топ. Тік төртбұрыштың ауданын қалай табамыз ?
ІІ топ. Тік төртбұрыштың периметрін қалай табамыз ?
S=2м3дм5см 4м8дм9см = 114915см2
S= 5дм3см7мм 6дм2см5мм = 335629мм2
ә) тапсырма
S – қашықтық.
V – жылдамдық.
t – уақыт.
s = vt t = s : v v = s : t
S = 28000м/сағ 12сағ = 336км
t = 980000км : 28000км/сағ = 35сағ.
V = 700000м : 25сағ = 28км/сағ
№ 2 Юпитер планетасы
11086 : Х = 398 27 – 10700
11086 : Х = 46
Х = 11086 : 46
Х = 241
11086 : 241 = 398 27 – 10700
46 = 46
11458 : (979 – Х) = (3843-800) : 179
11458 : (979 – Х) = 17
979 – Х = 11458 : 17
979 – Х = 674
Х = 979 – 674
Х = 305
11458 : (979 – Х) = (3843 – 800) : 179
17 = 17
№ 3 «Кім шапшаң» Марс планетасы
365 400км : 5км/сағ = 73080км
365 400км : 40 600км/сағ = 5км
365 400км : 900км/сағ = 406
365 400км : 20300км/сағ = 16
Топ басшылары ауызша орындау
6км 820м : 2 = 3м410м
3410 388 = 1323080м
200 17 = 3400
17 – 10 = 170 рет
№4 Уран планетасы
а) Есептеулерді жазбаша орында және оны қанша уақытта орындағаныңды сағатпен тексер.
785 405 – 226688 : 736 = 317617
№5 «Күн» планетасы Өз бетімен жұмыс
Сабақты қорытындылау
Оқушылар есептерді ауызша, жазбаша есептеу тәсілдерін оқып үйрендік. Сол тәсілдерді қаншалықты жақсы игергенімізбен есептеулер жүргізуге біршама уақыт жұмсауға тура келеді. Қазіргі уақытта уақытты үнемдеу үшін калькулятордың сан алуан түрлері пайдаланылады. Калькулятор көп таңбалы сандармен әр түрлі амалдарды тез әрі жеңіл орындауға мүмкіндік беретін өте қуатты элетр есептеуіш құрал.
Көкке ұшамын
Ұшқыш болар баламын
Соңына ерем Тоқтардай ағаның
Батыр болам
Көк аспанды сүйемін
Жұлдыздарға барып келіп жүремін.
50 жыл
20жыл
Ән: Қазағым менің
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 5.77 Mb |
Количество скачиваний: | 6 |