Әнші Мәдина Ералиеваны еске алу ән кеші

Предмет: Музыка
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Саға мектеп-бала бақшасы

Сағындым, сағым Мадина!

Әнші Мәдина Ералиеваны еске алу

ән кеші

Өткізген: Музыка пәні мұғалімі

Д.М.Өмірова

2015 жыл

Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы

Саға мектеп-бала бақшасының

музыка пәні мұғалімі

Дана Өмірова Майданқызы


«Сағындым, сағым Мадина!» атты

әнші Мәдина Ералиеваны еске алу ән кеші

Кештің мақсаты:

  • -Қазақ сахнасының «Ақ баяны», күміс көмей әншісі Мәдина Есмалайқызы Ералиеваны еске алу,
  • -Мәдинаның қазақ өнеріне қалдырған өзіндік қолтаңбасын жасұрпаққа мұра ету,
  • қайталанбас үнімен орындап кеткен әсем әндерін өнерсүйер қауымға таныту;

Кештің өтілу барысы:

(Есіңе мені алғайсың әнінің әуені орындалып тұрады)

  • Армысыздар, құрметті өнерсүйер қауым! Қазақ өнерінде өзіндік қолтаңбасын қалдырған күміс көмей әнші Мәдина Есмалайқызы Ералиеваны еске алу үшін ұйымдастырылып отырған «Сағындым, сағым Мадина!» атты мәдени-танымдық еске алу ән кешіне қош келдіңіздер!
  • Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген әншісі Мәдина Ералиеваның өмірден озғанына
  • биыл 14 жыл. Оның өнерін сүйген, өзін құрметтеген туыстары, жамағаты, ел-жұрты,
  • замандастары, әрине, сағынып қалғаны рас.
  • Қазақ сахнасының «Ақ баяны», өзінің қайталанбас үнімен миллиондардың жүрегін жаулап алған әнші Мәдина Ералиеваны кенеттен қайтыс болғанда, қазақ даласы қайғыдан күңіреніп кеткен еді. Зымыраған зымыран заман-ай, толықсыған айдай «Ақ баян» әншінің арамыздан кеткеніне де 14 жыл толып үлгеріпті...
  • Ән кешіне жиналған тыңдарман қауым! Орнымыздан тұрып, әншінің аруағына бас иіп, бір сәт еске алайық! (1 минут үнсіздік) Рахмет!
  • Сылдыраған Сырдың мөлдір бұлағы
  • Сенің әнің көңілдердің шырағы
  • Талай ана дауысыңды естіп елжіреп
  • Қыз күндерін есіне алып жылады.
  • («Есіңе мені алғайсың» М.Ералиеваның орындауында тыңдалады.)
  • Ән «Есіңе мені алғайсың» Орындайтын ауыл тұрғындарының арасынан Мәдинаның әнін сүйіп тыңдайтын әуесқой әнші Айсара Кадирқызын ортамызға шақырамын!
  • Мәдина халқымыздың маңдайына біткен ән жұлдызы еді. Қайталанбас ғажап үнді әнші еді. Қазақ әнінің аспанындағы ілуде бір кездесер сұлу жүзін іздейсің. Сағынасың..
  • Бұлбұлымды құдай-ау көпсіндің бе?
  • Өкініштен өзегіміз өртенуде
  • Күрсінеміз әліде күрсінеміз
  • Қарғыс атқыр сол бір күн еске түссе..
  • Мәдина күрең күзді мұңға бөлеп, қапыда ортамыздан кете барды. Енді міне, сол Мәдина сары сағынышқа айналды. (күрең күз әні орындалып тұрады)
  • Пролог: (күрең күз әні орындалып тұрады, бірінші шумағында Мәдина бейнесіндегі Гүлжанат қыз ортаға шығады. Ән әуенімен ағаштар басынан түскен жапырақтарға таңданыспен қызыға қарап, оң жағына баяу басып жүреді. Әннің бір шумақ, бір қайырмасы аяқталғанда әуен баяулай бастайды)
  • Гүлжанат қыз:
  • -Иә, күрең күз қандай тамаша мезгіл...
  • Ағаштар басынан желмен судырап жапырақтар түсіп, жер күрең түске енеді. Жапырақтарды аяққа басқың келмей, алаңқай жермен аттап жүресің. Бірақ, жерден жапырақтар аяққа оратылады. Ағаш басынан түскендері иығыңа, кеудеңе келіп қонады. Бейнебір өн бойыңды аймалап жатқандай. Мен де жапырақтарды аялап, қимастықпен оқушы кезімде дәптер, кітаптарымның арасына салып қойып, келесі көктемдегі жасыл жапырақ шыққанша сақтаймын. Қандай керемет! Адам өмірі сияқты. Бірі кетіп, екіншісі көктеп орнын басып жатады. Адам өмірінің мезгіліндей осы көктемді сағынамын.
  • (М.Ералиеваның «Сағынамын» әні орындалады.Бейнедегі Гүлжанат қыз ойланып, сағынышты толғаныспен сахнада баяу басып жүреді, бірінші шумақтың соңғы қатарлары аяқталған кезде әуені баяулай бастайды)
  • Шіркін, туған жердің аспанында ән қалықтатқан шақтарымды сағынам. Халқымның қошеметіне бөленіп, жез таңдай әнші атанған шақтарымды сағынам. Сол бір артынан көктемі келер күрең күзімді де сағынам.
  • Рас, менің де өмірімнің көктеміндей ізімді басатын іні-сіңлілерімнің бар екенін сеземін. Оларды рухыммен желеп-жебеймін. Өйткені, менің рухым мәңгі сіздермен бірге..
  • («Сағынам» әнінің әуені орындала береді. Қыз сахнадан шығып кетеді.)
  • Көп таланттың ғұмыры қысқа, тағдыры қатал болатыны несі екен?
  • Жұлдыздай өте шықты ағып жылдар
  • Еске алсам сен шақырған сағым жылдар
  • Қарасам кейде өмірдің жоқ баяны
  • Көзімізге басылар оттай әлі
  • Ән – әнші жүрегіндегі тұнық бұлақ. Мәдина, міне осы мөлдір бұлақтан нәр алып, өз жанында өзгенің де жанын рахат сезімге бөлеп келе жатқан дарын иесі болатын. Сыңғырлаған даусына сезімін орап, ән салатын аймаңдай әнші жүректерді тез баурап алатын.
  • Сен халқымның сандуғашы сайраған
  • Қазағымның ән-гүлісің жайнаған
  • Өнер үшін тағдырымен таласып
  • Өнер үшін айтқан серттен таймаған
  • Мәдинаның әншілік өнеріне кезінде ерекше көзбен қараған, әндерін сүйіп тыңдаған, біздің де ауыл тұрғындары арасынан әуесқой тыңдармандары бар екен..
  • -Мәдина Ералиева кім?
  • -Мәдина Ералиеваның қандай әндерін білесіз?
  • -Қай әндері есіңізде қалды? (сұхбатвидео көрсетіледі.)
  • Қазақтың аққу қанат Мәдинасы
  • Қазақтың әнші жүрек Ақбаяны
  • Әніңмен әрбір қазақ үйіндесің
  • Қалайша бүкіл елдер сүйінбесін, - дей келе бүгінгі кешіміздің қадірменді қонақтарының бірі, мектеп директоры Есболай Бекқожаұлына сөз кезегін беремін,
  • Сіздер замандасыңыздың өнерін қалай бағалаған едіңіздер, Мәдина Ералиеваның әндерінің дәріптелуі қай деңгейде болып еді? Сол туралы бірер сөз...
  • Ән: «Сағындым, сағым жылдар» Орындайтын: Егізбаев Аманбай
  • Қасиетті қанатын бұлғап ұшқан
  • Құстары биіктерге жырлап ұшқан
  • Сен қазір ел – халықтың қызы болдың
  • Сыр ананың қызы едің Сырдан ұшқан
  • Дарынына сай көрік берген табиғат ана Мәдинаға аңқылдаған көңіл мен мейірімді жүректі қоса сыйлады. Сахна сәні, қазақ Мадоннасы атанды. Табиғат ана қызын осылай еркелетті. Бәлкім, оның өмірі қысқа болатынын сезіп берген қайырымы ма екен...
  • («Ризамын» бейнебаяны көрсетіледі)
  • Жарқырап жанған жұлдызым менің
  • Сағынды-ау сендей Сыр қызын елің
  • Өз өнеріңмен өнер көгінде
  • Ән мұнарасын тұрғызып едің...
  • - Құрметті қонақтар, халқымыздың маңдайына сыймай кеткен «ән жұлдызы» Мадинаның қайталанбас үнін еске ала отырып, оған деген сағынышты ой-пікірлеріңізді ортаға салсаңыздар...(еркін микрофон)
  • Кеш қонақтары:
  • 1.Мектеп директоры Е.Бікіров
  • 2.Зейнеткер М. Сүлейменова
  • 3.Мектеп директоры оқу-ісінің орынбасары К.Қосбаева
  • 4.Ауылымыздың Мәдениет қызметкері Қ.Алманов
  • 5.Ақжар ауылдық кітапханашысы Н.Қазиева
  • 6.Ауыл тұрғындары арасынан әуесқой әнші апамыз Мәрия апай
  • 7.Музыкаға жаны жақын апайларымыздан: Г.Мұсағалиева, А.Кадирқызы
  • 8.Ауылдық клуб меңгерушісі Г. Мұхаметқалиева
  • 9.5-сынып оқушысы М.Тұрғалиева
  • Өнер – өмір жасартады, адам жанын сұлулыққа баулиды. Өзінің сахнаға ауған көңілін Мәдина: «Сахна – мен үшін сахарамен бірдей, тынысым кеңейіп, қанатым жайылып жүре береді.» - деуші еді.
  • Жүрек қалауымен сүйген әншілік өнерді таңдап, талабын ұштауына себепкер бұбұл әнші Күләш Байсейітованың әні болса, өнегелі із қалдырып, өзіне ұлағатты ұстаз тұтқан әнші
  • апалары Роза Бағланова мен Бибігүл Төлегеновалардан алған тәлімдері өз алдына бір бөлек еді. Роза мен Бибігүлді өмір бойы өнердегі темір қазық жұлдызындай көріп өтті.
  • (А.Қоразбаев, Д.Исабеков)
  • Бүгінгі кешіміздің кейіпкері Мәдина Ералиеваның әндерін ерекше сүйсіне тыңдап, таспаларын ұқыптылықпен жинап, балаларына естелік ретінде тапсырып кеткен Қошқаров Тұрғали атаның немересі - Маржан бүгін атасы қалдырған естелікпен бөліспек.Ортаға шақырайық...
  • Қайталанбас үніңмен алдың жаулап
  • Халқыңда әніңе кім иілмесін
  • Өмірде сен шырқаған әніңді айтып
  • Ұрпағыңыз бүгін сені еске алады.
  • Мәдинаның ізіне ерген «Мәдинаға ұқсап, әнші болсам» деген сіңлілерінің бірі – Айбану Есболаеваны ортаға шақырамын. Ш.Сариевтің сөзіне жазылған «Сыбызғы саз сырнай» әнімен, қарсы алыңыздар.!
  • Сахна төрінде жүргенде әр әншінің өз өмір белестері болады. Әр нәрсе өзінің сәтімен және сәтсіздігімен алма-кезек түсіп жатады. Сондай бір шақтарында Мәдина да барлық маңдай терін «Адырна» ансамбльіне жұмсады, яғни халықтың айтуы бойынша «Адырна» десе Мәдина деп, «Мәдина» десе адырна деп білетін.
  • Мәдина жастайынан жетім қалды. Ол сіңлісі Сағираны жетелеп жүріп, қаншама қиыншылық көрсе де жұлдызы аспанынан асыпты. Мәдина сахнаға шыққанда, бір құшақ күн шуағын ала шыққандай әдемі бір күйге бөленетін.
  • (Арсен Ералының анасы туралы сұхбаттарынан үзінді)
  • Бұрын Алматының өнер бағында ән салатын бұлбұл боламын деп ұшып келген Мәдина енді дүниеге шыр етіп келген, кіндік қаны тамған туған жердің топырағын соңғы рет иіскеп басу үшін, ата-ана аруағына тәу ету үшін қайтадан Қазалыға қарай ұшып бара жатты. Ол жердегі парызын толық өтеп болған соң, арман болған Алматыға, өз үйіне, баласы Арсенге қарай қайтпақ болып жолға шықты. Жолды біраз өндіріп келе жатқанда, ажал атты ақырет күші «Күрең күздің» өтінішін орындағандай, Мәдинаны өз құшағына алуға бекінді. Жазмыш солай болар.
  • Жер бетіндегі талай қиянат пен кедергіні жеңе білген өжет Мәдина ажалмен арпалыса алмай, жол апатынан соң, 5 сағат өткенде бақилық болып кете барды.

Ән «Күрең күз» Орындайтын: Кадирғалиев Өмірбек

  • Мәдинаның мезгілсіз өлімі барша қазақтың қабырғасын қайыстырды. Аяныш, өзекті өртеген өкініш. Бірақ, тағдырдың салған ісіне не шара... Өзі айтқан әндегідей «Тағдырдың салған ісіне, не істерсің, жаным, не істерсің...»
  • («Кірмеші жиі түсіме» әнін телеэкраннан кароеке әдісімен көрермендермен қосыла орындату.)
  • Алысқа барар дыбысың бар-ды
  • Алар ең жаулап тағы шыңдарды
  • Теледидарда - өшпейтін бейнең
  • Үнтаспаларда дауысың қалды
  • Жер бетіндегі тұрлаусыз тірліктің түйінін шешкен Мәдина қазақтың кең даласына сыймай, аһ ұрып өткен ақиық ақын Мұқағали Мақатаев пен сыршыл саздың сазгері Гүлнар
  • Дәукенованың «Күрең күз» әнін айтып, халқымен қоштасып бір жылдай қалқып жүрген болатын.
  • («Күрең күз» бейнебаянының бірінші шумағы қайырмасымен көрсетіледі.)
  • Сөйтіп, «Күрең күз» дегеніне жеткендей, 2000 жылдың 27 қарашасы күні сағат 17-00 шамасында оразаның алғашқы күні жер бетінен өзімен бірге Мәдинаны да мәңгілікке алып кетті де, қытырман қысқа өз орнын мерзімінен бұрын босатып берді.
  • («Күрең күз» бейнебаянының екінші шумағы қайырмасымен көрсетіледі.)
  • Өмір, өлім арасы бір-ақ қадам,
  • Ойламайды-ау, осыны бірақ та адам
  • Жарық дүние қаншама арбаса да
  • Жан болар ма жалғанда тұрақтаған
  • Бастап ең солай ән-ғұмырыңды
  • Ғарыштап алып мәңгілік нұрды
  • Мәдина – ғұмыр жалғасын табар
  • Болса да қысқа тағдырың мұңды.
  • Замана көшімен бірге әлі талай ұрпақ ауысар. Бірақ, Мәдинаның әсем әндері өнердің аламан бәйгесінен ешуақытта қалмас. Сылдырап аққан кәусар бұлақтай сұлу әні әлі де талай ұрпақты тәнті етіп, талай әншілерді өнер биігіне қол бұлғап шақыра берер. Оның мәңгілік ғұмыры да осы әндерінде.
  • (шақырылған қонақтарға естелікке М.Ералиеваның әндері жинағынан таспалары таратылады.)
  • Кештің қорытынды сөз кезегі беріледі. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары З.Нұғыманова
Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 72.37 Kb
Количество скачиваний: 36
Просмотров: 207

Похожие материалы