Открытый урок по биологии "Гидра" (7 класс)

Предмет: Биология
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

 

 

 

Атырау қаласы Жұмыскер кенті

Исатай Тайманов атындағы орта мектеп

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бағыты: Жануартану

Сыныбы: 7  "а"

 

                                    

 

Ашық сабақтың тақырыбы:  "Гидраның құрылысы"

 

 

 

 

 

 

Өткізетін: биология пәнінің мұғалімі: А.Т.Жексенова

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2014-2015 о/ж

 

 

 

 

 

Күні: 10 қазан

Сыныбы: 7 "а"

Ашық сабақтың тақырыбы:  "Гидраның құрылысы"

 

Мақсаты:

Білімділік мақсаты: Ішекқуысты  жәндіктердің құрлысы,

 сан алуандығы, тіршілік жағдайы, ішекқуыстылардың 

табиғаттағы және адам өміріндегі  рөлі туралы   түсінік  беру.

     Дамытушылық мақсаты:

дүниетанымдарын кеңейту,  логикалық және аналитикалық ойлау қабілеттерін дамыту

    Тәрбиелік мақсаты:  ішекқуыстылардың  пайда – зияны, сақтану шараларын түсіндіру, әсемдікті сезіне білуге, табиғаттағы үйлесімділікті сақтай білуге тәрбиелеу, қоршаған ортаға деген жауапкершілік сезімін ояту.

 

Міндеттері:

1. Сабақ барысында алған ақпараттарын өзгелермен бөлісуді үйрету.

2. Топта жұмыс жасата отырып, бірін-бірі оқытуға және бірін-бірі бағалауға үйрету.

3. Өзгенің пікірін тыңдауға, сыйластық танытуға, мәдениетті қарым-қатынасқа дағдыландыру.

Күтілетін нәтижелер: Суреттер бойынша жаңа сабақтың тақырыбын айқындай алады, өз ойларын жинақы жеткізе алады, мәтінмен танысу нәтижесінде әрекеттерін іс жүзінде көрсете алады; оқушылар тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін өз дәрежесінде қолдана алады, табиғатты және оның байлықтарын қорғау – баршамыздың міндетіміз екенін ұғынады.

Сабақ түрі: жаңа сабақ

Сабақ әдісі: СТО стратегиялары, сұрақ-жауап, оқулықпен, суретпен және тақтаның көмегімен жұмыс істеу арқылы пәнді игеру, пікір білдіру, тапсырмалар орындау және.т.б.

Пәнаралық байланыс: сурет, экология, әдебиет

Тапсырмалар: топтық, жұптық жұмыс түрлері, постер арқылы «біржасушалылар»,  "көпжасушалылар" сөзіне толық сипаттама беру, жобаны қорғау;

Дерек көздері, құрал-жабдықтар: оқулық, маркерлер, интербелсенді тақта, бағалау парақтары, слайд материалдары, суреттер салатын парақтар, флипчарттар, стикерлер, әуенді музыка

Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымдастыру

·        оқушылардың сабаққа қатысын тексеру

·        оқушылардың сабақ құралдарын тексеру

 

Мотивациялық трениг (психологиялық ахуал) 5 минут

Балалар қолдарынан ұстап, шеңбер жасап тұрады. Мұғаліммен бірге өлең жолдарын қайталайды.

Қайырлы күн, жер ана,

Қайырлы күн , көк аспан

Қайырлы күн, балалар

Қайырлы күн, мұғалім

-Балалар сендер қолдарыннан ұстап тұрғанда не сезіп тұрсыңдар? -Жылулық.

-ендеше осы жылуымызды , бір-бірімізге сыйлайық. (балалардың тілегі. Мен саған бақыт тілеймін. )

Сыныпты топқа бөлу

(оқушыларға шелекте тұрған әр түрлі жемістерді беру арқылы 4 топқа бөлемін)

 

 "Лимон",  "Банан",  "Алма",  "Алмұрт" топтары

(Бағалау парақшасын оқушыларға беру/4 топқа)

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

(Есік қағылады. Есіктен кірген мұғалім Тазша баладан сыныпқа келген хатты береді. Сол хатта берілген тапсырмаларды оқушылар орындайды)

 

Біржасушалыларға тән ерекшеліктерді белгілеп көрсетіңіздер:

"Иә"

"Жоқ"

Ерекшеліктері

+

 

Жануарлар дүниесі біржасушалы және көпжасушалы болып екі тармаққа жіктеледі

+

 

Оларды қарапайымдар деп те атайды

 

-

Жасыл эвгленаның екі талшығы болады

 

-

Тамыраяқтылардың дене пішіні тұрақты

+

 

Кірпікшелі кебісшенің пішіні кебіске ұқсайды

+

 

Амеба протей амебалардың ірі түрінің бірі

+

 

Вольвокстың әрбір дарағы шоғыр болып тіршілік етуге бейімделген

 

-

Хлоропластың құрамында хлоропилл болады

 

-

Арцелланың бақалшағы болмайды

+

 

Кірпікшелі кебісшенің алдыңғы жағы доғал, артқы жағы сүйір болады

+

 

Вольвокстың екі талшығы болады

 

-

Жасыл эвглена мен кірпікшелі кебісшенің пішіндері тұрақсыз

 

 

 

Кері байланыс (Әр топ бір біріне сұрақтар қояды)

1 топ сұрақтары:

1.Қарапайымдылар типінің адам паразиттерін зерттейді? (протозоология)

2. Иесінің дене жамылғысының сыртында (тері,туктер) тіршілік етеді.(эктопаразит)

3.Паразит ұзақ уақыт сақталатын ағзаларды қалай атайды? (резервуар)

2 топ сұрақтары:

1.Көптеген паразиттердің таралуы үшін резервуарлардан басқа кімдер қажет?(таратушылар)

2.Эхинококкоз ауруын тудырушы паразит?(эхинококк)

3.Адамның паразиттік амебасын зерттеген ғалым?(гросс)

3 топ сұрақтары:

1.Иесінің ішкі мүшелерінде тіршілік ететін паразиттер?(эндопаразит)

2.Қарапайымдылар,гелминттер, насекомдар әсерінен пайда болатын аурулар?(инвазиялық)

3.Өздерінің өмірінің шамалы ғана уақытын иесінің денесінде өткізетін паразиттер?(уақытшапаразит)

4 топ сұрақтары:

1.Әртүрлі микроағзалардың әсерінен пайда болатын аурулар?(инфекциялық)

2. Паразит жәндік лямблияны ең алғаш бауырдағы өт өзегінен тапқан украин дәрігері? (Лямбль Душан Федорович)

3.Амебаның ең жоғарғы шапшаңдығы?(сағатына 1 см)

 

( "Бірге ойланайық!" бөлімі. Бұл бөлімде ой қозғайтын сұрақтар беріледі. Сол сұрақтар арқылы оқушылар өз ойларын айтады)

1. Мектептегі бор туралы не білесіз?

Жауабы:

Біз тақтаға жазып жүрген бор теңіз қарпайымдарының бақалшақтарынан құралған .

2. Қарапайымдар тұрып қалған суларда, топырақтың дымқыл қабатында да таралған, бірақ олар қайнаған суда тіршілік ете алмайды. Неге?

Жауабы: Қайнаған суда оттегі жоқ

3. Жасыл эвглена жарықта хлоропластта түзілген органикалық заттармен қоректенетіні белгілі. Қараңғыда жасыл эвглена тіршілігін дәл солай жалғастыра ала ма?                                       

Жауабы: Жоқ. Ұзақ уақыт қараңғы жерде эвглена еріген органикалық заттармен қоректене бастайды.

 

"Миға шабуыл"(топқа сурет жапсырылған ватман беріледі.Сол суреттегі берілген микроскоп және қарапайымдардың құрылысын жазып, атап шығуы керек)


 


 


 

     


 

 

- Балалар,  жаңа тақырыпты бастамас бұрын сергіту сәтін орындайық!

 

 

 

 

 

Жаңа сабақ

 

Жоспары:

 

1 Сыртқы құрылысы

 

2 Жасушалары

 

2.1 Эктодерма қабатында

 

2.2 Энтодерма қабатында

 

3 Гидраның тамақтануы

 

4 Көбеюі

 

5 Өкілдері

 

 

 

         Жалпы түр саны 9000 жететін ішекқуыстылардың көпшілігі теңіздер мен мұхиттарда мекендейді. Еркін немесе бекініп өмір сүреді . Ішекқуыстылардың барлығының денесі екі қабаттан тұрады, дене ішінде қуыс болады.

 

         Гидралар (Hydrozoa) – ішекқуыстылар типінің омыртқасыз жануарлар отрядына жататын жыртқыштар. Қазір гидралардың 10-нан астам түрі белгілі. Соның ішінде Қазақстанда кәдімгі гидралар (Hydra vulgarіs), жасыл гидралар (Chlorohudra vіrіdіssіma), сабақтәрізді гидралар (Pelmatohudra olіgactіs) кездеседі. Гидралар – дене тұрқы 1 см-ге дейін жететін цилиндр пішінді, тұщы суда мекендейтін полип. Ол табанымен су астындағы өсімдіктерге, тасқа, т.б. заттарға жабысып, баяу қозғалып, тіршілік етеді. Гидралардың денесі эктодерма және энтодерма қабаттарынан тұрады. Аузының айналасында 6 – 12 қармалауыштары бар. Қармалауыштарының және атпа клеткаларының көмегімен ұсақ жәндіктерді, әсіресе, шаянтәрізділерді ұстап алып жұтады. Энтодерма қабатына түскен қорегін жасуша ішінде қорыту үшін олардың безді жасушалары ас қорыту сөлдерін бөледі. Қорытылмаған қалдықтары ауыз тесігі арқылы сыртқа шығарылады. Гидралар жынысты және жыныссыз (бүршіктену арқылы) жолмен көбейеді, дара жынысты да, гермафродит түрлері де кездеседі.

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 7.73 Mb
Количество скачиваний: 8
Просмотров: 169

Похожие материалы