Қоршаған ортамен таныстыру оқу іс-әрекет "Көктем келді"
Предмет: | Русский язык и литература |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Жумабекова Сагыныш Багитжановна
|
Бір жылда төрт жыл мезгілі болады. Олар: жаз, күз, көктем, қыс. Әр жыл мезгілінің өз ерекшелігі бар. соның ішінде маған ұнайтын жыл мезгілдерінің бірі – көктем.
Көктем – жылдың төрт мезгілінің бірі. Көктем наурыз, сәуір, мамыр айларын қамтиды .көктем күн мен түннің теңесуінен басталады. Күн мен түн уақыттарының теңесуі көбінесе наурыздың 20-сына келеді
Қазақ халқының дәстүрлі күнтізбесі бойынша жыл басы Көктемде 22 наурыздан, табиғаттың жандануымен басталады.
Көктемде күн ұзарып, ауа райының жылуынан қар еріп, тоң жібиді, жауын-шашын мол жауады, соның салдарынан көбінесе су тасиды. Көктемде жалпы тіршілік иелерінің жандануы, тірілуі басталады, жәндіктер мен хайуанаттар қысқы ұйқысынан оянып, тіршілігін бастайды, мал төлдеп, жыл құстары оралады, жер бетіне көк шығады, жеміс ағаштары бүршік атып гүлдейді. Жер жырту, ағаш отырғызу, егін егу, т.б. ауыл шаруашылығы жұмыстары жүргізіледі. Көктем айы бәрімізге денсаулық, береке, бірлік, тыныштық әкелсін!
“Көктемде табиғат ана оянады, қыстың қары еріп, құстар жылы жақтардан қайта оралады. Ағаштар бүршік жарып гүлдейді..” деген сарында басталатын. Одан бері талай көктем келді кетті. Әр көктем ерекше, бір керемет, сыры бітпес бір тылсым..
Әсіресе қызығы, мына көктем алды мезгіл. Қыс пен көктемнін алмасар уақыты. Бір бірімен сықылықтап қуаласпақ ойнаған кішкентай балаларды есіме салады менің..Біресе қыс көрінеді, біресе жылы көктем лебі. Ақыры соңында қыс шаршап тынады дағы, ал көктем керісінше күшіне күш қатып, ойыннан қалып бара жатқан қысқа бұртия қалады да көз жасын төгіп жібереді. Ойынға басқа бала келіп қосылғанша осылай жалғасады. Келесі бала ол жаз мезгілі..
Биылғы көктем ерке көрінді маған. Сыңғырлаған күлкісін, жылт еткен жанарын бір көрсетіп ғайып болатын ерке бір қызды еске салды. Жүректі қобалжытады, бірақ дүрсілдетпейді. Бірақ сонысымен адамды баурайды. Ішіңнен сол бір тәтті сәтке деген қуанышты сезесің, асыға күткендей боласың..
Табиғаттың бұл құбылысы мен ішкі құбылыстың сәйкес келуі де байқалды биыл. Көктем жылы күндердің, жаз шырайының хабаршысы болса, өмірдегі жаңа белестерге деген бет бұрыстың, жаңа бір беттің ашылуы, бір өзгерістің, бір кезеңнің алмасуының хабаршысы сияқты, екеуі де адамды қобалжытады, асықтырады, тағатсыздыққа душар етеді…
Мамыр айының басымен жазық далаға, тынысы кеңіген кең далаға аттанамын. Жасарып, жаңарған даланы құшағыма алып тербеліп қайтамын. Қара жерді астыма төсеп, көк аспанды жамылып жатып ұйықтаймын.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 47.5 Kb |
Количество скачиваний: | 54 |