«қазақстан жалауы» атты ән орындалады (оқушылар екі екіден қол ұстасып кіреді)
-Сәлеметсіздерме, балалар! Көңіл күйлеріңіз қалай? Демалыс күндерін қалай өтті? Бүгінгі музыка сабағын мен жүргіземін. Менің атым жөнім Айгерім Макаршарифқызы.
Сабақты мынандай өлең жолдарынан бастайын:
Ал қанекей, балалар,
Сәлемдесіп алайық
Сабағымызға керекті
Кітап-дәптер алайық
Дауысымызды жаттықтырып
Ән сабағын бастайық.
-балалар, жаңа сендер қандай өлеңмен кірдіңдер? Қандай әсер алдыңдар? Көңілдерін көтерілдіме? Несімен ұнады?
-Ал енді, балалар қазір біз саяхатқа шығамыз. Жалпы сендер саяхаттағанды ұнатасындар ма? Немен саяхатқа шығасыңдар?
-иә балалар дұрыс айтасыңдар. Ендеше біз бүгін поездбен шығамыз. Қанекей балалар поездын дауысын салып көрейік. Ең алдымен мен сендерді 3 топқа бөлем:
1-топ(1қатар)- ақырын айтасыңдар
2-топ(2қатар)-орташа темппен
3-топ(3қатар)-тез-тез айтасыңдар
-бәрекелді балалар, біз «сыбызғы» аялдамасынада келдік. Ендеше ноутбукка назар аударайық. (сыбызғы жайлы видеоролик көрсету 4,30мин)
-мына виеороликте не жайлы айтты? Жалпы сыбызғы аспабын көрген оқушылар бар ма? Немесе әуенін естіген оқушылар бар ма?
Міне балаллар мынау сыбызғы аспабы.(көрсету)
Үрмелі аспаптар арасында сыбызғы - халық үшін ең сүйікті аспап болып табылады. Сыбызғы- қурайдан, ағаш, мыстан, кейде жезден, шыбықтан немесе басқа да сондай ағаштан жасалады(тақтадан суреттерін көрсету)
-ендеше бәріміз сыбызғының үнін тыңдайық. Ол үшін назарларың ноутбукта болсын(видеоролик 3мин)
-сонымен, балалар, біз жаңа қандай ұлттық аспап туралы айттық? Неге сыбызғыны үрмелі аспап дейді екенбіз? Сыбызғы не ден жасалады? Дауысы қалай шығады? Неге ұқсайды?