"Молекулалы-кинетикалық теорияның негізгі қағидалары" тақырыбына презентация

Предмет: Физика
Категория материала: Презентации
Автор:

Сабақ жоспары

Сыныбы: 10 а,ә

Сабақтың тақырыбы:Молекула-кинетикалық теорияның негізгі қағидалары мен тәжірибелік дәлелдемелері. Молекулалардың өзара әрекеттесу күші.

Сабақ жоспары:

Білімділік: Макроскопиялық денелердің қасиеттерін және оларда болып жататын жылулық процестерді түсіну.

Дамытушылық:Оқушылардың қызығушылық және ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Үйрене отырып, көргенді есте сақтауды, өз бетімен еңбектене алатындай ерік–жігер, өзіне сенімділікті қалыптастыру.
Сабақ түрі: ашық сабақ

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, физикалық диктант.

Сабақ көрнекілігі: слайд, оқулық

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру бөлімі

Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру, сабаққа дайындығына назар аудару.

II. Өткен тарау бойынша қайталау сұрақтары

  • 1.Бізді қоршаған орта(материя)
  • 2.Материяның түрлерін ата (зат және өріс)
  • 3.Еркін түсу дегеніміз не? (ауырлық күшінің әрекетінен болатын қозғалыс)
  • 4.Еркін түсу үдеуінің мәні неше? (9,8 н/е10)
  • 5.Қозғалыстың шапшаңдығын және бағытын сипаттайтын физикалық, векторлық шама (жылдамдық)
  • 6.Нүктенің шеңбер бойымен бір айналым жасауға кеткен уақыты(период)
  • 7.Центрге тартқыш үдеу қалай бағытталады? (центрге қарай)
  • 8.Период қандай әріппен белгіленеді? (Т)
  • 9.Ньютонның бірінші заңын ата(Егер денеге басқа денелер әрекет етпесе онда ол өзінің тыныштық қалпын сақтайды н/е бірқалыпты түзусызықты қозғалыста болады.)
  • 10. Бүкіләлемдік тартылыс заңын тұжырымда (Екі нүктелік дене арасындағы өзара әрекеттесу күші олардың массаларының көбейтіндісіне тура пропорционал, ал арақашықтығының квадратына кері пропорционал)
  • 11.Ағын түтігі дегеніміз не?(ағын сызықтарымен шектелген сұйық бөлігі)
  • 12. Ағын сызықтары дегеніміз не? (нүктелердегі сұйық жылдамдықтарының бағытымен бірдей түсетін сызықтарды атайды)

III. Жаңа сабақ

Термодинамикалық: Денелердің молекулалық құрылымы ескерілмей, энергетикалық түрленулердің негізінде жылулық құбылыстарды зерттейтін физиканың бөлімі.

Молекулалы-кинетикалық: Жылулық құбылыстарды қозғалыстары Ньютон заңдарына бағынатын молекулалар мен атомдардан тұрады деген болжам негізінде қарастырады.

Молекула өлшемі: Май қабатының көлемі V оның S ауданын қалыңдығы d-ге көбейткенгетең, яғни: V=Sd

Молекула саны


Мысалы судың массасы 1 г, көлемі 1 см3 деп алып, осы тамшыдағы молекулалар санын анықтаймыз.


Тамшының көлемін молекуланың көлеміне бөліп, молекула санын анықтаймыз.

Салыстырмалы молекулалық масса Мr -деп берілген зат молекуласы массасының көміртек атомы массасының 1/12 бөлігінен қанша есе артық екенін көрсететін физикалық шаманы айтады.
Мысалы, көмірқышқыл газы СО2 -нің салыстырмалы молекулалық массасы шамамен 44-ке тең, өйткені көміртегінің салыстырмалы атомдық массасы -12-ге, ал оттегінікі шамамен 16-ға тең, сонда 12+2*16=44

Зат мөлшері ν дегеніміз- берілген денедегі молекулалар саны 12г көміртектегі атомдар санынан қанша есе артық болатынын көрсететін физикалық шама:

ν=N/NА
зат мөлшерін мольмен өлшейді.
NА -Авогадро тұрақтысы.
NА=6,02*1023моль-1

IV. Тақырып бойынша бекіту сұрақтары

Физикалық диктант

Физикалық диктант (интерактивті тақтада жазылады.)

1.Табиғатта кездесетін кез-келген дене қатты, ……., газ түрінде болады.

2.Барлық денелер тұтас емес, олар өте ұсақ бөлшектерден- ……… тұрады

3.Бар заттың молекулалардың екінші заттың молекулааралық кеңістігіне еніп кетуі ……. деп аталады.

Үй тапсырмасы: 4.1, 4.2, 4.3 8-жаттығу (2,3,4)

Бағалау

Тип материала: Презентация Power Point (pptx)
Размер: 7.03 Mb
Количество скачиваний: 77
Просмотров: 553

Похожие материалы