"Мың бір мақал, 101 жұмбақ"
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Берсугирова Мираш Файзурахмановна
|
Қызылорда облысы Арал ауданы Жақсықылыш кенті
№19 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Берсугирова Мирамкул
2-3 сыныптар аралығындағы сайыс сабақ
Тақырыбы:Мың бір мақал,101 жұмбақ
Мақсаттары:Қазақтың мақал-мәтелдерінің,жұмбақтың мағынасын түсіндіру,өмірде қолданылатын орнын атап айту.Оқушыларды тәртіптілікке,ұқыптылыққа,әдептілікке тәрбиелеу.Мақал-мәтелдердің тәрбиелік мәнін ашу,оқушылардың тілдерін жаттықтыру,мәнерлі сөйлеуге,шешендікке үйрету,сөздік қорларын нығайту.
Көрнекілік: Белсенді тақта, слайд
Әдісі: Мақал соңынан жалғастыру,сұраққа жауап беру.
Сабақ барысы: І. Кіріспе бөлімі:
Құрметті ұстаздар,оқушылар, бүгінгі өткізгелі отырған 2-3 сынып оқушылары арасындағы «1001 мақал,101 жұмбақ» атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.Алдымен мақал-мәтелдердің айырмашылығы,жұмбақ деген неден шыққан ұғым екеніне тоқталайық.
Мақалда қорытынды,тұжырымды (ой) түйін болады. Дәлелдеу мен қорытынды пікір бірдей келіп отырады.
Ал, мәтелде ой тіелей білдірілмей,тұспалдап ,жанамалап айтылады.
Жұмбақ деген ат алақанды жұмудан шыққан,яғни қолдың ішіне бір нәрсені жасырып,жұмып тұрып,соны тап дегеннен шыққан.Жұмбақ жасырғанда айтылар анық нәрсені ойда бүгіп қалып,соған ұқсас нәрселерге теңеп,тұспалмен сипаттап айтамыз.
«Сөйлей-сөйлей шешен боласың
Көре-көре көсем боласың» деген мақал тегін айтылмаған.
Олай болатын болса сайысымызды бастайық.
Ойынға 4 мақалшы мен 4 жұмбақшы қатысады.
Осылардың ішінен «Жүзден жүйрік,мыңнан тұлпарды» анықтауымыз керек.
Ойынымыз ІІІ турдан тұрады.
І-тур: мақалшылар шығады.
ІІ-тур: жұмбақшылар шығады.
ІІІ-тур: жұмбақшы мен мақалшы шығады.
І тур:Мақалшылар шығады.
а) Әрқайсысы өз білетін мақалдарын айту.
ә)Мұғалім бір жолын айтады,олар жалғастырады.
1.Құс патшасы бүркіт,
Аң патшасы....(арыстан)
2.Бүркіт қартайғанда...(тышқан аулайды)
3.Тауықтың түсіне...(тары кіреді)
4.Қаз келсе...(жаз келер)
5.Жапалаққа күннен...(түн жақсы)
6.Аққу жүрсе...(су сұлу)
7.Гүл ашалмай..(бұлбұл сайрамайды)
8.Қарашада...(қаз қайтар)
9.Жарғанатқа...(жарық қас)
10.Қаз келсе жаз келер,қарға келсе...(қатқақ болар)
Кім балл аз жинады,сол ойыннан шығады.
Көрермендер көз айымы.Мақалдар айтқызу.
ІІ тур:Жұмбақшылар шығады.
10 жұмбақ жасырылады.
Кім аз шешеді,сол ойыннан шығады.
10 жұмбақ тағы жасырылады.
Құстар жөнінде викторина сұрақтарына жауап берейік.
1.Адам қай құсты аң аулауға пайдаланады? (бүркіт)
2.Қандай құс хат тасушы атанған? (көгершін)
3.Торғайдың жүрегі минутына неше рет соғады? (960)
4.Құстың негізгі мекені? (ұя)
5.Қай құста мүлде ұя болмайды? (көкек)
Қоршаған ортаға байланысты тыйым сөздер:
«Өз жартыңды тап» ойыны
Егінді,шалғанды-басуға болмайды.
Көкті-жұлуға болмайды.
Өсіп тұрған ағашқа-балта тигізуге болмайды.
Құстардың ұясын-бұзуға болмайды,онымен ешбір құс таласуға болмайды.
Аққуды атуға-оған құс салуға болмайды.
Қыран құстарды-атуға болмайды.
Үкіні ұстап алсаң-үкісін жүндеп алған соң бір тойдырып босатып жіберу керек.
Құмырсқаның-илеуін бұзуға болмайды.
Екі оқушы шығып,біріне-бірі жаттап келген жұмбақтарын жасырады.
ІІІ тур: Жұмбақшы мен мақалшы.
Жұмбақшыға бір жұмбақ жасырамын.Ол шешеді.Ал оның жауабынан мақалшы мақал айтады.Кім дұрыс айтса,сол жеңеді.
Жеңімпаздарға сыйлықтар тапсырылады.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 381.5 Kb |
Количество скачиваний: | 35 |