"Өнер саңлағы" (танымдық-саздық кеш)
Предмет: | Русский язык и литература |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Нурмукашова Майра Сагингалиевна
|
Өнер саңлағы
(танымдық-саздық кеш)
Қазақ халқының бұлбұл әншісі, қазақ опера өнерінің негізін салушылардың бірі, Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген әртисі, КСРО халық әртисі, КСРО мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты, қоғам қайраткері Күләш Жасыңқызы Байсейітованың мерейтойына арналған «Өнер саңлағы» атты танымдық-сазды кешке қош келдіңіздер!
Қонақтарымызбен танысып отырайық: Ж. А.Рахимова- БҚМУ саз институтының доценті, саз кафедрасының оқытушылары Иргалиева Ж.Р,Қуанышалиева Р, қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушылары
Слайд: Кішкентай Гүлбаһрам Бейісовадан – бұлбұл әнші Күләш Байсейітоваға дейін
Слайдтарда К.Байсейітованың өмірінің тарихи тізбесі көрсетіледі.
Исі қазаққа мақтан әнші-актрисаның азан шақырып қойылған аты Күләш емес, Гүлбаһрамға лайық еді.
Ән:
Мен сахнаға шығып, шаттықтың «Гәккуіне» салғанда, сүйікті көсемім Сталин жолдас маған сүйсіне қол шапалақтағаның өмірі ұмытпаймын. Менің ынта-жігерімді бұрынғыдан әлдеқайда тасытып жіберді. Мен Отаныма, көрерменіме, жаңа Конституцияға лайық жұмыс істеймін деп уәде беремін.
Ортада әртістер, афишада: Жұмат Шанин. «Шахта» пьесасы.
Жүргізуші: достар! Зейнеп рөліндегі Жәнібектің тамағы ауырып, дауысы шықпай қалды, не істейміз?
Әртістер қобалжуда.
Күләш: Мен ойнаймын!
Жүргізуші: А-А, сөзін білесің бе?
Күләш: білемін
Жүргізуші: Мизансценасын білесің бе?
Күләш: білемін
Бәрі Күләшқа тасырайып қарады.
Жүргізуші: Осылай Күләш жолдасын құтқарып, спектакльді де үзбей, үлкен адамгершілік көрсетті.
13. Қазақ халқының атақты жазушысы, академик Ғабит Мүсірепов: Орыс халқының әншісі Нежданова Байсейітованы – ты наше чудо! Чудо! – деді. «Чудо» деген сөз қазақ тіліне дәл аудару қиын-ақ. Ол –табиғаттың заңнынан тыс пайда болған бір керемет- деген екен.
14. Бүгінде Күләштің әндерін орындап, рөлдерін сахнада сомдап жүрген
апаларымыздың бірі бізде қонақта, қош келдіңіздер,Сөз кезегі өздеріңізде,құрметті қонақтар!
Сөз қонақтарға беріледі.
Жүргізуші: Бүгінде Алматыда Күләш апамыздың қыздары Раушан мен Қарлығашты
шараларға шақырып, Күләштің мұражайында кездесу өткізіліп отырылады.
Сол бір кездесудің сәті:
15. Күләштің қыздарымен сұхбат: (сұрақ - жауап)
Жүргізуші: Күләш апай сіз үшін қандай адам болатын?
Қызы: Күләш тәтем мен үшін мейірімді, ақылды, ақкөңіл адам еді.
Жүргізуші: Анаңыз қандай тағамды ұнататын еді?
Қызы: Анам жұмыстан шаршап келсе де мәнті дайындауды жақсы көретін, уақыты болған да әндетіп жүріп дайындайтын
Жүргізуші: Раушан апай, анаңыз дүниеден озғанда ойнап жүрген бала екенсіз, есіңізде анаңыз қалды ма?
Қызы: 1968 жылы анамның сүйікті операсы- «Қыз Жібек» операсының 1000-шы қойылымы болды. Мен сонда үшінші актідегі Жібектің түсіндегі Жібек рөлін билеп бердім. Анам екеуміз үшін бұл өте бақытты бір сәт еді.
Жүргізуші: Ата-анаңыздың қарым-қатынасы қалай еді?
Қызы: Ата-анам өте тату еді, анам әкемді «Қана» дейтін, ал әкем «Күлән» деуші еді.
17. Күләш Байсейітованың есімі мәңгі халықтың есінде өшпейтін жұлдыз болып сақталады.
1948 жылы Күләш Байсейітова өмірден өткеннен кейін үкіметтің арнайы қаулысымен мектеп – интернат ашылды, ал 1957 жылы оған Күләш апамыздың аты берілді. Қазіргі таңда оңтүстік астанамыз Алматы қаласында сол мектеп- интернат ауласында Күләш Байсейітоваға арналаған Қазақстандағы тұңғыш ескерткіш орнатылған. (суретте). Жыл сайын 25 мамыр күні үздік оқушыларды Алматы қаласындағы Райымбек даңғылы бойындағы Орталық қорымдағы Күләш Байсейітованың зиратына барып, тағзым етіп, гүл шоқтары қойылады
Жүргізуші:Күләш – атағы алысқа кеткен, тарихымыздағы тұңғыш тума талантты опера әншісі. Бүгінде әдемі әуезді жас әншілерде көп,сонымен қатар «Қазақ бұлбұлын» тиісті дәрежеде ұлықтай алып отырмыз ба?
Сұрақтарға жауап: проектор арқылы
Жүргізуші:
Күләш қандай құрметке болсын лайық адам, - деп филология ғылымының докторы
Серік Қирабаев айтқандай өнер саңлағы атанған әнші апамызға бізде тағзым етіп өз
ойымызды білдіргіміз келеді. Кезек жас ақындарда
Арнау
Жүргізуші: Әрбір ғажайып тұлғаның гүл жарып, шешек атуы алғаш сәттен-ақ ел
махаббатын, жұрт қадірін өз бойына баурап әкететін әдеті емес пе?! Біздің Күләш осы
сындас, таң Шолпандай тамаша талант еді ғой.
Жүргізуші: Шағын бір кеште Күләш апамыздың таланты, өмірі туралы айтып өту мүмкін емес. Сондықтанда қазақ халқының «бұлбұлы» атанған халық саңлағымыз мәңгілік біздің жүрегімізде.Құрметті қонақтар, уақыт бөліп келгендеріңізге көп рахмет,келесі кездескенше аман болайық ағайын!
Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі
Қазақ тілі мен әдебиет кафедрасы
Өнер саңлағы
(сазды-танымдық кеш)
Дайындаған: Нұрмұқашева МС
Орал 2012
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 1.34 Mb |
Количество скачиваний: | 61 |