Открытый урок по технологии на тему "Белдемшені пішу. Пішім бөліктерін өңдеуге даярлау"
Предмет: | Технология |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Шералиева Мавлуда Тохташовна
|
Сабақтың тақырыбы:Белдемшені пішу.Пішім бөліктерін өңдеуге даярлау.
Сабақтың мақсаты: білімділік :
Үлгі бойынша киім пішіп үйренуді жетілдіру,технологиялық нұсқау картасы бойынша жұмыс жасай білу.
Дамытушылық :
Теориялық білімдерін сарамандық жұмыста пайдалана білу.
Тәрбиелік:
Өз бетімен жұмыс жасауға үйрету.
Сабақтың әдісі :түсіндіру,сұрақ-жауап,сарамандық.
Көрнекіліктер :үлгі,кесте,нұсқау карта.
Құрал-жабдықтар: түйреуіш,қайшы,бор,ине-жіп,мата,сабын.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру бөлімі.
2.Үй тапсырмасын тексеру.
3.Жаңа сабақ.
4.Сергіту сәті.
5.Бекіту.
6.Қорытындылау.
Үй тапсырмасы
Оқушылар 2топқа бөлінеді.»Мен саған, сен маған»ойыны арқылы 2топ бір біріне сұрақтар береді.
Сұрақтары :
1.Белдемше тігу үшін қандай өлшемдер алынады?
2.Қосымша өлшем не үшін беріледі ?
3.Белдемше қандай бөліктерден тұрады?
4.ЖЖО-өлшемі қалай аталады?
5.АБҰ-өлшемі қалай аталады?
6.БЖО-өлшемі қалай аталады?
7.Белдемшені қандай киімдермен киеді?
8Белдемше қандай киім түріне жатады?
9.Белдемше сызбасын сызу үшін қандай құрал-жабдықтар керек?
10.Сызба не үшін сызылады?
Жаңа сабақ
Белдемше құрастырылуы,силуеті жағынан ерекше болып келеді.
Силуеті жағынан
түзукеңейтілгенкең етекті
Құрастырылуы жағынан
Бір,екі тігісті көп тігісті қарама қарсы қыржымды
Қиықты әр түрлі белді әр түрлі әшекейлі
Сонымен бірге әр түрлі қалталардан да тұрады./жатырма,тілік,бедерлі,ішкі тігісті,т.б.Негізінен барлық белдемшелердің құрастырылуы екі жолмен түсіріледі.Пішу жоспары берілген матаға қарап жасалады.Пішу жоспарында қандай маталар бір қабат қандай маталар қос қабат күйінде көрсетілетініне назар аударған жөн.Бір қабат матаны оның бет жағы бойынша пішеді.Егер мата қос /қабатталып пішілсе,онда оның бет жағы ішіне
-Сыртқы киімдер үшін-1,5см
-Жеңіл көйлектер үшін-1см
-Төменгі бүктемелер үшін-3см
-Ішкі тігістер үшін-0,7см
Пішім бөліктерін матаға жаю.Барлық бөлшектерді матаның бойлық жіптерімен және белгісімен пішім бөліктеріндегі бойлық жіптер бағытымен жаяды.алдымен матаға ірі бөлшектер жайылады.Бөлшектер матаға түйреуішпен түйреледі.
Үлгіні пайдалана отырып белдемше пішудің нұсқау картасы.
Сарамндық жұмыс:Жұмысты бастамас бұрын қауіпсіздік ережелерін еске түсіреміз.
1.Қайшыны жолдасыңа үшкір жағымен бер.
2.Қайшымен ойнауға болмайды.
3.Қайшыны ашық қалдыруға болмайды.
4.Ине түйреуіштер қорапшада салулы болу керек
5.Жұмыс орнын таза ұқыпты ұстау керек.
Сергіту сәті
Жалғасын тап ойыны
1.Өнерлінің қолы алтын
Сабақты бекітуТест сұрақтарын беру.
1.Белдемшенің түрлерін ата?
а/үлкен,кішіә/әдемі,көркемб/тік,қиықты
2.Тігістер қандай болу керек?
а/біркелкі,түзуә/әр түрліб/сапалы
3.Белдік қандай бөлік?
а/үлкенә/ұсақб/негізгі
4.Матаның қай бетінен пішеді?
а/терісә/оңб/кез-келген
5.Өлшем алу үшін еректі құрал?
а/сызғышә/см лентаб/бор
6.Матаны пішу үшін керекті құралдар?
а/сызғыш,карндашә/қайшы,борб/мата,жіп
7.Белдемше қандай киім түріне жатады?
а/ұлттықә/жеңілб/күнделікті
8.Белдемшенің ірі бөліктері?
а/алдыңғы,артқыә/белдік,қалтаб/алды,жаны
9.Белдемшенің ұсақ бөлшектері?
а/белдік,қалтаә/үсті,астыб/алды,арты
10.Қайшыны жолдасыңа қай жағымен беру керек?
а/үшкір жағын өзіңе қаратыпә/үшкір жағын жолдасыңа қаратыпб/бәрібір
Үйге тапсырма:Үлгіні үтіктеу,тігуге дайындау,құрал-жабдықтар әкелу.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 26.63 Kb |
Количество скачиваний: | 13 |