Органикалық молекулалардың абиогендік синтезі.Тіршіліктің пайда болуы туралы қазіргі көзқарастар.Қазіргі кезде жерде тіршіліктің пайда болуы мүмкін бе?
Предмет:
Биология
Категория материала:
Конспекты
Автор:
Әлімқұлова Айгерім Әділханқызы
Здесь была ссылка на работу Органикалық молекулалардың абиогендік синтезі.Тіршіліктің пайда болуы туралы қазіргі көзқарастар.Қазіргі кезде жерде тіршіліктің пайда болуы мүмкін бе? автора Әлімқұлова Айгерім Әділханқызы.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Орыс биохимигі Александр Иванович Опарин 1922 жылы тіршіліктің Жер бетінде шығу тегінің табиғи теориясын тұжырымдады. Содан бері ол ең дұрыс және парнайы ғылым ретінде мойындаған тұжырым болып есептеледі. А.И.Опарин 1970 жылдан бастап тіршіліктің шығу тегін зерттеу жөніндегі Халықаралық қоғамды басқарды. А.И.Опарин коацерваттардың – сулы ерітіндідегі ағзалық заттардың тұрақты конгломераттарының пайда болу мүмкіндігін сынақтәжірибе арқылы дәлелдеді. Олар химиялық заттардың құрам бөлігі бола тұра кейбір тірі нәрсенің қасиеттерін көрсете алады. Сөйтіп коацерваттар протобионттар, яғни «тіршілік жолашары» деп атала бастады. Ағылшын биологі Джон Холдейн 1925-1929 жылдары Опариннің ойын одан әрі дамытты. Ол коацерваттардың тұрақтылығын көрсетіп, ағзалық заттарды қалыптастырудағы тұрақтылығын көрсетіп, ағзалық заттарды қалыптастырудағы энергия көзі ретінде ультракүлкін сәуле шығарудың рөлі туралы болжам айтты. Америкалық жас ғалым Стенли Миллер 1953 жылы Опарин мен Холдейннің болжамын сынықтәжірибе тексеру мақсатында тәжірибелер топтамасын жүзеге асырды. Америкалық зерттеуші Сидней Фокс аминқышқылдардың құрғақ қоспасын 1300С-ге дейін қыздырып, 200-ге дейін аминқышқылы бар өте тұрақты полимер алды. Оны протеиноид деп атады. Су көтерілген кезде даяр нәруыздар мұхитқа қосылды. Алынған Aпротеиноидтардың кейбіреулерінде өршітпелі белсенділік болды, яғни дұрысырақ айтқанда, фермент десе де болады. Фокстан кейін өзге зерттеушілер де жоғары температура орнына төменгі температурада, өршіткінің орнына саз алып, ұқсас тәжірибелерді ойдағыдай қайталады. Мұндай полипептидті тізбектер ХХ ғасырдың метеориттік заттардағы өзге ағзалармен бірге табылды.