Модель түсігі
Предмет: | Информатика |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Рыскалиеа Акжунис Маханбетовна
|
Модель түсінігі.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды модельдеудің қажеттілігін, оның пайдасын түсіндіру, модель түрлерімен таныстыру, логикалық ой–өрістерін, білім–білік дағдыларын қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушыларға модельдер және модельдеу туралы түсінік бере отырып, оқушылардың танымдық қызығушылығын, шығармашылық қабілеттерін, жігерін, көңіл-күйін, тілі, жадысы, ынтасы, қиялы мен қабылдауы, қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақылыққа, нақтылыққа, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: теориялық сабақ
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту сабағы
Сабақ әдісі: түсіндіру, демонстрация, репродуктивтік
Сабақта қолданылатын көрнекі құралдар мен техникалық жабдықтар: интерактивті тақта, бейне көрініс, электрондық оқулық /9-сынып/, еңбек құралдары, презентация, тірек-сызбалар
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
- сәлемдесу, түгендеу, оқу құралдарын түгендеу, сабаққа назарларын аудару;
ІІ. Жаңа сабаққа кіріспе
«ЕХРО- 2017» 3D форматындағы макетін бейне көрініс арқылы көрсету;
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру
Модель түрлері
Модельдерді қасиеттеріне қарай мынандай топтарға жіктейді:
1. Қолданылу аймағы
2. Модельде уақыт факторын ескеру
3. Білім саласына қарай топтау
4. Модельді көрсету тәсіліне қарай топтау
Қолданылу аймағына қарай модель жіктеледі:
Оқу моделі - көрнекті оқу құралы, әр түрлі машықтандыруды, үйретуші программалар түрінде болуы мүмкін.
Тәжірибелік модель – жобалау объектісінің кішірейтілген немесе өте майда оюъектілер үшін олардың үлкейтілген көшірмесі болып табылады. Бұл модельдер – объектіні зерттеу, қасиеттерін болжау, зерттеу мақсатында қолданылады.
Ғылыми – техникалық модельдер – процестер мен құбылыстарды зерттеу мақсатында құрылады.
Ойын моделдеріне – әскери, экономикалық, спорттық ойындар жатады.
Имитациялық модель – шын мәніндегі нақты объектін өте жоғары дәлдікпен бейнелей алады.
Модельді уақыт факторына байланысты динамикалық және статистикалық деп екі топқа жіктеуге болады.
Статистикалық модель деп объект жөнінде алынған ақпараттың белгілі бір уақыт бөлігіндегі үзіндісін айтуға болады. Мысалы тіс емханасында дәл сол уақыт мезетіндегі оқушылардың тістерінің жағдайы туралы мәлімет береді:бастауыш сыныптағылардың сүт тісі, орта және жоғарғы буындағы оқушылардың емделген, емделуге тиісті тістерінің саны т.б.
Динамикалық модель – уақыт барысындағы объектінің қасиеттерін өзгерісін көрсету мүмкіндігін береді. Мысалы, жеке оқушының емханадағы түбіртек кітапшасын динамикалық модель деп айтуға болады. Өйткені осы кітапша бойынша жыл сайын олардың денсаулығындағы болып жатқан өзгерістерді анықтау мүмкіндігі бар.
Үй салу кезінде оның іргетасының қабырғалары мен тіреулерінің үнемі түсіп тұратын күшке шыдамдылығын тексеру керек. Бұл – үйдің статистикалық моделі. Сондай – ақ дауылға, жер сілкінісіне т.б. уақыт факторларына байланысты болатын өзгерістерді де ескеру қажет. Бұл мәселелерді динамикалық модельге сүйене отырып анықтауға болады.
Модельдерді көрсетілу әдісіне қарай топтау:
Материалдық модельді басқа сөзбен заттық немесе физикалық деп айтуға да болады. Олар түпнұсқаның геометриялық және физикалық қасиеттерін көрсетеді. Материалдық модельдердің қарапайым мысалдарына балалар ойыншықтарын алуға болады.
Ақпараттық модельді қолмен ұстап, көзбен көре алмаймыз. Себебі, олар тек ақпараттарға ғана құрылады. Мұндай модельдер қоршаған ортаны ақпараттық жағынан зерттеуге мүмеіндік береді.
Ақпараттық модель дегеніміз – объектіні, процестің, құбылыстың қасиеттері мен күйін сипаттайтын ақпарат жиынтығы және сыртқы әлеммен өзара байланыс болып табылады.
Таңбалық және вербальдық ақпараттық модельдер
Вербальдық модель дегеніміз – ойша немесе әңгіме түрінде жасалған ақпараттық модель.
Таңбалық модель деп арнайы таңбалармен, яғни кез келген жасанды тіл құралдарымен көрсетілген ақпараттық модельді айтады.
Көрсету түріне қарай ақпараттық моделді мынадай топтарға жіктеуге болады:
Геометриялық модель – графикалық пішіндер мен көлемді конструкциялар.
Ауызша модель – иллюстрацияны пайдаланып, ауызша және жазбаша сипаттаулар.
Математикалық модель–объект немесе процестің әр түрлі параметрлерінің байланысын көрсететін математикалық формулалар.
Құрылымдық модельдер – схема, графиктер мен кестелер т.б.
Логикалық модель – ой қорытындысы мен шарттарды талдау негізге алынған іс – әрекеттерді таңдаудың әр түрлі нұсқалары көрсетілген модельдер.
Арнайы модельдер – ноталар, химиялық формулалар.
Компьютерлік және компьютерлік емес модельдер
Тарату тәсіліне қарай модельдер компьютерлік және компьютерлік емес болып бөлінеді.
Компьютерлік модель деп программалық орта іске асатын модельдерді айтады.
Кез келген жұмысты қолға алмас бұрын, берілгені мен соңғы нәтиже және орындалатын іс – әрекет кезеңдерін айқындап алу қажет. Модельдеу кезінде бастапқы зерттелетін объект – прототип болады. Ол шын мәнінде бар немесе жобаланатынын объект(процесс) болуы мүмкін.
Модельдеудің соңғы кезеңі шешім қабылдау болып табылады. Күнделікті тұрмыста адам әр түрлі шешім қабылдайды. Демек, модельдеу арқылы зерттелген модельдің жаңа объектісін құруға, бар объектіні жақсартуға немесе қосымша ақпарат алуға болады.
Модельдеудің енгізгі кезеңдері есептің қойылу шарты мен мақсатына қарай анықталады. Модельдеудің жалпы кезеңдерін келесі төменнен көруге болады. Бірақ, модельдеу шығармашылық процесс болғандықтан, бұл кезеңдердің кейбір блоктары болмауы немесе жақсартылуы, ал бірқатары толықтырылуы мүмкін.
Кітаппен және дәптермен жұмыс: Модельдерді қасиеттеріне қарай топтарға жіктелуін жазу
Электрондық оқулықтан білім саласы бойынша модельдердің түрлеріне ақпарат тыңдату.
ІV. Жаңа материалды түсінгенін тексеру кезеңі
1-қатар: жүйелік қорап макетін жасау
2-қатар: монитор макетін жасау
3-қатар: пернетақта мен тышқан макетін жасау
V. Жаңа материалды бекіту, оқушылар білімін бағалау кезеңі
тапсырмаларды орындату.
VI. Үй тапсырмасы:
Оқулықтан 9.1, 9.2, 9.3 тақырыптарын оқып келу және материалдық модель макетін жасау /еркін тақырыпта/.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 22.23 Kb |
Количество скачиваний: | 9 |