Мұғалімі
Балғабек Жанар
Сабақтың тақырыбы
Уәде.
Сабақтың жалпы мақсаты
. «Жауапкершілік» ұғымының адамгершілік құндылығы ретіндегі маңыздылығын ашу.
Міндеттері:
- жауапкершілік туралы түсініктерін кеңейту;
- балалардың жауапкершілігін дамытуға ықпал ету;
- өз сөзіне, ісіне жауапкершілікке тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер
Сұрақ- жауап , түсіндіру .
Көрнекіліктер
«Жауапкершілік» ұғымының адамгершілік құндылығы ретіндегі маңыздылығын ашу.
Міндеттері:
- жауапкершілік туралы түсініктерін кеңейту;
- балалардың жауапкершілігін дамытуға ықпал ету;
- өз сөзіне, ісіне жауапкершілікке тәрбиелеу.
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушыныңіс – әрекеті .
Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
Атқарамыз әр істі,
Жақсыға біз лайық
Жауаптылық сезініп,
Уәдеде тұрайық!
Топқа бөлу
Оқушылардыкарточкаменсуретсалуарқылытопқабөлу .
Үй тапсырмасын сұрау
Өткен сабаққабайланыстиэссені тапсыру .
Қызығушылықты ояту
Жаңа материалмен жұмыс.
Мұғалімніңтұсіндірмесі: Әңгіме «Өкініш» Атасының тапсырмасын орындап тастамақшы болып Қайырбек қораға қарай беттеді. Дарбазаның сыртынан біреудің ысқырғаны естілді.
- Қайырбек, жүр кеттік. «Бірлік» ауылының балалары келіпті. Осы жолы оларды нөлмен қатырмасақ па?
- Әттеген-ай-а!- деп Қайырбек басын шайқады. – Атам фермадағы бір танысынан есектің қамытын алған екен. «Соны апарып тастарсың»? деп еді.
- Өй, бар болғаны сол ма? Жақып көңілдене күліп қойды.
- Кешке дейін әлі талай уақыт бар. Үлгересің... Көп қиқаңды қойып, бізбен жүр. Олардан өткен жолғы қарымтаны қайтармасақ болмайды. Кездесе кетсе, мазақ қылады.
Қайырбек желкесін қасып сәл тұрды да:
- Мейлі ендеше, - деп, балалармен бірге футбол ойнайтын алаңға тартты. Жолшыбай атасы кездесті.
- Қайырбек шырағым, қамытты апарып бердің бе?
Қайырбек не дерін білмей абдырап:
- Иә, ата, апарып тастадым, - деді.
- Әп, бәрекелді. Өркенің өссін, қарағым!- Атасы риза кейіппен Қайырбекке көзін сығырайта қарап, күміс сақалын уыстай сипап қойды.
Дәйексөз
Мұғалім тақтаға «Уәде берсең - орында» деп жазып қояды және осы мақалды бүгінгі сабақтың дәйексөзі ретінде түсіндіреді.
- Әңгімеде айтылғандай, адам өзіне тапсырылған істі жауапкершілікпен орындамаса, өзін ғана емес, өзгені де ұятқа қалдырады екен.
- Сендер «Уәде берсең - орында» деген мақалды қалай түсінесіңдер?
- Сендердің уәде беріп, орындай алмай қалған кездерің болды ма? Болса естеріңе түсіріп айтып беріңдер.
Балалардың жауаптары тыңдалып, өздері қорытындылауға мүмкіндік беріледі:
- Берген уәдені уақытында орындау үлкен жауапкершілікті білдіреді. Ата-бабамыз балаларының жауапкершілікті болып өсуін армандаған, сол үшін де «Уәдені – берсең орында» мақалы ұрпақтан ұрпаққа бүгінгі күнге дейін жетіп отыр.
Ойтолғаныс
Ойын-жаттығу : «Мен жауапкершілікті баламын, өйткені...» деп аталатын ойын-жатты-ғуда балалар өз білім-біліктерін қолданып, ой қорытындысын жасауға мүмкіндік алады.
Плакатта баспалдақтармен көтерілгелі тұрған баланың суреті берілген. Мұғалім жеке-жеке іс-әрекеттерді білдіретін сөздер жазылған қатты қағаздарды(үлкен әріптермен) Ақботаның қоржынына салады. Балалар кезегімен тақтаға шығып, қоржыннан қағазды алып, онда жазылған іс-әрекеттерді оқиды, бала осы іс-әрекетті жауапкершілікті болуға қатысты деп тапса, оған «Мен жауапкершілікті баламын, өйткені...» деген сөзді қосып айтады. Мысалы:«Мен жауапкершілікті баламын, өйткені уәдемде тұрамын». Мұғалім осы қағазды суреттегі баспалдаққа жапсырады. Егер қоржыннан шыққан қағазда жазылған іс-әрекет жауапсыздықты білдірсе, онда бала оны не үшін жауапсыздыққа жатқызатынын түсіндіріп айтып береді.
Үйге тапсырма беру.
Уәдетақырыбындашағынәңгіме құрау .
Бағалау
Сабаққақатысқаноқушылардыбағалап , бағақою.
Кері байланыс
Оқушылар бір-біріне деген тілектерін стикергежазып, мәуе ағашына жапсырады.Плакат стикер .