Отбасы жарастығы 5 -сынып

Предмет: Обществознание
Категория материала: Конспекты
Автор:

Отбасы жарастығы  5 -сынып

Мақсаты:  Оқушылардың сыйластық, махаббат құндылықтары

                  туралы  түсініктерін кеңейту   

Міндеттері:

-                               отбасы жарастығы , татулығы туралы түсінік қалыптастыру

-                               отбасында жағымды қарым-қатынас жасау іскерліктерін

дамыту

-                               өзара сыйластыққа тәрбиелеу

Әдіс –тәсілдер: әңгіме , сұрақ-жауап, сахналау, шығармашылық ойын,

Көрнекі –құралдар: үнтаспа , оқулық, жүрекшенің үлгісі, слайдтар

Сабақ барысы:

Тыныштық сәті:  «Әкем -анам»  әні жүріп тұрады. Экраннан оқушылардың  өздерінің ,отбасыларындағы бақытты сәттерінен  фотосуреттері көрінеді.

Әңгімелесу:

- Балалар , біз бүгін сендермен «Отбасы жарастығы» жайлы әңгіме қозғаймыз.

- Отбасы дегеніміз не?

- Отбасы дегеніміз бір үйде тұратын ең жақсы туыс адамдар. Ол адамдарды отбасы мүшелері дейміз.

- Сен отбасында кімсің?

- Мен отбасының мүшесімін, әке мен анамның баласымын , ата мен әжемнің немересімін.

-Отбасы мүшелері бір – бірімен қандай қарым –қатынас жасайды?

- Әңгімелеседі, бір –бірін сыйлайды, балалар үлкенді тыңдайды, бірге демалады.

-Отбасында қандай жағымды жақсы  сөздер айтылады?

- Рахмет ,  қайырлы   күн, ас дәмді болсын, жолыңыз болсын, көріскенше , кешіріңіз.

- Иә, дұрыс айтасыңдар, балалар , бір шаңырақ астында тұратындардың бір- біріне сыйластығы , махаббаты, бауырмалдығы , бір –бірімен ынтымағы татулығы , бірлігі  отбасы жарастығын құрайды.

Ұлы жазушы М.Әуезов «Алдыңғы жақсы артқы жасқа тәлім айтпаса, ел болғаның қайсы» деген екен.  Ата-бабаларымыздан қалған рухани мирас - тек қана қазақ халқына тән ұлттық болмыс ерекшелігіміз.

Қазақ отбасындағы, ұрпақ тәрбиесіндегі келеңсіздіктерді Бауыржан Момышұлы былай сипаттаған: «Жаудан да, даудан да қорықпаған қазақ едім, қорқынышым көбейіп жүр. Балаларын бесікке бөлемеген елден қорқам, немересіне ертегі айтып беретін әжелердің азаюынан қорқам, дәмді, дәстүрді сыйламайтын ұрпақтан қорқам». (видео «Шеге»-қосымша диск)

  «Ұлы болу оңай емес, ал ұлылардың ұрпағы болып қалыптасу одан да қиын» деген қағиданы Бауыржан Момыш-ұлындай ұлы адамның келіні болу бақыты бұйырған Зейнеп Ахметова апамыз  «Бабалар аманаты» кітабында ұлт мақтанышы Бауыржан Момышұлының көзі тірісінде кейінгі ұрпаққа аманат етіп қалдырған ұлттық болмыс ұғымдары- салт-дәстүр, халық тәрбиесі, т.б. көптеген ұлттық құндылықтар туралы айтқан ойлары, әңгімелері, толғаныстары жинақталған, соны оқуға кеңес беремін.

 Және Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы»роман-эпопеясын оқу әр қазақ баласының парызы.  Ұлы жазушының  бұл роман – эпопеясынан отбасы жайлы, ондағы адамдардың қарым – қатынасы жөнінде көптеген мағлұматтар алуға болады. Зере, Ұлжан, Айғыз, Ділда, Тоғжан, Әйгерім, Салтанат, Керімбалалар, көненің көздері – Бөжей,Байсал, т.б.  тұлғалардан алар өнеге көп-ақ.

Абай атамыздың мұралары да сарқылмас бұлақ.Абайдың жетінші сөзінде бала туралы, ақыл үйрену мен насихат тыңдау мәселелері сөз болады. «Жас бала – анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады; біреуі ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Бұлар тәннің құмары… Біреуі білсем…көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі жан құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген». Осы Абай айтқан екі мінезден автордың өзіне екіншісі ұнап тұрғанын, жүрегіне жақын қонымдысы да сол екенінде дау жоқ. Абай осы екінші мінезділерді тыңдайды, оларды ұнатады.

Отыз сегізінші сөзі:Ей, жүрегімнің қуаты, перзентлерім! Сіздерге адам ұғылының мінездері тұғралы біраз сөз жазып ядкар (ескерткіш, есте қалу) қалдырайын. Ықылас бірлән оқып, ұғып алыңыздар, аның үшін махаббатың толады. Махаббат - әуел адамның адамдығы, ғақыл, ғылым деген нәрселер бірлән. Мұның табылмақтығына себептер - әуелі һауас сәлим (жақсы сипат) һәм тән саулық, бұлар туысынан болады, қалмысы жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады. Талап, ұғым махаббаттан шығады. Ғылым-білімге махаббаттандырмақ әлгі айтылған үшеуінен болады...  (аудио роликтен тыңдату)

Шығармашылық жұмыс:

 Бір сәт көзімізді жұмып , өз отбасымызды көз алдымызға елестетеміз. Енді әрқайсымыз өз отбасымыздағы адамдарға жақсы тілегімізді іштей айтайық.

-                                                    Көзімізді ашайық. Отбасыларыңды елестеткен сәтте қандай жағдайда болдыңдар?

-                                                    Отбасыларыңа қандай жақсы тілек тіледіңдер?

Дәйек сөз

«Ұяда не көрсең , ұшқанда соны ілесің».

Отбасында баланы жақсы тәрбиелесе ол әдепті, ақылды азамат болып шығады.

Енді балалар, мына видеофильмді қарайықшы... (видео «Барлығы өз қолыңда...)

- Қандай әсер алдыңдар?

-Не түсіндіңдер?

Сахналау «Сыйластық»

1.                                                Ата, әже болып ақыл айту

2.                                                Әке болып еркелету, ана болып мейірімді болу.

Тапсырма

Берілген мақалдарға сүйеніп , шағын әңгіме құрау.

Ата – асқар тау,

Ана – бауырындағы бұлақ

Бала- жағасындағы құрақ.

Ата – бәйтерек

Бала- жапырақ.

Анаңды Меккеге үш арқалап барсаңда, қарызыңнан құтыла алмайсың.

Ойын «Айналайын, толғанайын»

Түйіндеме

Отбасы – сүйіспеншілікті сезіне білуге үйретеді

-                                                    жақсылыққа жетелейді

-                                                    үлкендерді құрметтеуге , кішілерге қамқор болуға тәрбиелейді

Қорытынды

-                                                    Балалар ,бүгін біз не жайлы әңгімелестік?

Сабақ сендерге ұнады ма?

 - Ал қазір отбасымызға  , шаңырағымызға жақсы тілектер айтайық .

 

-                                                     Бәріңе рахмет!

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 5.07 Mb
Количество скачиваний: 8
Просмотров: 172

Похожие материалы