Музыкалық дидактикалық ойындар жиынтығы

Предмет: Музыка
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

 

 

Музыкалық

дидактикалық ойындар

 

 

 

Музыкалық дидактикалық ойындардың бірнеше түрлері бар:

 

 1.Дыбыс биіктігін естуге арналған музыкалық – дидактикалық  ойындар

 2.Ырғақ сезімдерін дамытуға арналған ойындар.

 3.Диатоникалық естуге арналған ойындар.

 4.Тембрлік естуге арналған ойындар.

 5.Есте сақтау және естуге арналған ойындар.

 6.Музыкалық бейнені, қиял мен шығармашылық қабілеттерін ажыратуға арналған ойындар.

 

   Түрлі сипаттағы музыкамен байланысты музыкалық – ойындарды ойнағанда: байсалды, асықпай және көңілді, шаттанған көңілді жеткізуге талпындырады. Балалардың ой-өрісін, есте сақтау, қабылдау, орындаушылық қабілеттерін арттырады және де музыкаға деген қызығушылықтарын оятады.

    Әр ойынды ойнағанда әр баланың шығармашылық бастамасын, ойынды өз бетінше құру және ойлаған ойын іске асыру, өзін ойын желісі мен ережесін сәйкес ұстау қасиетін қалыптастырады. Ойын құру үдерісінде жолдастарына тілектестік қарым-қатынасын, олармен санаса білуді, қиын жағдайларда көмекке келуді, ойын материалын қолдануда келісім жасауды, дауларды әділ шешуді қалыптастырады.Ән-күй сабағында музыкалық дидактикалық ойындарды қолданудың мәні өте зор. Әнді орындағанда ойнап айтуға болады. Мысалы, екінші сәби топтарында әнді тірек сызба арқылы және де әнге сәйкес қимыл-қозғалыстар жасап орындауға болады, осы сәтте балалардың ой-өрісі дамып әнді тез жаттап алуларына мүмкіндік тудырады.Осы музыкалық дидактикалық ойындарды ән-күй сабағында, топта, серуенде, үйде  ойнауға болады.

 

 

Мысалы:

 

«Аңшы мен қояндар»

Ойын шарты: Бір - бір сәбіз ұстаған қояндар музыкамен жерге жатып аунап, аяқтарын тыпырлатып  немесе би қимылдарын жасап секіреді. Сәбіз ұрлап жатқан қояндарды аңшы көріп қалып. Пух! "Пух" -  деп атады. Қояндар орындарынан тұрып, жан - жаққа қашады. Музыка тоқтағанда тырп етпей отыра, не жата қалады. Қозғалған қоян айыпты болып, ән немесе би билейді.

 

«Сылдырмақ»

Ойын шарты: Музыка жетекшісі бөлменің ішінде сылдырмақты сылдырлатып, тығып қояды ал балалар сылдырмақтың үнін естіп тауып алулары керек.

 

 

 

Үш гүл

Әуеннің көңіл күйін ажыратып білу қабілетін дамытуға арналғандидактикалық ойын.

Ойын құралдары

Көрнекілік:картоннан жасалынған үш гүл (гүлдің ортасында көңілді, көңілсіз және ұйықтап жатқан «тұлғаның» суреті салынған), әуеннің үш көңіл күйін көрсетіп жатады.

1.   Жәй әуен, Көңілсіз әуен, Көңілді әуен

Гүлдердің орына үш күннің көзін немесе үш бұлтты істеп алуға болады.

Таратылатыны: Әр балаға әуеннің көңіл күйін білдірітен бір гүлден беріледі.

ОЙЫН ШАРТЫ

1.  Музыка жетекшісі музыкалық шығарманы ойнайды. Бір бала шығып әуеннің көңіл күйіне сай гүлді алып шығады. Егер де балаға музыкалық шығарма таныс болса, ол бала шығарманы атын және де композиторын атайды.

2.   Әр баланың алдында үш гүл жатады. Музыка жетекшісі музыкалық шығараманы ойнайды да балалар әуеннің көңіл күйін ажыратып әуенге сай гүлді алып шығады.

 

 

 

 

Сиқырлы текше

 Мақсаты:Текшедегіаңдардыңдауысынкелтіріп, тембырынөзгертумүмкіндігіншежоғарукөтеру.

 Ойыншарты:Көңілдіқиынемесәуенойналады. Педагог және   балалар шеңберге тұрады. Текшені бір біріне қолдарына беріп, тақпақ айтады.

–     Алма кепті домалап,

–     Көше бойын аралап.

–     Кім алманы табады,

–     Сол ойыннан шығады.

Қай баланың қолында текше қалып қойса, сол бала текшені ортаға лақтырады. Педагог текшеде қандай сурет екенін балалардан сұрайды. Балалар жауап береді. Егер текшеде мысықтың суреті болса, педагог ол балаға мысықтың қалай амандасатын көрсетуін сұрайды.

 

 

 

 

 

   НЕ  ҚАЛАЙДЫБЫСТАЙДЫ?

 

Құстар.

Суреттергеқарап, қайқұсқандайдыбысшығаратынынаңықтап, олардыңқимылдарынкелтіріп, музыкаменқимылдау.

 

 

КҮННІҢ КӨЗІ ЖӘНЕ БҰЛТ

 

Ойын шарты:Балалар пьесаны тыңдайды. Пьесаның мазмұны көңілді болса - күннің көзін шығарады, көңілсіз болса - бұлтты, ал жәйғана орташа болса - күннің көзімен бұлт арласқан карточканы шығарады. Балалар жауаптың дұрыстығын өздері бағалайды.                                                          

Мақсаты:Әуеннің мазмұнын ажырата білу.

 

 

МУЗЫКАЛЫҚ ҮЙШІК

 

Педагог үйшікті көрсетіп, онда әртүрлі аспапта ойнайтын музыканттар тұратынын айтады.

Ойын шарты:Педагог жабылғыштың артында тұрып музыкалық аспапта ойнап әндетеді.  Аспан үнін таныған бала аспаптардың суреті бар карточканың сәйкесін алып, үйдің бір бос әйнегін жабады. Осылайша барлық терезелер талың жабылуы керек.

Мақсаты:Аспаптардың тембрін ажырата білу.

 

 

ЫРҒАҚТЫҚ ЛОТО

Нотаның ұзындығын ажырату.

 

Ойын шарты:Көрнекті құралға орнатылған ноталар бойынша, қай кезде қысқа, қай кезде ұзын нота келетінін ажыратып, сол әуенді шапалақпен орындап беру.

 ҚАТТЫ ЖӘНЕ АҚЫРЫН ӘУЕН

 

Ойын шарты:Пьеса ойналады. Балалар оның көңілді, ойнақы мінезін анықтайды. Осы пьесада музыка қалай өзгергенін айтады. (қатайды ма?, ақырындады ма?) Пьеса қайта ойнағанда осы көрнекті  құрал арңылы музыканың мінезінің өзгерісін, яғни музыка баяу болса ашық түсті төртбұрыштыны, біраз қаттырақ болса, - қоюлау боялған төртбұрыштыны қояды. Балалартапсырманыңдұрысорындалуынбағалап, қателікболсатүзетеді.

 

 

Дыбысбиіктігінестугеарналғанмузыкалық – дидактикалықойын.

 

Менің балаларым қайда?

 

Ойын шарты: Музыка жетекшісі балаларға карточкада тауық, үйрек, күрке тауық, ит, мысық аналарын т.б көрсетеді, ал балалардың қолдарында кіші карточка (балалары) музыка жетекшісі әндетіп балалардан сұрайды, балалар әуенді танып не туралы айтылғанын ұғып керек карточканы көрсетеді.

 

 

Аю мен құс

 

Ойын шарты: Музыкалық баспалдақ, ән күй жетекшісі күйсандықта балапанның, аюдың әндерін ойнайды, ал балалар музыканы тындап, ойлап тауып музыкалық баспалдаққа, жоғары баспалдаққа- балапан, ал төменгі-аю дұрыс қоюлары керек.

 

 

 

 

 

 

Ырғақ сезімдерін дамытуға арналған ойындар

 

Біздің саяхат

Ойын шарты:Балалар шеңберде отырады, ән – күй жетекшісі балаларға саяхатқа баратындарын айтады.Бізге музыкалық балға көмектеседіКөз алдарыңа елестетіп, қимыл қозғалыстарды орындаймыз

1.  Баспалдақтан баяу, асықпай түсеміз;

2.  Далаға шықтық күннің көзіне қуанып жүгірдік;

3. Айгерім допты алып жерге соға бастады;

4. Балалар тез секірді;

Бірақ күн күркіреп жаңбыр жауа бастады, алдымен ақырын, сосын қатты жауды.Балалар қорқып тез-тез балабақшаға оралды.(осы қимылдардыңбарлығын ән-күй жетекшісі музыкалық балғамен ойнайды.

 

 

 Әндіорналастыру

 

Ойыншарты:Музыкалықүйшік, осыүйшіктіңішіндеәндергесәйкессуреттер, балалареңалдыменкүйсандықтаберілгенәуендітындап, дұрысшешімінтауыпбарыпкерекәнніңкарточкасынапарыпсалады.

 

 

Кім қалай жүреді?

 

Ойын шарты: Ән-күй жетекшісі күйсандықта балаларға әр-түрлі жануарлар характеріне сай, әуенді ойнайды балалар әуенді тындап, әуенге сай қимыл-қозғалысты орындаулары керек.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 29.4 Kb
Количество скачиваний: 240
Просмотров: 609

Похожие материалы