Открытый урок "Алюминий"
| Предмет: | Химия |
|---|---|
| Категория материала: | Конспекты |
| Автор: |
Тажибаева Меруерт Асылхановна
|
Мы восстанавливаем материалы только с согласия их авторов.
1.Жалпы сипаттама. Периодтық жүйедегі орны және атом құрылысы.
Алюминий – III топ, негізгі топша элементі, р - элемент. Алюминийдің жалғыз тұрақты изотопы 27АІ бар. Сыртқы электрондық қабатының құрылысы-3s23p1, осыған байланысты алюминий +3 тотығу дәрежесін көрсетеді.
Электрондық формуласы: 1s22s22p63s23p1
Алюминий химиялық реакцияларда 3 электрон беріп, өзінің тұрақты +3 тотығу дәрежесін көрсетеді:
AI0 – 3e- AI3+
Табиғатта таралуы:
Алюминий – белсенді болғандықтан табиғатта бос күйінде кездеспейді, ал қосылыстар құрамында ең көп таралған металл.
Оның жер қыртысындағы үлесі 9%. Жер қыртысында алюминий көптеген минералдар түзеді. Алюминийдің маңызды өнеркәсіптік кендері: боксит (AI2O3*nH2O), корунд (AI2O3), каолинит (AI2O3*2SiO2*2H2O), ортоклаз (KAISi3O10). Елімізде алюминий кендерінің үлкен қоры Арқалықта (Қостанай облысы) бар. Сол кенді пайдаланып Павлодар алюминий зауыты жұмыс істейді.
Корундтың мөлдір қоспаларымен боялған кристалда белгілі: қызыл-рубин және
көк- сапфир, бұлар бағалы тас ретінде пайдаланады.
| Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
|---|---|
| Размер: | 93,5 КБ |
| Количество скачиваний: | 16 |