Қолданбалы курс, авторлық бағдарлама Химия "Өнеркәсіптегі химия" 10-сынып

Предмет: Химия
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Жоғары сыныпта оқушының қай бағдарлы сыныпты таңдайтыны жеке тұлғаның қызығушылығына, болашақта таңдайтын жоғары оқу орнының бағытына, рухани ерекшелігіне, отбасы және өзін қоршаған ортасына байланысты. Саралап оқытудың негізгі бағыты сол аймақтағы өндіріс орындарына мамандар дайындау міндеттеріне негізделеді.

    Қолданбалы курсты өткізу барысында  мектеп оқушыларына өнеркәсіптегі химияның орнын көрсету және жаратылыстану ғылымдарының ішінде химия төрден орын алатынын дәлелдеу.

Бүгінгі таңда «Өнеркәсіптегі химия» қолданбалы курсын өткізу бағдарламасына сұраныс бар деп ойлаймын.Әсіресе өнеркәсіп, өндіріс салалары жақсы дамыған аймақтарда өткізу бірден-бір қажет. 

  Пән мұғалімдеріне бұрыннан «Химия өнеркәсіпте» факультативтік курсы белгілі, авторы Д.А.Эпштейн, бірақ бұл курста қолданбалы бағыты  мен жергілікті жердің ерекшелігі, экологиялық жағдайы ескерілмеген. Сондықтан жоғарыда айтылған мәселелер мен республикамыздың аймақтық ерекшелігін ескеріп, практикалық бағытта экскурсиялар ұйымдастыру жоспарлануда. 

  Аталған курс бір-бірімен байланысты бес тараудан тұрады: химия өнеркәсібіне кіріспе, химиялық технология, химия мамандықтары, химиялық кинетиканың өндірістегі ролі, химиялық эксперименттер, өнеркәсіптегі химия – қара, түсті металлургия, күкірт қышқылын, азот қышқылын өндіру, аммиак синтезі, негізгі бейорганикалық химикаттар, негізгі органикалық химикаттар. Сонымен қатар еңбектің әртүрлі саласында химия мамандықтары туралы мәліметтер беру көзделеді.

   Курсты өткізуде практикалық бағытқа, мүмкіндігінше өндіріс орындарына экскурсия ұйымдастыру, ақпараттық технология бойынша соңғы ғылыми өндіріс жаңалықтарын өз беттерімен іздену арқылы жұмыс істеуге баулу.       

 

 Бұл курс 34 сағатқа негізделген.

 

Курстың мақсаты: Химияны оқытуда химиялық өнеркәсіптің жалпы ғылыми принциптері мен Қазақстанның химия өнеркәсібі, қалдықсыз технологияны ұйымдастыру, қоршаған ортаны қорғау жөнінде терең білім мен білік және біліктілікті дамыту. Болашақта химия саласы бойынша мамандықтардың сипатын беру және  таңдауларына бағыт - бағдар беру. 

 

Курстың міндеттері:

1.     Химиялық өндірістің шикізаттары, оларды тиімді пайдалану жөнінде мағлұмат жинақтау.

2.     Химиялық кинетиканың өндірістегі мәнін ашу.

3.     Өндіріс орындарында қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау қажеттілігі туралы өмірмен байланыстыра отырып дәлелдеу.

4.     Оқушылардың танымдылығын арттыру мақсатында өз беттерімен химиялық зерттеу жұмыстарын жүргізуге баулу.

5.     Бейорганикалық өнімдер өндірісінің қондырғылары макеттері мен модельдерін құрастыра білу.

6.     Оқушыларға химия мамандықтары (адам-табиғат, адам-адам, адам-техника) туралы және сол мамандарға тән қабілеттер жөнінде өз беттерімен ізденіп мәліметтер жинақтау.

7.     Экологиялық білім, сана, тәрбие, мәдениеттілік қалаптастыру.

8.     Қазақстан химиясына өз үлестерін қосып, еңбегі сіңген ғалымдар жөнінде ғылыми көпшілік әдебиеттермен,  интернет сайттарынан ізденіс жұмыстарын  жүргізу.

 

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 32.58 Kb
Количество скачиваний: 216
Просмотров: 505

Похожие материалы