Открытый урок по казахскому языку на тему
Предмет: | Другое |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Elyubaeva Arina Amanbaevna
|
5-сынып Қазақ әдебиеті
Сабақтың тақырыбы: Жұмбақтар туралы
Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: Балаларға халық ауыз әдебиеті
шығармасының бір түрі жұмбақтар туралы айту.
2.Дамытушылық: Ой - өрісін дамыту. Тіл байлығын
қызығушылығын арттыру.
3.Тәрбиелік::Оқушылардың халық ауыз әдебиеті
шығармасы арқылы ұлттық сезімін
оятып,кішіпейілділікке,ізеттілікке,адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас
Сабақтың типі: Дәстүрлі
Жұмыс түрі: Жекеше,топпен
Сабақтың көрнекілігі: Үлестірме кеспелер, суреттер
Сабақта қолданатын әдіс-тәсілдер:Түсіндіру,сұрақ-жауап,аудару, оқу,жазу,әңгімелеу сұрақ-жауап ой қозғау тапсырмалармен, үлестірме кеспелермен сөздікпен жұмбақтар жинағымен тапсырмалармен жұмыс,ойын
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу.Түгендеу.Оқушылардың, сыныптың
сабаққа дайындықтарын тексеру.Тынышталдыру,
сабаққа оқушылардың зейіндерін қою.
II.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
Өздерінің қызығып оқыған бір көркем шығармадан алған әсерлері туралы жазғандарын тексеру, сұрау.
III.Оқушылардың жан-жақты білімдерін тексеру кезеңі.
«Өткенге шолу» ойынын жүргізу.
IV.Сабақты сапалы белсенді меңгеруге дайындау кезеңі.
Оқушыларды сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.Алдарына мақсат қою.
V.Жаңа сабақты меңгерту кезеңі.
Билингвалды сыңары: жұмбақ - загадка, ертегі - сказка
Мотиациялық қозғаушы.
- Сайысымызды бастамас бұрын, балалар, әдебиеттен білетінімізді еске түсіріп, жұмбақ дегеніміз не деген сұраққа жауап беріп көрейік.
Ж – жасырын нәрсе
Ұ – шешуі болады
М – ойын
Б – сұрақ
А – ойлануды қажет етеді
Қ – бір адам жасырады, басқалары шешеді
Жұмбақ – халық ауыз әдебиетінің түрі
- Дұрыс-ақ, балалар. Енді мен сендерге «жұмбақ» сөзінің анықтамасын айтып көрейін. Жұмбақ дегеніміз – таныс, бейтаныс заттардың, қимылдың не табиғат құбылысының сөзбен салған суреті.
Жұмбақта заттар, құбылыстар толық болмаса да, ықшам түрде дөп басып, дәл суреттеледі. Басы артық сөздер атымен болмайды. Мына жұмбақтарды шешіп көрейік:
Қолы жоқ –сурет салады,
Аузы жоқ – тістеп алады. (Аяз)
Үй үстінде жарты қалаш (Ай)
Осы екі жұмбақтың қандай айырмашылығы бар деп ойлайсыңдар?
Бірінші жұмбақ өлең түрінде, екінші жұмбақ қара сөз түрінде берілген екен. Жұмбақтар әртүрлі тақырыптарға құрылады: оқу құралдары, адамның дене мүшелері, табиғат құбылыстары, жануарлар, өсімдіктер туралы, үй жиһазы, техника туралы және т. б.
Жүргізуші:
- Ерте заманнан бері адам табиғат сырларын ашып,үйрену үшін әуелі балаларына жұмбақ шешкізіп үйреткен. Қазақ ауылында жатар орынға үй-іші болып жиналып, үлкендер бүлдіршіндерге ертегі, аңыз, ата-бабаларымыздың басынан өткен тарихи-жауынгерлік оқиғаларды баяндап беретін болған. Мұндай кезде жұмбақтар да айтылып, шешілетін. Жұмбақ шешуде ешкім де қағыс қалмаған.
Жұмбақ шешу дегеніміз – ақыл алғырлығын сынасу.
Жұмбақ шешу дегеніміз – балаларды ой жүйріктігіне,табан астында тапқырлыққа баулу.
Мұғалім: - Ендеше, балалар, сайысымызды бастайық! Бұл сайыста сендерге тек жеңіс тілейміз. Өз білімдеріңді жан-жақты көрсете біледі деген сенімдеміз.Қай топ көп жұмбақ шешсе, сол топ жеңіске жетеді.
50-беттегі жаңа сөздермен таныстыру.
2 командаға бөліну
Ұлдар командасы.
Қыздар командасы.
Ал, енді балалар біз оқу іс - әрекетімізді бастамас бұрын қазір қай мезгіл екенін айтып өтейік. Бір жылда қанша мезгіл бар?
Соның қазір қай мезгілі?
Күз қанша айдан тұрады?
Біз күз мезгілінде қандай мерекелерді атап өтеміз?
4 мезгіл бар
Қыс
Желтоқсан, қаңтар, ақпан.
Атаулы күндер: 16 - желтоқсан, Жаңа жыл
Ал енді, балалар төрт мезгілге байланысты тақпақ айтайық.
Қандай қызық қыс деген?
Бәрін шебер істеген
Бақша - бауды, тауды да,
Бояған ақ түспенен.
Ал, енді балалар біз жаңа оқу іс - әрекетіне көшейік. Бүгінгі оқу іс - әрекеті «Жұмбақтар әлемі».
Енді балалар жұмбақтар әлеміне барайық.
Мына жерде не көріп тұрсыңдар?
Балалар сендер жұмбақтарды шешкенді жақсы көресіңдер ме?
Жұмбақтар әр түрлі болады екен. Олармен жақынырақ танысу үшін мен сендерді жұмбақтар көрмесіне шақырамын.
Жыл мезгіліне байланысты жұмбақтарды көріп тұрмыз.
Иә
- Жұмбақ халық ауыз әдебиетінің бір түрі. Әр жұмбақта заттың аты аталмайды, оны шешу үшін ойланып, не туралы жасырылғандыған табу керек. Жұмбақтың шешуін оңай жолмен табу үшін ұқсайтын затпен салыстырады немесе ерекше сөзбен айтылады.
Балалар үстел үстіндегі жұмбақ көрмесіне назар аударып, қызыға қарайды.
1 - айналым. Ойын
Ал енді, балалар бізге жұмбақ түсінікті болса, төрт мезгілге байланысты бір - бірімізге жұмбақ жасырайық. Бір - біріңе төрт мезгіл туралы айтып өттіңдер. Сол төрт мезгіл туралы қандай жұмбақ білеміз?
Жұмбақ
Қыздар командасы.
1.Суда мұз бар,
Жерде қар бар
Боран боп соғады
Бұл қай кезде болады?
(Қыс)
Қыс ерекшелігін сұрау.
Қыста қандай ойындар ойнайсыңдар?
Қыста күн суытады. Балалар қардан аққала жасап ойнайды.
2.Күн ұзарып қар еріп,
Су сайларға толады,
Бұл қай кезде болады?
(Көктем)
Көктем ерекшелігін сұрау.
Көктемде қандай мерекелерді атап өтеміз?
Көктемде күн жылынады, Аналар мерекесін атап өтеміз.
18-беттегі мәтінмен жұмыс жүргізу.
VI.Нені меңгергендіктерін бақылау кезеңі
Сұрақ-жауап жүргізу. Сергіту сәтін өткізу.
Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ.
Бесті беске қосқанда
Болып шықты он саусақ
VII.Сабақты бекіту кезеңі.
Жұмбақтар айтып жарысу.51-64- беттегі жұмбақтарды бөліп оқыту.
VIII.Сабақты қорыту кезеңі
Үлестірме кеспелермен жұмыс жүргізу. Жұмбақтың адам тілін дамытудағы рөлі жөнінде сұхбаттастыру.
IX.Үйге тапсырма беру кезеңі.
Жұмбақтар жазып, жаттап келу.Жаңа сөздерді жаттау.
X. Бағалау кезеңі
Оқушылардың сабаққа қалай қатынасқандарын, ынталарын, тәртіптерін, білімдерін сөз етіп, тиісті бағаларын қою.
XI.Қоштасу кезеңі.
-Сау болыңдар!
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 19.06 Kb |
Количество скачиваний: | 14 |