Нейролингвистикалық бағдарлама арқылы психологиялық суреттеме

Предмет: Другое
Категория материала: Презентации
Автор:

В.В Путин «дәстүрлі» немесе «харизматикалық» көшбасшы емес, бүгінгі типтегі саясаткер. Макс Вебердің ойы бойынша мұндай саясаткер өзінің «үстемдігін», «заңдылықтың» күшімен, заңдылықты орнатудың міндеттілігіне және ойлы құрылған ережелерге негізделген іскерлік  «жинаққылыққа» сенудің күшімен орнатады.».

         Путиннің сайлаушыларға ашық хаты – оның тұлғалық – идеологиялық стратегиясына сәйкес келетін бағдарлама. Ол – «моральдық ереже», «отбасы», «патриотизм» сынды консерваторлық құндылықтардан туындайды сөздерді жиі қолданады.  Және « Менің атқарып жатқан ісімнің бәрі ресейліктердің өмірін «жақсартуға бағытталған» деп өз ашық хатының соңында жазған. Осылайша ол халыққа сенім отын ұялатады.

 

         В.В. Путиннің саяси стилін бірқатар себептерге байланысты айқындауға қиынға соғады. Ол саясаткер ретінде М.Леонтьевке берген сұхбатында өзі мойындап : « Маған бұл жұмыс ауыр деп ойламаймын, бірақ сонымен қанағаттана алмаймын» деген. Путиннің  сұхбаттары мен кездесулерін саралай отырып оның әрдайым шынайы әрі өз – өзіне сыни көзбен қарайтынын көре аламыз, және  осылайша, ол «Мен бұқара халық сияқтымын, еш ерекшелігім жоқ» дегендей. Ол мәселелердің тізімін, оларды шешудің алгоритмін жасайды: мемлекет нақты айқындалған меншік иелерінің экономикалық қызметінде ортақ үлгідегі ережелерді бекіту арқылы әрекет ( бұл сипатта ол «үлкейеді» жән « қуаты артады»)етеді. Басымдылықтардың тізімі сол сияқты оңкай : кедейшілікпен күресу, экономиканы шенеуніктік – бандиттік рэкеттен қорғау, ұлттық ұлылықты өркендету және ұлттық мүдделердің сыртқы саясаты. 

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 28.57 Kb
Количество скачиваний: 24
Просмотров: 187

Похожие материалы