Открытый урок Қазақтың ұлттық тағамы-бесбармақ тағамының дайындалуының технологиялық және калькуляциялық карталарын «Excel» кестелік бағдарламасының көмегімен есептеу.

Предмет: Другое
Категория материала: Конспекты
Автор:

Бесбармақ - бұл тағам өзінің дайындалуы жағынан көшпенділер үшін өте жеңіл әрі ыңғайлы болып келген және қазірде солай. Сонымен қатар, ол өте дәмді, хош иісті, жоғарғы калориялы және бір аста екі тағам біріктірілген.

Бесбармақ - бұл піскен ет пен сорпада пісірілген бидай ұны қамырынан жасалған нан жұмсағы жиынтығынан (ет, нан, сорпа тұздығы, бұрыш, тұз) тұратын ас. Бесбармақ тағамын дайындау үшін қой, сиыр, жылқы, түйе еттері солармен бірге олардың сүйектері пайдаланылады. Жас еттермен қатар сүр еттер, қазы-қарта, жал-жая да пайдаланылады. Тұздықты бөлек береді. Сорпа астың қою бөлігі желініп болған соң бөлек беріледі. Пісіру уақыты, ет түрлеріне қарай 2-2,5 сағат.

Бесбармақ мөлшері әр сыбағаға (массасы 500 г) 25% ет, 40% қамыр жұмсағы (нан), 30% сорпа және 5% тұздық құрамына кіретін жиынтық есебінен келетіндей етіп дайындалады, бірақ бұл мөлшер аспазшы мен үй шаруасындағы әйелдің тапқырлық шеберлігіне байланысты өзгеріп отырады.

Бесбармақтың түрлері:

1.«Жайлау» бесбармағының құрамы: жас қойдың еті, қарын, тұз, бұрыш, басты пияз, ұн, жұмыртқа.

2.Балықтан әзірленген бесбармақтың құрамы: балық, басты пияз, сары май, тұз, бұрыш, ақжелкек көгі, ұн, жұмыртқа
Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 23.03 Mb
Количество скачиваний: 5
Просмотров: 185

Похожие материалы