Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
№39 жалпы орта білім беретін мектеп.
Ашық сабақ тақырыбы:
Тамыр бөлімдері.
Сыныбы: 6 «Г»
Биология пәнінің мұғалімі: Сыдыкова А.С
2014-2015 оқу жылы
Ашық сабаққа өзіндік талдау
- Өткізген ашық сабағым 6 «г» сыныбында өтті. Сабаққа 25 оқушының қатысты. Сынып оқушылары белсенді, жауапкершіліктері мол, білімге құштар, алғыр, қабілетті, ізденімпаз.
- Алынған тақырыбым бөлімнің ішіндегі жаңа материалды игеруге бастама беретін, мазмұнын ашатын, сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне сай.
- Жаңа материалдың көлемі мен қиындығы, мазмұны түсінікті.
- Сабақтың түрі білімді меңгерту және шығармашылық сабақ болғандықтан алдыма қойған ең негізгі мақсатым, тамыр бөлімдерімен таныстырып, жаңа білім беру, ойлау қабілеттерін, біліктіліктерін жетілдіріп, түрлі көрнекі құралдар арқылы пәнге деген қызығушылықтарын арттырып, шығармашылық, іздену қабілеттерін дамыту, жауапкершілікке, салауаттылыққа тәрбиелеу сияқты үш жақты үйлестілікті дұрыс ұйымдастырып, негіздеу болатын. Көздеген мақсат-міндеттеріме оқушылардың тікелей қатысуымен қол жеткіздім деп ойлаймын.
- Өткізген сабағым қызықты, жаңашыл түрде өтті. Ең бастысы оқушылар өткен тақырыппен байланыс жасай отыра жаңа материалды толық игеріп, өздеріне тың мағлұматтар алды. Сынып оқушыларының әрқайсысы өздеріне өзіндік бағалау беріп, толық бағаланды. Оқушыларды оқыту, тәрбиелеу және дамытуға барлық мүмкіндіктер пайдаланылды.
- Келешекте өткізетін сабақтарымда Insert түртіп алу кестесімен жұмыс істеуді, өзіндік іздену қабілеттерін дамыту жұмыстарын, пәнаралық байланыстарды ары қарай жалғастыруды, жетілдіруді көздеймін.
-
Биология пәнінің мұғалімі: Сыдыкова А.С
Пән бірлестік жетекшісінің талдауы:
Ашық сабаққа 2 ұстаз қатысты. Сабақты интерактивті тақтада өткізді, мақсаты айтылды. Үй тапсырмасын «Сұрақ жауап», «Көкпар» ойыны арқылы тексерді
Жаңа сабақты көрнекілік арқылы оқушыларға жақсы түсіндірді, мұғалімнің білімінің жоғары екендігі байқалады. Сабақ жоспарының құрылымы жақсы. Оқушылардың ойлауына, есте сақтауына, пәнге қызығушылығына және шығармашылық ізденуіне көп көңіл бөледі. Сабақта пәнаралық байланыс болды.
Сабақты бекітуде оқушылардың алған білімдері тексерілді, тамыр бөлімдерін сызба-нұсқа арқылы бақылады. Сабаққа келген оқушылардың барлығы қамтылып, белсене қатысты. Үй тапсырмасы берілді, оқушыларға іздену үшін баяндама тақырыбы айтылды. Сабақ өте жоғары дәрежеде өтілді, мақсатына жетті. Мұғалімнің әдістемелік дәрежесі жақсы, білімді, білікті жас маман.
Бірлестік жетекшісі: Кисыкова Г.Т
Сабақтың жоспары:
Сабақтың тақырыбы: Тамыр бөлімдері.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Тамыр бөлімдері, атқаратын қызметтері туралы мағлұмат беру.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, есте сақтау, біліктіліктерін жетілдіру, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, іздену, шығармашылық қабілеттерін дамыту
Тәрбиелік: Жауапкершілікке, адамгершілікке, салауаттылыққа тәрбиелеу
Сабақтың көрнекіліктері: Компьютер, интерактивті тақта, суреттері, слайдтар
Сабақтың түрі: Білімді меңгерту, шығармашылық сабағы
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Интерактивті оқыту, түсіндіру, сызба-нұсқа, ойын, сұрақ-жауап, көрнекілік, Insert кестесі
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру
II Үй тапсырмасын сұрау
1-кезең: “Көкпар”
- 1.Мүше дегенді қалай түсінесіңдер?
- 2.Қандай мүшелер болады?
- 3.Неліктен вегетативті мүшелер дейді?
- 4.Вегетативті мүшелерді атаңдар?
- 5.Тамыр шығу тегіне қарай нешеге бөлінеді?
- 6.Тамырдың қызметі.
2-кезең: “Сұрақ жауап”
Кіндік тамырдың Шашақ тамырдың
атақаратын қызметі атақаратын қызметі
жататын өсімдіктер жататын өсімдіктер
III Жаңа сабақ
- Тамыр бөлімдері.
- Атқаратын қызметі.
- Ұлпаның тамырдағы орны.
-
-
-
- Тамыр ұзындығына,атқаратын қызметіне қарай: тамыр оймақшасы,бөліну, өсу, сору,өткізгіш болып бөлінеді.
Тамыр оймақшасы Бөліну Созылу Сору Өткізгіш - Тамыр ұшындағы түзуші ұлпалардан құралған өсу нүктесінің сыртын қаптап тұрады.Тамыр оймақшасының сыртқы қабатындағы жасушалар шырышты зат бөледі.Ол зат тамыр ұшындағы жаңадан пайда болған нәзік жасушаларды қажалудан қорғайды.Тамырдың топырақтағы қозғалысын жеңілдетеді.
Атқаратын қызметіне қарай сыртқы,ортаңғы,ішкі болып 3 қабаттан тұрады. Ең сыртқы қабатындағы жасушалар тамырдың мөлдір өңі мен оймақшасын түзеді.Ортаңғы қабатынан алғашқы қабық,ішкі қабаттан орталық цилиндр түзіледі.Жасушалары дамылсыз бөлініп,басқа бөлімдерінің қалыптасуына себепші болады. Өсу бөлімінің жас жасушалары бөлінбейді.Ұзынынан созылып ұзарады.Тамыр ұшының топыраққа терең енуіне әсер етеді.Алғашықы өткізгіш ұлпалар осы бөлімде түзіле бастайды. Қалың түктері бар бөлік.Тамыр түктері тамырдың сыртын қаптап жатқан жұқа өң қабықшасы жасушаларының созылуынан пайда болады.Тамыр түктерінің ұзындығы әр түрлі.Әрбір түк-жұқа қабықшасы,цитоплазмасы,ядросы және вакуольі бар жеке ұзын жасуша.Тірек қызметін атқарады. Су мен онда еріген қоректік заттарды тамырдан өсімдіктің жер үсті мүшелеріне жеткізеді.Бұл бөлімде тамыр түктері болмайды,жанама тамырлар көп болады.
-
- Жаңа сабақты бекіту.
- Берілген өсімдіктердің тұсындағы санын дәл келетін тамыр жүйесінің бағанына жазыңдар.
-
- 1)Пияз
- 2)Қауын
- 3)Сәбіз
- 4)Жүгері
- 5)Асқабақ
- 6)Күріш
- 7)Ермен
- 8)Қамыс
- 9)Асбұршақ
- 10)Сұлу
-
-
Кіндік тамыр жүйесі Шашақ тамыр жүйесі
“Инсерт” түртіп алу жүйесі арқылы кестені толтыру
Білемін
Меңгердім
Нені түсінбедім?
Таңқалдырды
V Бағалау
Бағалау парағы арқылы оқушылар алдымен өзіндік бағалауларын қойып шығады, одан соң мұғаліммен оқушының ортақ бағасы қойылады.
VI Үйге тапсырма беру
1. §6 оқу; Баяндама жазу:
Кестені толтыру.
Ұлпаның аты
Ұлпаның тамырдағы орны
Атқаратын қызметі