"Ән-күйсіз көңіл-күңгірт, өмір- бұлдыр" 6 сынып. Сабақ жоспары.

Предмет: Музыка
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

 

         «Ән-күйсіз көңіл-күңгірт, өмір- бұлдыр»,

6-сыныпта   интерактивті ойын түрінде өтілетін  сабақ.

 

1.                Сабақтың тақырыбы:  Ән-күйсіз көңіл- күңгірт, өмір- бұлдыр.

2.                Сабақтың мақсаты: Музыкалық ойындар арқылы балалардың ұшқырлығын дамыта отырып, білімін тереңдету, есту, есте сақтау қабілетін дамыту,өнерін ұштау.

3.                Сабақтың түрі: Ауызша сұрақ түрінде

4.                Сабақтың типі: Өткен сабақты қайталау

5.                Сабақтың әдісі: Интерактивті ойын

6.                Сабақтың жабдығы: Бесінші –алтыншы сынып музыка оқулығы, компьютер, экран, магнитофон,домбыра, баян, копозиторлар суреттері,

7.                Сабақтың эпиграфы: «Құлақтан кіріп бойды алар,

                                                              Әсем ән мен тәтті күй

                                                              Көңілге түрлі ой салар,

                                                              Әнді сүйсең, менше сүй».

                                                                                                       Абай

8.     Сабақтың барысы: Балалар, бүгін біз сендерменен өткен сабақтағы тақырыптарды қайталау мақсатында ән-күйсіз көңілдің күнгірт,өмірдің бұлдыр екені төңрегіндегі сабағымызды өткіземіз. Музыкасыз өмірдің сәні де, мәні де болмас. Халқымыз өнерді үйрен де жирен дейді ғой.Осы музыка саласындағы әр түрлі жанрлар мен терминдерді, әнші,күйші композиторлардың музыка мәдениетінде қалдырған сан алуан еңбектерін  біліп,үйреніп, естерінде сақтап жүрсін деген мақсатта өткізіп отырмыз.Ойын соңында XXI ғасыр көшбасшысын таңдаймыз. Ол үшін біз бірнеше бөлімнен  тұратын тақырыптар бойынша бірнеше тест сұрақтарына жауап береміз, сөзжұмбақ шешеміз, және де өз өнерімізді көрсете ән саламыз , күй тартамыз, музыка тыңдап  атын  табамыз. Ол үшін үш қатар үш топқа бөлінеді.

                                             1    Б Ә Й Г Е

Сайысымыздың бірінші туры «Бәйгені» бастаймыз! «Бәйгеде» бес-бес сұрақтан он бес сұрақ қойылады. Бәйгені бастамас бұрын әділ қазылар алқысын сайлап алайық. Әр топтың жауабы 3,4,5 деген балмен есептеледі.Енді экранға назар аударамыз. Сонымен, әр топ өз сұрақтарын таңдайды       

 

 

 

 

     Бірінші сұрақ: Қазақтың қандай ұлттық аспаптарын білесіңдер?

Жуабы: домбыра, қобыз, қылқобыз, шертер, жетіген, сыбызғы, үскірік, ұран,тастауық, сазсырнай, шаңқобыз, дабыл, даңғыра, дауылпаз, мүйіз, тұяқтас, қоңырау, асатаяқ, шыңдауыл т.б.    

                Екінші сұрақ: Қазақ драма театрының іргетасы қай жылы    

          қаланды,кімдер ат салысты?

Жауабы: Қазақ драма театрының іргетасы 1925 жылы Орынбор қаласында қаланды, кейін Қызылордаға сосын Алматыға ауыстырылды. Ат салысқан әнші, музыкант, актерлер—Жұмат Шанин, Елубай Өмірзақов, Серәлі Қожамқұлов, Қалибек Қуанышбаев, Иса Байзақов, Әміре Қашаубаев, Қапан Бадыров, Құрманбек Жандарбековтар болды.

        Үшінші сұрақ : Халық аспаптар оркестрі туралы не білісіңдер және оған кімдер жетекшілік етті?

 Жауабы: Халық  аспаптар  оркестрі 1934 Ахмет Жұбановтың басшылығымен құрылды. Бұл Оркестр  қазіргі кезде  Құрманғазы атындағы мемлекеттік оркестрі деп аталады.Дерижері-А.Жайымов,  алғашқы оркестр құрамында Дина Нұрпейсова, О. Қабиғожин, Лұқпан Мұхитов, Қ. Жантілеуов, Ж. Қаламбаев, Ы. Уәлиев, М. Жаппасбаев, Ж. Айпақов, С. Көшекбаев және т.б. дарындар қызмет етті.    

        Төртінші сұрақ: Оркестр дегеніміз не,түрлерін ата және қазақстан композиторлары оркестрге арнап қандай шығармалар жазды?

Жауабы:  Оркестр дегеніміз— аспаптардың қосылып ойнауының жиынтығы. Оркестрдің  симфониялық, ұлт аспаптар, фольклорлық, үрмелі түрлері бар. Қазақстан композиторлары оркестрге арнап 1940 жылдан бастап мынандай шығармалар жазды: А. Жұбанов — «Абай», Е. Брусиловский— «Сарыарқа», М. Төлебаев — «Той», Н. Тілендиев —«Ата толғауы», К.Күмісбеков—«Фараби сазы» және т.б.

        Бесінші сұрақ: Опера мен ария дегеніміз не?

  Жауабы: Опера дегеніміз —театр сахынасында қойылатын музыкалық драмалық шығарма.Операның драматургиялық шешімі барлық музыкалық  желілер, оркстр, хор, балет , әсіресе рөлдерді атқарушы  әншілердің орындайтын жеке әндері арқылы айқындалады. Ария дегеніміз  —  операда оркестр сүймелдеуімен  жалғыз әнші орындайды, көбінесе кейіпкер бейнесі сиптталады. 

      Алтыншы сұрақ: Қай қазақ әншісі Париж қаласында өнерін көрсетті және қай жылы?

Жауабы: 1927 жылы Әміре Қащаубаев Париж сахнасында домбырамен ән салып, екінші орынға ие болды. Ал бірінші орын ешкімге берілмеді.

     Жетінші сұрақ: Қандай Қазақстан  композиторларын білесіңдер, аттарын ата?

Жауабы:  Н. Тілендиев, Е.Брусиловский, Л. Хамиди, М. Төлебаев, М. Ержанов, Ш. Қалдаяқов, Ә.Еспаев, Б. Байқадамов,  және т.б.

     Сегізінші сұрақ:Ахмет Жұбанов кім, қандай шығармасы бар?     

Жауабы:А.Жұбанов-академик,профессор,өнертану ғылымының докторы, қазақтың алғашқы кәсіби композиторы. Әр жанрда жазған көптеген  музыкалық шығармалардың  және музыкатану ғылымында баға жетпес «Ғасырлар пернесі» , «Замана бұлбұлдары»  кітаптарының авторы. Алғашқы ұлт аспаптар оркестрін  құрушы, дерижер.  Латиф Хамидимен бірігіп  «Абай», «Төлген Тоқтар», «Жалбыр»операларын  жазған.

     Тоғызыншы сұрақ: «Ана туралы жыр» әнінің әні мен сөзін кім жазды?     

Жауабы: «Ана туралы жыр» әнінің әнін  жазған  Ш.Қалдаяқов, өлеңін жазған Ғ.Қайырбеков .

     Оныншы сұрақ: Қандай динамикалақ белгілерді білесіңдер?

Жауабы:Форте—қатты, Пиано—жәй, пианиссимо-өте жәй, фортиссимо-өте қатты, крещендо-біртіндеп қатты, деминуэндо— біртіндеп жәй.

               Он бірінші сұрақ : Қазақстандағы алғашқы музыкалық оқу орны 

          қашан және қай қалада ашылды, және кімдер жетекшілік етті?

           Жауабы: Қазақстандағы алғашқы музыкалық техникум 1932 жылы      

          А.Жұбановтың басшылығымен Алматы қаласында ашылды. Онда    

         жетекшілік еткен А.Жұбанов.  Е. Брусиловский, Б.Ерзакович,

         А.Затаевич, И.Коцык, Д.Мацуцин және т.б. сабақ беруге шақырылды

            Он екінші сұрақ:  Дәстүрлі    әнші,     ақын          және              күйші

         композиторлардың атын ата!

Жауабы: Дәстүрлі әнші, ақын және күйші-композиторлар: Ақан сері, Біржан сал, Жаяу Мұса, Мәди, Мұхит, Естай, Ыбырай, Абай, Боғда, Абыл, Сүгір, Дайрабай, Жантөре Есжан, Сарымалай, Ықылыс және т.б.

    Он үшінші сұрақ:Музыкалық екпін дегеніміз не және музыкалық екпіндердің атын ата?

Жауабы: Әрбір музыкалық шығарманың өзіне лайық жылдамдығын екпін дейміз.     Екпіндер:   жәй, орташа, жылдам, ұстамды, марш, асықпай, мұңды және т.б.

    Он төртінші сұрақ: «Қыз-жібек»к-фильміне қай композитор қандай күйін жазды?

Жауабы: «Қыз-жібек»к-фильміне  Н.Тілендиев «Аққу» күйін жазды.

     Он бесінші сұрақ:Хор дегеніміз не , қандай түрлері бар, дауыс диапазондарын ата?

Жауабы: Хор дегеніміз—көп дауысты вокалды музыка.Түрлері: аралас хор, әйелдер хоры, ерлер хоры, академиялық хорлар, балалар хоры. Дауыс диапазондары: әйелдердің жоғарғы дауысы—сапрано, төменгі дауысы— альт, ең жоғарғы дауыс-лирико-колоротурлық, ерлердің жоғарғы дауысы —тенор,орташа дауыс-баритон, төменгі дауысы — бас.

 Ал, енді әділ-қазылар алқасы, Бәйге сайысының жауаптарына  қойған бағасын айтсаңыздар!

 

                                                  2    К  Ө  К  П  А  Р

Бұл сайыста  әр топтың балалары өздерінің өнерлерін ортаға шығып немесе топ болып көрсетулеріне болады.Хормен  немесе жеке ән айтуға, күй тартуға, болады.  Әр топтан  бір    өнер көрсетеледі. Көкпар сайысының  бағасын айтсаңыздар.

                                                  

                                                    3  Ж  О  Р  Ғ  А

Енді экранға назар аударамыз. Әр  топқа  тест  сұрақтары  беріледі.Топ болып  ойланып  бір ұлан жауап  береді.Неғұрлым   көп  жауап берген ұлан сабақ  соңында  өз  бағасын алады.  Мұндағы бір сұрақта  жасырын ұпай бар.Сол нөмірді таңдаған топқа жауапсыз 10 ұпай қосылады. Ал, балалар, іске сәт!

                           

   1Е.Брусиловский қандай опера жазды?   нұсқалары:

      «Біржан-Сара»                                             Е.Брусиловский суреті.

      «Қыз Жібек»

      «Абай»     

      «Қамар сұлу»                                              Жауабы:   «Қыз Жібек»

   2. Сіз    10 ұпай ұттыңыз! Құттықтаймыз!.

  3.«Біржан-Сара» операсын  кім  жазды.

А.Жұбанов.

М.Төлебаев.

Е. Хасанғалиев.

Е. Брусиловский.                                Жауабы: М.Төлебаев.(суреті)

    4. «Кішкентай» күйін кім жазды.

         Сүгір.

        Абыл.

        Дина.

        Құрманғазы.                                        Жауабы: Құрманғазы.(суреті)                                          

    5.  «Гәкку» әні кімдікі.

         Жаяу Муса Байжанұлы.

.        Мәди Бапиұлы.

         Сегіз сері Мұхаммедханафия.

         Ыбырай  Сандыбайұлы.                      Жауабы:Ыбырай.(суреті)

    6.Сіз    10 ұпай ұттыңыз! Құттықтаймыз!.

    7. Үрмелі аспаптардың атын ата.

      Дабыл,  үскірік,  асатаяқ,  шертер.           Жауабы: Үскірік.(суреті)    

                       

     Жорға сайысының бағасын  естіртсек.

 

 

4       Д  О  Д  А

 

 

Дода сайысында үш топ  бір-бір сұрақтан  бес сұрақтың біреуін  таңдайды. Ол сұрақтардың  ішінде  әр түрлі  музыка жанрлары жазылған сөзжұмбақ  жасырылған.  Енді экранға  қараймыз.    Ұпайы аз топ  өз сұрақтарын  таңдасын. 

Жасырын сұрақтың астында 10 ұпай сыйлық бар. Осы сұрақты таңдаған топтың ұпайына 10 ұпай қосылады. 10 ұпай алған топ сөзжұмбақ шешіп әуре болмайды.

 

 

              

 

                            

 

 

 

 

                                            5нөмір

                                                     1. Сілкіп ойналатын аспап түрі.

                                                  2. Шертпелі аспап      3. Ұрмалы аспап.

                                                  4. Қурайдан жасалған аспап.

                                                  5. Тілшікті аспап.

                       

 

 

                                              

                                          

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ЖАУАБЫ

           

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Енді  экрандағы екінші сұрақтың нұсқасына қараңыздар.

 

 

 

                                            1нөмір

 

 

 

 

 

 

           

1.     Қазақтың суырыпсалма ақыны

2.     «Көкшолақ» әнінің  авторы

3.     Халық   ақыны, әнші-композитор

4.    

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 398.5 Kb
Количество скачиваний: 15
Просмотров: 128

Похожие материалы