Музыка пәнінен сабақ жоспарлары

Предмет: Другое
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

Жинаққа музыка пәнінен 1,2,3,4,5,6 сыныптардың жаңа бағдарлама бойынша жасалған сабақ жоспарлары еңгізілген.Музыка пәні мұғалімдеріне көмек болса деп ойлаймын

Бізге білгілі бір тектес аспаптар өз ара ұқсас болғанымен, олардың жасалуында бірқатар айырмашылықтар бар. Сібір халықтары: алтайлықтар, хакастар, тувалықтар, тофылар,шорцылар өз музыкалық аспаптарының бұрынғы құрылысын өзгертпей, сол күйі сақтаған. Әр түрлі халықтардың бір тектес аспаптарын зерттегенде  оның  эволюциялық дамуының кейбір жақтарын анғаруға болады.

         Үрлеп және ұрып ойналатын аспаптар ерте заманда адамдардың бір-біріне дыбыс беруі үшін немесе аң мен құстың дауысын салу үшін пайдаланылғаны ешқандай дау туғызбаса керек. Мұндай аспаптарды біздің  арғы аталарымыз жорыққа шыққандарында, аң аулағанда өздерімен бірге ала жүрген, сондай-ақ діни салт-жораларда, бекзадалардың сауық-сайранында пайдаланған. Әсіресе, дабыл қағуға өте қажет болғандықтан көне аспаптардың үрлеп тартылатын және мембраналық ұрып ойналатын түрлері өте көп болған, өйткені, бұлардың даусы қатты шығады. Ал, кейін келе сирек қолданылатын болғандықтан осы айтылған аспаптардың кейбір түрлері мүлде ұмыт қалдырылған. Көне аспаптардың бір қатары ән мен жырды сүйемелдеу үшін пайдаланылған.

         Тунур, орба сияқты аспаптар Сібірді  мекендейтін түркі тілдес халықтарда бақсылар арасында ғана сақталған.Ежелгі  тайпалардың негізінен аңшылықпен айналысқаны белгілі. Олар аңға шыққанда пырғы, амырғы, авырғы, эдиски, сымысха, хомыс және басқа аспаптарды пайдаланған. Бұл аспаптар алтайлықтарда, хакастар мен тувалықтарда күні бүгінге дейін сақталып отыр, өйткені оларда аңшылықпен айналысу кәсібі қазір де экономикалық маңызды саласы болап табылады.

Тип материала: Архив RAR (rar)
Размер: 3.85 Mb
Количество скачиваний: 2
Просмотров: 109

Похожие материалы