Осьтік симметрия

Предмет: Математика
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:
Сабақтың тақырыбы: Осьтік симметрия Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушыларды симметрия түрлерімен таныстыру, түзуге қатысты симметриялы нүктелерді салуды үйрету; Дамытушылық: оқушылардың ой-өрісін,танымдық қабілеттерін, өз бетімен еңбектену дағдыларын дамыту, сабаққа деген қызығушылығын, ойлау қабілеттерін арттыру.Теориялық білімін практикада қолдана білу дағдысын қалыптастыру. Алған білімдерін өмірмен, басқа пәндермен ұштастыруға дағдыландыру. Тәрбиелік: ұқыптылыққа, шапшаңдылыққа, ізденімпаздыққа, әсемдікке тәрбиелеу, шығармашыл тұлға қалыптастыру. Сабақтың түрі: аралас сабақ Сабақтың әдісі: практикалық Сабақтың көрнекілігі: сызбалар, суреттер, слайд, деңгейлік тапсырмалар. Білімге жетелейтін үш жол бар: Еліктеу жолы- ең жеңіл жол, Ойлау жолы- ең игілікті жол, Тәжірибе жолы- Ең қиын ащы жол. Конфуций Ұранымыз: «Ойлан, ізден, шарықта». Барысы: І. Ұйымдастыру . Сәлемдесу. Балалар бүгінгі сабағымды бір-бірімізге деген жақсы тілектермен бастайық  Сіздерге жүрек үлгісінде қиылған фигуралар таратылады. Сол фигураға тілек жазып бір-бірімізге таратамыз.  Үй тапсырмасын тексеру.  №1174 Өткен сабақты сұрақ-жауап әдісімен қайталап, оқушылардың білімін ауызша тексеру. 1.      Қандай түзулер перпендикуляр түзулер деп аталады? 2. Перпендикуляр түзулер жазықтықты қандай бұрыштарға бөледі? 3. Қандай түзулер параллель түзулер деп аталады? 4. Берілген түзуде жатпайтын бір нүкте арқылы сол түзуге параллель неше түзу жүргізуге болады? 5.Координаталық жазықтық деген не? 6. Тік бұрышты координаталар жүйесі деген не және оны тағы қалай атайды?  7. Координаталық жазықтықтағы нүктенің координаталары қалай аталады? 8. Координаталық жазықтықтағы горизонталь сызылған координаталық түзу қалай аталады? 9. Координаталық жазықтықтағы вертикаль сызылған координаталық түзу қалай аталады?  10. Рене Декарт деген кім? III. Жаңа сабақ. а/ Жаңа сабақты слайд бойынша түсіндіру. Табиғатта ,техникада және тұрмыста кейбір денелердің бөліктері өзара үйлесімді болып орналасады.Насекомдарды, ою-өрнектерді, қар түйіршіктерін, әшекейлік бұйымдарды,т.б. мысалға келтіруге болады. «Симметрия» грек сөзінен алынған, ол «гармония» сөзі сияқты бірдей өлшемділікті, белгілі бір реттілікпен орналасқан деген ұғымды білдіреді.Симметрия әр түрлі болады. Симметрияның ең қарапайым түрі түзуге қатысты симметрия. ә/ Практикалық жұмыс Мысалы: алдарыңда парақ қағаз жатыр. Парақ бетіне а түзуін сызып, оны түзу бойымен бүктеңдер. Бүктелген парақтың сыртқы бетіне қандай да бір ою- өрнектің немес гүлдің жартысының суретін салыңдар. Суретті қайшымен қиыңдар, бүктеуін жазыңдар. Қандай сурет пайда болды. Енді қайта бүктеңдер. Олар қайтті? Беттесті. Ондай фигуралар түзуге қатысты симметриялы фигуралар деп аталады. Енді экрандағы суретке назар аударайық. Бұл суретте нені байқадық. Суреттегі фигуралар қалай орналасқан? Мұндай фигуралар симметриялық фигуралар деп аталады, ал тік және тең етіп, беттесетіндей бөліп тұрған сызық симметрия осі деп аталады.  Осыдан қандай қорытынды шығарасыңдар? Егер түзу бойымен бүктегенде жазықтықтағы екі фигура бір- бірімен беттесетін болса, ондай фигуралар түзуге қатысты симметриялы фигуралар деп аталады. Интерактивті тақтадағы суретке қарайық. Ол жөнінде не айтасыңдар?  Жазықтықтағы А фигурасы В фигурасына қатысты симметриялы. Кез келген геометриялық фигура нүктелерден құралатындықтан, түзуге қатысты симметриялы нүктелерді салуды үйренеміз: в/ Практикалық жұмыс.  Алдарыңда жатқан ақ қағазға k түзуін сызыңдар. Одан тысқары қандай да бір А нүктесін белгілеңдер. Қағазды k түзуінің бойымен бүктеп А нүктесін қаламның ұшымен тесіңдер. Сонда келесі бетте А нүктесіне симметриялы А1 нүктесі пайда болды, жазып қояйық А1 деп. Олар беттеседі. Ендеше- симметриялы. 2. Жазықтықта m түзуіне қатысты А нүктесіне симметриялы А1 нүктесін салайық. Ол үшін:  1) m түзуін сызып ,одан тыс жатқан А нүктесін белгілеу керек;  m;^2)А нүктесі арқылы m түзуіне перпендикуляр түсіру керек:АДІҮ. Пысықтау жұмысы. а/ Деңгейлік тапсырмаларды - практикалық жұмыстарды орындау. № 1 - Берілген фигуралардың симметрия осьтерін жүргізу, әріптермен белгілеп жазу. №2. Бірінші тұрған фигураның жарты бөлігін тап№3  Суретті аяқта  ә/ Оқулықпен жұмыс А. №1171 АВ,СД, ЕF және MN кесінділеріне k түзуіне қатысты симметриялы болатын А1В1,С 1Д1, Е 1F 1 және M 1N 1 кесінділерін сызыңдар. В. №1173 Координаталық жазықтықтағы А (2:6) нүктесіне: 1. Ординаталар осіне қатысты симметриялы нүктені тауып, координаталарымен жазыңдар; 2. Абсциссалар осіне қатысты симметриялы нүктені тауып, координаталарымен жазыңдар; С. №1179 161-суреттегі фигураларға к түзуіне қатысты симметриялы фигура салыңдар Фигуралар өзара симметриялы болатындай суретті аяқта. Сабақты қорытындылау Суреттерді салыстыра отырып берілген түзуге қатысты фигураларды анықта. Не себепті? • Үйге: Симметрия болатын ағылшын алфавитінің әріптерін жазып келу. • Симметрия болатын палиндром сөздер немесе сөйлем құрастыруБағалау /жетондар арқылы/
Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 25.22 Kb
Количество скачиваний: 20
Просмотров: 190

Похожие материалы