Дене тәрбиесі мәдениеті

Предмет: Физкультура
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:
«Он екі мүшең сау болса,жарлымын деме, жанында жарық болса, зарлымын деме , - деген халықтың қанатты сөзі қанша ғасыр өтсе де өз құндылығын жоғалтқан емес. Өйткені осы бір ауыз сөз адам тәнінің байлығын ешнәрсеге теңестіруге болмайтынын түсіндіріп, санаңа ой қосады, дененің саулығы – жаныңның саулығы екенін ұғындырады.        Мен – дене тәрбиесі мұғалімімін.Адамның дене бітімінің сұлулығы мен ішкі жан сұлулығының үндесіп тұруын ұнатамын.Сондықтан да екі жақты үйлесімділіктің жолын іздеп, еңбектенемін. Денені жетілдіру – жеке тұлғаның мінез – құлқын, ой – өрісін, сұлулық талғамын жетілдіру екенін ғұлама ғалымдардың еңбектерін оқып, сан рет толғанысқа түстім. Өз тәжірибемді жетілдіру барысында қиындықтар мен қуаныштарға кездестім Өз өмірімді саналы, жүзі жарқын, дені сау ұрпақтың тәрбиесіне арнадым.        Әр заманның өзіне тән экономикалық , саяси әлеуметтік және идеологиялық ерекшеліктер болатыны белгілі. Сондықтан бүгінгі күннің де ұрпақ тәрбиесіне қойылып отырған талабы ерекше. Өйткені: «Ұрпақ тәрбиесі-ұлт болашағы». Елдің ертеңін дұрыс тәрбиелеу жауапкершілігі біздің парасаттылығымыз бен адалдығымызға жүктелуде. Ол үшін мұғалім де ізденіс арқасында тәжірибесін шыңдай түседі, өз алдына міндеттер қояды.      Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру , мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» жолдауында балалық шақтан бастап дене шынықтыру мен спорттық даярлауға және оған қолайлы мүмкіндіктер  туғызуға ерекше ден қойылуы керектігі айтылған.Бүгінгі таңдағы әрбір адамның салауатты өмір салтын ұстануына қолдау көрсету, ой-өрісі жоғары азаматтың міндеті болмақ.     Дене тәрбиелеу мәдениеті жайында ой қозғайтын болсақ, адам бойындағы құны жетпес бағалы байлық. Өйткені дене шынықтыру мен спорт денсаулығыңды нығайтады,  рухыңды күшейтеді, ой-еңбегін де дамытады, сезіміңді жетілдіреді, сұлулыққа тәрбиелейді, тазалыққа баулиды. Адам бойындағы жақсы қасиеттердің көзін ашып, ой-өрісін қиялға шарықтатады. Дене тәрбиесіндегі қимыл-қозғалыс пен жаттығулар- жас жеткіншіктерді жігерлікке, батылдыққа, ептілікке баулиды.Сондай-ақ, тазалыққа  үйрету, сергек демалу, бой жазу, ой-еңбегі барысындағы шаршағанды басу, сарп еткен күш қайратты толықтыра білу сияқты сабақтар жан жақты азамат қалыптастыруға ықпал етеді.       Әр дамыған елдің бүгінгі алдына қойған басты мақсаты – халықтың денсаулығын жақсартуды қамтамасыз ету болып табылады. Сондықтан да дене тәрбиесі мен спорттың маңызын арттыру , елімізде сауықтыру жұмыстарының әдістерін жетілдіруді әрқашан талапқа сай орындауымыз қажет.Сондай мүмкінліктердің бірі –баланы жастайынан қазақтың ұлттық
Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 21.15 Kb
Количество скачиваний: 23
Просмотров: 116

Похожие материалы