»Қош бол, құтты әліппе!»

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!
Босқа қарап тұрмаңыздар!

Оқушылар демонстрациясы

Жылағандай болып ортаға екі оқушы шығады

"Зульхумар, Улбосын:
Торғай, торғай, көп торғай
Көп торғайда бір тоғай.
Біз адастық тоғайда
Торғай, торғай, жол қайда?

Залға әліппе кіреді

"Әліппе (Тоғжан):
Мен, әліппемін, әліппемін
Адасқанға жол алып келдім.
Өмірдегі қасиетті кітаппын мен
Ертеңіне негіз болам алып елдің.

"Мұғалім: Балалар, сендер әліппеден не үйрендіңдер?

"Балалар: (шулап, әркім өз білгенін айтады)

"Мұғалім: Жақсы, жақсы. Енді Расулға сөз берейік.

"Расул: Әліппе бізге дыбыстар мен әріптерді танытты. Алфавитті оқып үйрендік.

"Әсет: Әліппенің орны әрқашан да үйіміздің төрінде ғой. Әліппе, келіп орналасыңыз.

"Улбосын:
Тоқта, тоқта, дат тақсыр, ұғысалық
Шығар мүмкін дауысты дыбыс анық
Біз жоқ болсақ сөз болмайды,
Біз болмасақ кетпейді бағын жанып.

"Асылхан:
Оқу деген сөз ғой ол мағыналы,
Мағыналы талай сөз табылады.
Енді «Білім» сөзі жазылады.

"Азамат (екі жағына кезек қарап):
Қояйық біз айтысты,
Тыңдырайық бір істі.
Айтып- айтпай немене
Болайықшы тек күшті!

"Медеу:
Сөз құрамы болады қос дыбыстан.
Жол бермейік пайдасыз бос қағысқа
Дауыссыз бен дауысты дыбыстарды
Алаламай екеуін де дос қып ұста.

Достығымыздың белгісі болсын, ән салайық.
«Ақниет:Ақ көгершін » әні

(Кенеттен жылаған дауыс естіледі)

"Расул: Бәлі, мында біреу жылап отыр ғой. (Жылап отырған «У» дыбысын тұрғызып алып келеді)
Әсет (У): Үй жоқ менде, күй жоқ менде...(жылауын тоқтатпайды)
Мұғалім: Балалар, «У» дыбысының үйі неге жоқ? Күйі неге жоқ?

"Улбосын: Есімізге түсірейікші. «У» дыбысын не дауыстыға енгізбей, не дауыстыға енгізбей ағаш басына іліп кетіп едік қой. Тіліміздің заңы ғой, У дыбысы, кел, қатарымызға орналас.

"Әсет:
Бағынып заңға, бүгінгі таңда
Молайтып жүрмін тілімді
Сөкпеңіздер сұрарым
Қатарына әріптердің тұрармын.

"Оңғарбай:
Жарайды енді, түсін мейлі түсінбе
Абыройын әріптердің түсірме.
Бейбітшілік керек бізге әрқашан
Бірге тұрмыз әліппенің ішінде.

"Улбосын: Балалар, бізге әліппе танытқан орыс тілінен енген әріптер бар ғой. Енді солар сөйлесін.

"Мейрамбек:
Талабы мен заманның, тілегі мен адамның,
Келдік орыс тілінен
Өздеріне сүйене, ендік біздер жүйеге.

"Ануар:
Я буква «Ё» пришла не зря,
Из сказочного русского языка.
Связываю буквы, слоги и слова
Как день и ночь, утренняя заря.

"Жанелия:
Ең соңғы дыбысымын әліппенің,
Қазақ тілін дәріптедім.

"Медеу: Балалар, әліппе танытқан таңбаларды ұмытып барамыз ғой.

"Әсет, Расул:
Дыбыс емес әріппіз
Сырларына қанықпыз.
Ъ- айырамын сотқарды,
Ь- жұмсартамын достарды.

"Тоғжан:
Менімен қош айтысып қаласыңдар,
Енді қолға ана тілін аласыңдар.
Талаптанып, ерінбей оқысаңдар
Тәуелсіз елдің иесі боласыңдар!
Мына сандықтың ішінде сендерге сыйлығымды қалдырдым.

Елінің болашағын ойлаған
Бақытты балалары ойнаған
Тәуелсіздігінің 20 жылдығын тойлаған  

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 4.73 Mb
Количество скачиваний: 7
Просмотров: 127

Похожие материалы