Мүмкіндігі шектеулі ОҚУШЫЛАРДЫҢ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІнің маңызы.(МҮМКІНШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ ОҚУШЫЛАРМЕН ЖҰМЫС)

Предмет: Физкультура
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:
Мүмкіндігі шектеулі ОҚУШЫЛАРДЫҢ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІнің маңызы Қазіргі кезеңдегі қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуында орын алып отырған қиындықтарға қарамастан салауатты өмір сүрудің мемлекеттік жүйесі түпкілікті, жалпы азаматтық-рухани байлықтарға негізделуі тиіс.Ол жеке бастың үйлесіміді дамуына, денсаулықты нығайтуға адамдардың тіршілік үшін белсенділігін арттыруға ықпал жасауды өзінің басты мақсаты етіп алуы тиіс.Бүгінuі таңда Қазақстанда күн тәртібінде тұрған әлеуметтік маңызы зор мәселенің бірі ұлттың денсаулығы.Арнайы зерттеулерге сүйенсек Республика көлемінде халықтың 80 пайызы әр түрлі ауруларға шалдыққан. Егеменді ел болғаннан бері қарай да ересек адамдардың өзі де шылым шегу, есірткі пайдалану, ішімдік ішу сияқты зиянды  әрекетерден арыла алмай отыр. Яғни өз өмірлеріне саналы түрде денсаулықтарын құртуға уақытынан бұрын жол беруде. Келесі бір мәселе адам баласының өз қолымен жасаған табиғат апаттары. Мектеп жасына дейінгі балалар жүреді, ойнайды әйтеуір қозғлыстан қол үзбейді . Ұйқысы қанып  орынан тұрғаннан кейін кешке төсегіне жатқанға дейін бала жиынтығы 6 сағаттан артық уақыт бойында қозғалыста болады екен. Ал мектеп табалдырығын аттаған сағаттан бастап осы балалардың жүрісі-тұрысы, қозғалысы таза ауада болатын уақыта шамамен 50 % қысқарады екен. Баршамызға белгілі республика көлемінде  бүгінгі мектеп оқушыларының 60%-ның организімінде дімкесі бар. Сабақ беретін сыныптарда мүмкіндігі шектеулі оқушылар кездеседі. Осы бағытта мен жұмыс жасау үшін алдыма мынадай мақсаттар қойдым. 1.жеке тұлға ретінде қалыптастыру. 2. салауатты өмір салын қалыптастыру . 3. Дене тәрбиесі сабағына қатыстыру . 4. Дене бітімін жетілдіру, дамыту, тәрбиелеу. Әрбір ұстаз ең бірінші бала жүрегіне жол табуы, әр баланың бойындағы қабілетін тану, оны әрі қарай дамыту үшін еңбек етеді.Әр оқушының жетістігі мұғалімнің сол оқушыға деген сенім артуында, оның табандылығы мен шыдамдылығына дер кезінде көмекке келуімен тікелей байланысты. Егеменді еліміздің туын көкке көтеретін әрине келешек ұрпақ десек онда білім беру жүйесінде еліміздің өсіп өркендеуіне, заман талабына сай жауапкершілгі жоғары, рухани адамгершілік қасиеттерін қалыптасырған, салауатты өмір салтын саналы түрде таңдаған өркенеттегі ұрпақ таңдау кезек күттірмейтін мәселелердің бірі. Сол себептен мектептегі дене тәрбиесінің маңызы мен міндеттері үш бағытта жүргізіледі. 1.Сауықтыру 2. Тәрбиелеу. 3.Білім беру . Дененің дамуы дегеніміз –адам организімінің қызмет мен формалары өзгеріп, жетіліп отыруы. Адам денесінің дамуына биологиялық, әлеуметтік-экономикалық, географиялық жағдайлар әсер етеді. Мысалы:балалар ата-анасының дене бітімінің ұқсап (тұқым қуалаушылық ) өседі деген түсінік қалыптасқан . Ауа-райының  жағдайы дененің дамуын тікелей әсер береді. Әлеуметтік  жағдайда тұрмыстық жағдай, еңбек ету, дене тәрбиесі және жалпы тәрбие мазмұны жатады.  Медициналық дайындық топтарындағы оқушылар денсаулығының қалыпты жағдайдан ауыстыруына және жеткіліксіз дене дайындығына байланысты сабақта негізгі топтармен бірге шұғылданады және бірегей бағдарламаны игереді. Жоғары жүктемеге байланысты қозғалыс әрекетін үйрену кезінде олардан бағдарлама бойынша жаттығуларды орындауы талап ету төменірек болады. Жаттығудың мөлшер өлшемін көрсету немесе бір жаттығуларды екіншісімен ауыстру тікелей сабақ барысында да, мұғалім алдын-ала дайындаған тапсырма түрінде де беріледі.  .Жылдамдық күш-сипаттағы және төзімділікке берілген жаттығуларға барынша шектеу қойылады. Өзім сабақ беретін 5-11 сыныптар арасында денсауығына байланысты сабақтан босатылған оқушылар бар . Атап айтатын болсам: Бекембаева Г, Әлмуханов М, Айтуғанова А, Бекпейісов М. Шілман А. Оқушылардың әр сыныпта, әр кезекте оқуына байланысты әр оқушымен бөлек жұмыс жасадым. Ең бірінші әр оқушының дәрігер қойған медициналық анықтамасымен, қойған диагнозымен мұқият таныстым. Метеп аяжандарымен тікелей байланыста болып жұмыс жүргіздім.  Күнделікті сабақта әр оқушының жасына, сырқатына байланысты дене жаттығуларын жасадым7.Шілман Айдана 11 «б» сыныбында оқиды. Бұл қызға да 5 сыныптан сабақ беремін. Сырқаты көзі алыстан көрмейді. Айдана қазір жүктемесі төмендетіліп алынған тапсырмамен жұмыс жасайды. Спорттық ойындарға белсене араласады, қысқа қашықтыққа жүгіруде жақсы нәтижеге ие Қорыта келе мен мынадай ұсыныстар айтқым келеді. Арнайы медицинлық топтағылармен шұғылдану  сабағында әртүрлі диагнозы бар және жүктемелерге әртүрлі бейімделетін әрбір оқушыға ерекше сеімталдықпен, сақтық қарым-қатыныста болу керек, мектептен тыс іс-шараларға қатыстыру, әрбір оқушыға дәрігердің қойған диагнозын, кеңесін дене тәрбиесі мұғалімі жақсы білу керек.  
Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 56.5 Kb
Количество скачиваний: 10
Просмотров: 174

Похожие материалы