«ОТАНДЫҚ БІЛІМДІ ӘЛЕМДІК БІЛІММЕН ҰШТАСТЫРУ»

Предмет: Директору-завучу
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

Қазір көпшілік арасында «Кембридж тәсілі», «үш айлық курс» деген атпен кеңінен таралған мұғалімдердің біліктілігін арттыру  курсы ең көп талқыланатын тақырыптардың біріне айналып отыр. Біліктілікті арттыру бағдарламасы білім беру салаласындағы отандық және шетелдік озық тәжірибе негізінде жасалған. Бағдарламаны жасаушы  - Кембридж университеті Білім беру факультеті мен «Назарбаев зияткерлік мектептері»  дербес білім беру ұйымы.  Мақсаты – ұлттық зияткерлік әлеуетін дамытуға ықпал ету. Қазір біз дәстүрлі оқыту кезінде оқушыларға білімді негізінен дайын күйінде беруге дағдыланғанбыз. Мұғалім оқулықтағы материалды түсіндіреді, ертеңіне оқушы сол материалды мұғалімнің өзіне қайтадан айтып береді. Бұл білімді тасымалдау, беру, дайын күйінде қабылдау, яғни репродуктивті білім деп аталады. Себебі, бұл жағдайда оқушы ақпаратты тек механикалық түрде есте сақтайды. Ол ақпаратты өзі іздеп тауып, зерттеп, болашақта қалай қолдану жайын ойламайды. Блум таксономиясы тұрғысынан қарастырсақ төменгі, білу, түсіну деңгейіндегі білімді ғана беріп жүрміз. Бұл төменгі деңгейдегі ойлауға ғана негізделген білім. Оқушыларды жоғары деңгейде ойландыруға жете ден қоймағанбыз.

Дәстүрлі білім беруде мұғалімнің орны тақтаның алды, ол бүкіл сабақ бойы, яғни, 45 минут сөйлесе де айып емес. Ал конструктивті оқытуда мұғалім сабақ үдерісін ұйымдастырушы, ол сабақтың 10% уақытын, ары кетсе бір сабақта 12 минут қана сөйлеуі керек. Қалған уақытта оқушыны талқылауға тартып, өз ойын жеткізе білуге дағдыландыруға, жалпы сабақтың интерактивтілігі мен инклюзивтілігіне ден қоюы тиіс. Жылдар бойы мұғалімнің түсіндіруші, ал оқушының түсінгенін айтып беруші ретінде қалыптасқан рөлдері өзгерді. Ең бастысы оқушыларды ойлануға, өз бетінше жұмыс істеуге, өз бетінше ізденуге, өмір сүруге бейімдеуде ықпалы зор.

Бағдарлама  оқушыға білім алушы ретінде ғана емес, жеке тұлға ретінде қарауға да, оны тек оқытуға ғана емес, ортаға бейімдеуге, өмір сүруге икемдеуге баса назар аударылады. Бұл да біз аса маңызды деп таппаған, жете мән бермеген тұстарымыздың бірі екендігін мойындауға тиіспіз. Мәселен, 5-6 жасар баласы бар аналардан: «әріп таниды, биыл мектепке бере берем» - деген сөзді жиі естиміз. Біз мектепке дайындық деген түсінік пен баланың әріп тануын шатастырамыз. Баланың мектепке дайындығы оның әріп тануы емес, ол баланың бір орында отыра алуы, коллективте яғни ұжымда өмір сүруге мүмкіндігі, ортамен тіл табыса білуі, өзін-өзі реттей алуы, логикасының жетілуі, оның сыртында бала организмінің физиологиялық, психологиялық тұрғыдан жетілуі т.б. Ал әріп тану деген бұл аталғандардың қасында  қысқа мерзімде жатталатын нәрсе.  .Бағдарламада үлкен мән беріліп отырған мәселелердің бірі – бағалау. Қазір біз тоқсан бойы үш түрлі еңбектенген, үш түрлі қабілет көрсеткен, тіпті үш түрлі деңгейдегі оқушыны бір бағамен бағалап жүрміз.

Қазіргі бағалау жүйесінің кемшін тұсы бағалау билігі тек мұғалімнің қолында. Мұғалімнің қолындағы бағалау билігі кейде оқушы мен оның ата-анасына билік жүргізу, психологиялық қысым көрсету құралына да айналып кететіні жасырын емес. Жаңа бағдарлама бағалау үдерісіне демократиялық сипат беру жағын да көздейді.Қазіргі бағалау үдерісі тек мұғалімнің қолында болса, енді ол үдеріске оқушы да тартылады. Олар сабақ барысында өзін-өзі бағалау, сыныптастарын бағалау, топішілік, топаралық бағалау үдерісіне қатысып отырады. Біз қазір бағалаудың бір түрін ғана қолданып жүрміз, оны әдетте сабақ соңында жүзеге асырамыз. Оқушы жұмысын бағалаған кезде оның жетістіктеріне емес, көп жағдайда баға оның кемшіліктеріне қарай қойылады. Оқушы емес, оның жұмысы бағаланатыны да ескеріле бермейді.

 Ал жаңа бағдарлама формативті және суммативті бағалау түрлерін қолдануды және бағалауды тек сабақты қорытындылау сатысында емес, оқытудың құрамдас бөлігі ретінде де қарауды, сондай-ақ критерийлер арқылы бағалауды ұсынады. Сабақ барысында орындалатын тапсырмаларға байланысты оқушылармен бірге критерийлер дайындау жұмысы да өте маңызды. Критерийлер арқылы бағалау бағаның ашық, әділ, түсінікті болуына ықпал етеді.

 

 

 

 

 

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 3.44 Mb
Количество скачиваний: 10
Просмотров: 119

Похожие материалы