Отбасында адамгершілікке тәрбиелеу

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Конспекты
Автор:

Бүгінгі еліміздің ертеңі – жас ұрпақ рухани кемелдену дәрежесіне жету үшін, ұлттық тәрбиенің де алар орны ерекше. Жеке тұлғаны қалыптастыруда, олардың жан дүниесіне сезіммен қарап, әрбір іс - әрекетіне мақсат қоюға, жоспарлауға, өзіне - өзі талап қоя білуге тәрбиелеу – адамгершілік тәрбиесінің басты мақсаты. Мектепке дейінгі білім беру саласының мақсаты - балалардың рухани - адамгершілік қасиетін қалыптастыру. Рухани - адамгершілік тұрғыдан білім беру жобасының авторы - Сара Алпысқызы Назарбаева - мектеп жасына дейінгі баланың рухани адамгершілік тәрбиесінің алғашқы негіздерін алуға әрекет етеді. Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа - адамгершілік - рухани тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз - өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқарады. Рухани - адамгершілік тәрбие - екі жақты процесс. Бір жағынан ол үлкендердің, ата - аналардың, педагогтардың балаларға белсенді ықпалын, екінші жағынан - тәрбиеленушілердің белсенділігін қамтитын қылықтарынан, сезімдері мен қарым - қатынастарынан көрінеді. Адамгершілік тақырыбы - мәңгілік. Жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру - ата - ана мен ұстаздардың басты міндеті. Адамгершілік әр адамға тән асыл қасиеттер. Адамгершіліктің қайнар бұлағы - халқында, отбасында, олардың өнерлерінде, әдет - ғұрпында. Әр адам адамгершілікті күнделікті тұрмыс — тіршілігінен, өзін қоршаған табиғаттан бойына сіңіреді. Көрнекті педагог В. Сухомлинский «Егер балаға қуаныш пен бақыт бере білсек, ол бала солай бола алады», — дейді.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 42.56 Kb
Количество скачиваний: 9
Просмотров: 128

Похожие материалы