Мәтінді құру. Кестелер, суреттер, бейне, дыбыс кірістіру. Анимация әсерлерін баптау.
Предмет: | Информатика |
---|---|
Категория материала: | Презентации |
Автор: |
Тенсел Умиткер Тенсел
|
Сабақ жоспары
Сабақ жүргізген мұғалімнің аты-жөні
Теңсел Үміткер
7 сынып
Балуан Шолақ атындағы мектеп-лицей
№46 сабақ
26-дәрісхана
Сабақтың атауы
Мәтінді құру. Кестелер, суреттер, бейне, дыбыс кірістіру. Анимация әсерлерін баптау.
Сілтеме
Оқулық, слайд, интернет беттері, интерактивті тақта, компьютер
Жалпы мақсаты
Презентацияға суреттер, бейне, дыбыс кірістіру жолдарын үйрету, оқушы алған білімі өзінің дамуына әсер ету, өмірде, достарымен қарым-қатынаста қолдана алу, ой-өрісін дамыту.
Міндеттері
а) Презентация туралы білімнің алғашқы негізін қалау;
ә) Оқушылардың бірін-бірі оқыту арқылы аталған тақырыпты меңгеріп шығу, сыни тұрғыдан ойлау арқылы әр оқушыны қамтуға жағдай жасау;
б) Жаңа сабаққа белгілі бір ой қорытындылар жасау
Сабақта туындаған негізгі идеялар
Оқушының өмірдегі білімі мен білетіне сүйену, жаңа теориялық ақпаратты беру арқылы оқушыға жаңа ойлау дағдысын, мәнерін, амалдарын қалыптастыруға ықпал жасау.
Күтілетін нәтиже
- сабақта өздерін еркін ұстау, көңіл күйін басқара алу, белсенділік таныту
- нақты ойын жеткізе алу
- теорияны практикамен ұштастыра білу
- бірін-бірі бағалаудағы әділдік
Тапсырмалар
- жеке жұмыс, топтық жұмыс
Сабақтың жүрілуі бойынша мұғалімнің жазбалары
а) сыныпта атмосфералық ынтымақтастықты қалыптастыру
ә) Оқушылар үш немесе төрт адамнан тұратын топқа бөлу
б) бағалау парағы бойынша түсініктер жүргізу
СТО сұрақтары
Сабақ барысында жасаған мұғалім мен оқушының іс-әрекеті
Сабақтың маңыздылығы не?
-оқушылар не алады?
-бұрынғы білімін қалай пайдалана алады?
-өмірден алған тәжірибесінің әсері?
-сабақтың болашақта оқушыға қандай пайдасы бар?
- оқушыларды ой қозғау арқылы тақырыпқа әкелу
- тақырып жайлы бұрынғы білетіндерін анықтау, соған сүйену жолдарын табу
- тәжірибені теориямен байланыстыра алады
Сын тұрғысынан ойлау үшін мүмкіндіктер
-еркін ойлауға қандай мүмкіндіктер жасалды?
-өздігінен ізденуге қандай мүмкіндіктер жасалады?
І. Қызығушылығын ояту
Үй тапсырмасын қайталау негізінде «Он сұрақ» әдісін пайланамын.
Мұғалім бір оқушыны таңдап алады және оның маңдайына негізгі сөз жазылған стикерді жапсырады – қатысушы сыныпқа 10 сұрақ қоя алады, оған жауап не ИӘ, не ЖОҚ деп беріледі.
1. Бұл Microsoft Office пакетінде орналасқан – ИӘ
2. Бұнда тек қана жазулар жазуға болады - ЖОҚ
3. Бұл бағдарламада шағын жоба дайындауға болады – ИӘ
4. Бұнда суреттер, кестелер қосуға болады – ИӘ
5. Бұл бағдарлама компьютерде жұмыс істеуге арналмаған – ЖОҚ
6. Мұнда 5 негізі режимді көруге болады – ИӘ
7. Мұның негізгі міндеті көрмелерді жоспарлау, жасау, өңдеу – ИӘ
8. Бұл бағдарламаның бізге қажеті жоқ – ЖОҚ
9. Мұнда фонды өзгертуге болмайды – ЖОҚ
10. Бұл бағдарлама бізге ұнайды – ИӘ
Мағынаны ажыра-ту сатысы (жаңа ақпарат)
-оқушыларды белсене қатыстыру
-стратегияларды жүйелі қолдану арқылы оқушылардың жұмысын ұйымдастыру (сауал қоя білу, талдау жасай білу, баяндау және қызу ой талқысын жасай білу қабілеттерін жетілдіру жолдарын беру)
-оқушылармен бірлесіп жұмыс жасау, қарым-қатынас шеберлігін ұтымды пайдалана білу
-оқулықтан басқа ақпараттар көзін ашу
ІІ. Мағынаны тану
Әр топтарға жаңа тақырыпты беру және жұмыстарын таныстыру
1. Ассоциация (топтастыру)
2. Ребус құрастыру
3. Сұхбат
4. Сөзжұмбақ
5. Ыстық орындық
6. Синквейн (бес жолды өлең)
Сергіту сәті
Толғаныс (рефлексия)
-сабақта үйренгендерін бекіту, қолдану жолдарын беру
-жаңадан үйренгенін пайдалана отырып, білімін жүйелеу, жауап шешімі осыған байланысты жұмыстар беру арқылы түсінік деңгейін тексеру
ІІІ. Ой қорытынды
1. Жұмыстарын постерге түсіру
2. Қорғау
Бағалау (түрлері)
-оқушының өзін-өзі бағалауы
-топтың өзін-өзі бағалауы
-мұғалімнің бағалауы
-жалпы бағалау
-критерийлер арқылы бағалау
Бағалау парағы
Әр оқушының жұмысын мұғалім өзі ұпай қою арқылы бағалайды
№
Оқушының аты
Тапсырма-лар
1-10ұпай
Топтағы белсенділігі
(1-5 ұпай)
Көшбасшы бола білуі
(1-5 ұпай)
Тақырыпты түсінуі
(1-5 ұпай)
Қорытынды
(20-25 – ұпай «5»;
15-19 ұпай – «4»;
10-14 ұпай – «3»)
Сабақты аяқтау түрлері
-бір пікірге келу...
-өз пікірін дәлелдеу...
-үйде жалғастыру...
Үй тапсырмасы:
А) Тақырыпты оқу
Ә) Шағын жоба дайындау. Ұсынылатын тақырыптар:
1. Компьютер
2. Компакт диск
3. Оқулықтар
4. Ұялы телефон
5. Теледидар
Кері байланыс
Бүгінгі сабақтағы көңіл-күйін стикерге смайликтер салу арқылы көрсету
Тип материала: | Презентация Power Point (ppt) |
---|---|
Размер: | 556 Kb |
Количество скачиваний: | 13 |