Мысықтар мен тышқандар

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Пәні: әдебиеттік оқу

Сабақтыңтақырыбы:Мысық пен тышқандар

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Ертегі мазмұнын түсініп оқу ,идеясын ашу. Ертегінің мазмұны менидеясын түсіндіру. Ертегідегі нақыл сөздіңмағынасын дұрыс ұғыну.

Дамытулығы: Ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушылардың көркем сөйлеуін, өз ойларын жеткізе білу дағдыларынжетілдіру, сөздік қорларын кеңейту.

Тәрбиелігі: Жан – жануарларды құрметтеуге,қадірлеуге тәрбиелеу.

Типі: Жаңа ұғымды қалыптастыру

Түрі: Жаңа сабақ

Әдісі: сұрақ – жуап, СТО әдіс тәсілдері

Көрнекілігі:Тышқан, мысық суреттері, жылжымалы тақта

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың қызығушылығын ояту – психологиялық дайындық

Мұғалім: — Көз не үшін керек?
Оқушы: — Жақсыларды көру үшін.
Мұғалім: — Екі құлақ не үшін керек?
Оқушы: — Ақыл - кеңес тыңдау үшін.
Мұғалім: — Екі қол не үшін керек?
Оқушы: — Елге көмек беру үшін.
Мұғалім: — Екі аяқ не үшін қажет?
Оқушы: — Шетте жүрсең,
Туған жерге жету үшін.

Мұғалім: — Дұрыс балалар, олай болса мен сендердің құлақтарың, көздерің, қолдарың мен аяқтарыңа саулық тілеймін.

ІІ. Өткен тақырыпты еске түсіру

Өткен «Шал мен балалар» әңгімесінбірнеше оқушылардан сұраппысықтай түсу

Балаларшалға не деді?
Шал не деп жауап берді?
Балалар неліктен ұялды ?
Мәтіндібасқаша тағы қалай атауға болады ?

Жұмбақ шешу

Мысықтан қорқады

Түнде жортады

( Тышқан)

Тонын кие туған

Жалап бетін жуған

( Мысық)

ІІІ. Жаңа сабақ

«Ой қозғау»

-Балалар мысық туралы не білесіңдер?

Үй хайуанаты

Тышқан аулайды

Мысық сүт ішеді

Жылы жерде ұйықтайды

-Тышқан туралы не білесіңдер?

Тышқан кеміргіш

Тісі өткір

Қатты теседі

Ендеше «Мысық пен тышқандар» туралы ертегіныңэлектронды нұсқасын тыңдап көрейік.

ІҮ. Оқулықпен жұмыс

а) тізбектей оқыту
ә) рөлге бөліп оқыту

Сөздік жұмыс

а) Делебесін –алып ұшты,желікті

ә) Елігіп –қызығу

б)Лап қояды – бассалады

Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрайық.

Алақанды ұрайық,

Оңға қарай бұрылып

Солға қарай бұрылып

Бір отырып, бір тұрып

Бір тынығып алайық.

ІҮ.Бекіту

Ертегіні сахналау.

Y. Қорытындылау

-Балалар, бүгінгі өткен «Мысық пен тышқандар» ертегісі,ертегінің қай
түріне жатады ?

YІ.Бағалау

YIІ. Үйге тапсырма беру.

Берілген суреттерді ретімен орналастырып,

өз ойыңша мультфильм құрастыр. Өзің тағы қандай сурет қосар едің?

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 2.02 Mb
Количество скачиваний: 17
Просмотров: 103

Похожие материалы