Отбасы айнасы іскерлік ойын

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Конспекты
Автор:
           Іскерлік ойын тақырыбы: Отбасы айнасы Мақсаты: Бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орнының ерекше екенін түсіндіру; ата-ана бойына өздерін тәрбиеші  ретінде қарауда қызығушылықтарын дамыту; баламен дұрыс тіл табысуға, сөйлеу мәдениетін үнемі қолдауға ой салу. Ата-аналарға бала тәрбиесінде инновациялық технологияларды таныстыру Түрі: іскерлік ойын   Жүру барысы: І. «Анықтама бөлімі» ІІ.Педагогикалық ситуатцияларды шешу ІІІ.Педагогикалық тренинг ІҮ.Мерекелік композиция құру Ү.  «Алаң»  пікірталас   ҮІ. Іскерлік ойынды  қортындылау.   І.«Анықтама бөлімі» Мақсаты: Ата-аналдардың сұрағына педагогтардың кәсіби және биязы жауап беруін жетілдіру. Құралдар: Анықтама бөлімі деп жазылған ширма және телефон, сұрақтар жазылған карточка. Ойын барысы: Тәрбиешілер кезекпен «Кеңесші» ролін ойнайды. «Тәрбиешілер»  ( қалған ата-аналар) сұрақтар жазылған карточкаларды еркін талдау арқылы «Кеңесшіден» сұрақтарға түсінік алады. Мысалы: Баланы тақпақты мәнерлеп айтуға қалай үйретуге болады? Менің балам мысық пен күшіктен қорқады. Не істеуім керек? 4 жастағы баланы өзбеттілікке қалай тәрбиелеуге болады? Қызым дәрігерге көрінуге қорқады. Не істеуім керек? Менің немерем ескертуді тыңдамайды. Сіз қандай кеңес бересіз? Балам үнемі ойнайды, сабақты қарағысы келмейді. Ал, ол 4жасқа толды, мектепке даярлау керек. Қалай бағындыруға болады? Кеңесшінің жауабына 1-2 минут уақыт беріледі. Егер «ата-ана» жауапқа келіспесе өз ойын айтуына болады.   ІІ.Педагогиқалық ситуацияларды шешу 1. Марат тарелкені сындырып алды. Балалар тәрбиешіге арызданды. Тәрбиешінің әсері. 2. Бала тәрбиешінің кітапты желімдейміз деген тапсырмасын орындауда желім төгіп алды. Топ балалары қуана секіріп айқайлап «біз сені айтамыз» деп  жүгере жөнелді. Сасып қалған балаға ешкім көмектеспеді. Сіздің шешіміңіз. 3. Бала ашу үстінде қасындағы жолдасын салып қалды. Ашуланған жолдасы жауап ретінде оны да салып қалды. Екеуі де жылап жүгере тәрбиешіге арызданды. Сіздің әрекетіңіз.  
Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 28.04 Kb
Количество скачиваний: 37
Просмотров: 241

Похожие материалы