Открытый урок по казахскому языку на тему Ас атасы -нан 7класс

Предмет: Иностранные языки
Категория материала: Конспекты
Автор:

Сыныбы:  7 (орыс сыныбы)

Пәні: қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы:«Ас атасы- нан. Қос сөздер мен біріккен сөздерді қайталау»

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Берілген тақырыпты талдап, саралай отырып, бұрынғы сыныптарда  алған білімдерін кеңейту,біріккен сөз бен қос сөз туралы алған білімдерін бекіту

Дамытушылық: оқушыларға қазақ тілінің қағидаларын меңгерте отырып,  Тілдік  талдау дағдыларын,  сөйлеу мәнерлерін дамыту меңгеруге машықтандыру, есте сақтау, өмірде қолдана білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: егемен еліміздің болашағы  – жас ұрпақты   Басты тағам нанды қадірлеп, қастерлей білуге тәрбиелеу. тәрбиелеу.Бір-бірін түсініп, тыңдай білуге, сыйлауға дағдыландыру білуге үйрету.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақтада орналастырылған слайдтар,  ақ қағаздар /постер/,смайликтер, тірек сызбалар.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі:Сұрақ-жауап, топтау , түсіндіру.

Пәнаралық байланыс: әдебиет.
Сабақ барысы:

І кезең. Бағдарлау- мотивациялық кезең

·        оқушылармен сәлемдесу;

·        сабаққа қатысымын тексеру;

·         топқа бөліп, сабақтың мақсатымен таныстыру.

1.Ойқозғау

- Бүгін аптаның қай күні?

-Ендеше ЖҰМА күні қазақ халқында қандай күн болып саналады?

/оқушы жауабы, мұғалім толықтырады/

2.Топтастыру.

Оқушыларды ортаға шақырып, кіші  және үлкен сөздері жазылған парақшаларды таңдау ұсынылады. Таңдап болған соң, сұрақ қойылады.

-Осы үлкен және кіші сөздерінің жұма күніне қандай қатысы бар деп ойлайсыңдар?

-Үлкен жұма,кіші жұма /оқушылар білгендерін айтады/

Үлкен сөзін таңдағандар 1-топқа, кіші сөзін таңдағандар 2-топқа топтасады.

-Жұма күні дастарханға бірінші не қойылады?

/Оқушылар өз ойларын айтады.  Одан соң бауырсақ таратылады/

-Бауырсақтан басқа күнделікті ас ішер алдында  үстелге бірінші не әкелінеді?

-Ендеше бүгінгі сабақтың лексикалық  тақырыбы «Ас атасы-нан» деп аталады. Нан туралы білгенімізді ортаға салайық.../оқушылар сөйлейді/

ІІ кезең Операциялық- орындаушылық кезең

( Мәтін бойынша тапсырмалар берілместен бұрын әр топқа «Бағалау парағын» беріп, бағалаудың жолдарын түсіндіріп өту )

1.     Мәтінмен жұмыс. «Тауық, тышқан және құрбақа»

Ерте заманда тауық,тышқан, құрбақа – үшеуі бір тұрыпты. Бір күні тауық әрі-бері жүгіріп жүріп арпаның дәнін тауып алыпты. Ол қуанғаннан:

- Дән таптым!- деп айқайлап, мәз-мейрам болады.

- Мұны диірменге апару керек. Кәне, қайсысың алып жүресің?- депті тауық.

- Мен апара алмаймын,- депті тышқан.

- Мен де апара алмаймын,- депті құрбақа.

Дәнді тауықтың өзі алып жүріпті. Диірменге тарттырыпты.

Тауық:

- Енді ұнды үйге кім арқалап апарады?- депті.

- Мен апара алмаймын,- депті тышқан

- Мен де апара алмаймын,- депті құрбақа.

Ұнды тауықтың өзі арқалап алып жүріпті.

Кім қамыр илейді?- деп сұрапты тауық.

- Мен илей алмаймын,- депті тышқан.

- Мен де илей алмаймын,- депті құрбақа.

Қамырды тауықтың өзі илепті.Тауық:

- Кім от жағады?- деп сұрапты.

- Мен жаға алмаймын,- депті тышқан.

- Мен де жаға алмаймын,- депті құрбақа.

Отты да тауық өзі жағыпты.

- Пешке нанды кім салады?- деп сұрапты тауық.

- Мен сала алмаймын,- депті тышқан.

- Мен де сала алмаймын.,- депті құрбақа.

Нанды да тауықтың өзі салыпты. Нан қып-қызыл болып пісіп шығыпты.

Тауық нанды алып қойыпты да:

- Мұны кім жейді?- деп сұрапты.

- Мен,- деп тышқан үстел қасына келіп отырыпты.

- Мен де жеймін,- деп,құр да үстел қасына келіп отырыпты.

1-тапсырма

•         1.Топпен оқу

•         Негізгіойдыбілдіретінсөйлемніңастынсызу

•         Қиынжәнетанысемессөздердіңастынсызу, мағынасынашу.

диірмен-

Тарттырыпты-

Иледі-

2-тапсырма

Ітоп:

•         Мәтіндіқалайаяқтаредіңдер?  Өз ойларыңды жинақтап, мағыналы әрі тәрбиелі ой түйетіндей етіп аяқтап көріңдер.

ІІ топ:

•         Мәтінненқандай қорытынды шығады? Нақыл сөзбен немесе мақал-мәтелмен қорытуға болады. Ы.Алтынсариинің «Егіннің бастары»  шығармасын еске түсіру.

3-тапсырма (грамматикалық тапсырма)

Ітоп:

Күрделі сөздер туралы не білеміз? (жоба қорғау)

ІІтоп:

Күрделі сөздердің жазылу емлесі (жоба қорғау)

/ақ қағазға өз ойларын жинақтап түсіреді де, тақтаға шығып қорғайды/

4-тапсырма 

Ітоп:

Мәтінненбіріккенсөздердітеріпжазу, талдау.

ІІтоп:

Мәтінненқоссөздердітауып, талдау.

 

5 -тапсырма  Мәтінге байланысты берілген мақал-мәтел мен тыйым сөздің мағынасын ашу үшін диалог құру, көрініс көрсету.

І топ:

q    Нан бар жерде әнде бар.

ІІ топ:

q    Дәнді шашпа, нанды баспа.

 

ІІІ кезең. Бекіту кезеңі

 

   Рефлексия

Маған ұнады                 Мен үшін жаңалық             Маған қиын болды

 

•         “Ас атасы – нан” тақырыбына ойтолғау жазу.

•         Қазақтың ұлттық тағамдары туралы қосымша материал қарау.

ІҮ кезең. Бағалау

Әр топқа берілген «Бағалау парағындағы»  критерийге сәйкес әр топ бірін-бірі бағалайды. Мұғалім өзі қорытады.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 36.69 Kb
Количество скачиваний: 24
Просмотров: 123

Похожие материалы