Внеклассный урок по технологии на тему "Гүлдер патшалығында"
Предмет: | Технология |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Шералиева Мавлуда Тохташовна
|
Сайыстың тақырыбы:« Гүлдер патшалығында»
Сайыстың мақсаты:
Білімділік мақсаты: Адам өміріндегі құндылықтарға назар аударта отырып, қызбаланы гүлге теңеу арқылы оқушылардың білімін толықтыру, әдеміліккежан - жақтыболуға баулу. Гүл туралы мағлұматтарды көбірек білуге ықпал жасау.
Дамытушылық мақсаты: Технология сабағынан алған білімдері мен тәжірибелерін өздерінің қолөнер шеберлігімен сөзөнерімен ұштастыра отырып білімдерінің және қабілеттерінің дамуына ықпал жасау.
Тәрбиелік мақсаты:. Түрлі ұсақ заттардан көркемшығарма ойлап табу арқылы, шеберліктерін арттыру шыдамдылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сайысқа қажетті көрнекі - құралдары, қажетті жабдықтар: Тақырыпқа сай ұйымдастырылған көрме. Гүлшоқтары, паннолар, гүлді плакаттар, суреттер, гүлді жастықшалар, қанатты сөздер жазылған плакаттар, гүлмен өрнектелген тағамдар, гүлдер жасауға қажетті түрлі түсті қағаздар, желім, қайшы, скотч.
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ.
Жоспары:
Сайысқа 3 сыныпқатысады. Олар: 8, 9 сыныптардыңқыздары.
1. Топты таныстыру (Топтың аты міндетті түрде гүлдің аты болу шарт және ұраны, төсбелгі)
2. Әрбір сынып гүлдер көрмесін ұйымдастырады. Қағаздан, шүберектен, саздан, ермексаздан, бисерден, жіптен, кеслетеутағы да басқа шикізаттардан жасалған тақырыптық көрме безендіреді. Сонымен қатар тірі гүлдер бұрышы.
3. «Сен білесің бе?»
4. «Гүлөнері - биөнері»
5. «Қағаз гүлдерсолмайды»
6. «Көрермендер көрімдігі» көрермендермен ойын ойнау. Өнер, гүл сұлулық жайындағы мақал – мәтелдердің жалғасын табу.
7. «Артық болмас білгенің»
8. «Жас дизайнерлер» жарысы
9. «Дастархандағыгүлдер»
Өтілу барысы:
Құрметті қонақтар, оқушылар, ұстаздар гүлдер патшалығына қош келіңіздер. «Гүлдер патшалығында» атты сыныптан сайысымызға қошкелдіңіздер. Бүгінгі кештің ханшайымдарын ортаға шақырайық.
8 сыныптың «» тобы
9 сыныптың «» тобы
Ұйымдастыру сәті: Қатысуы шәр бір топтар жеке - жеке топ болып отырады.
(Кеш жоспарымен таныстырылып, әр сатының ерекшелігі аталынып өтеді)
Жақсы істі әрқашанда саралаған
Әділідік туын төріне қадап алған
Осындай жарыстарға төре болып
Қашанда әділқазы бағалаған,- дей келе сайысқа әділ баға беретін әділқазылар алқасы мен танысып өтіңіздер. (Әділқазыментаныстыру)
Бағалаужүйесі «5» ұпайлықжүйеменбағаланады.
І кезең:
«Топты таныстыру»
«Топты таныстыру» Топтың аты, ұраны, төстаңбасы тақырыпқа сай болуы тиіс.
ІІ кезең:
«Гүлдер көрмесі»
Алдын - ала дайындалған тақырыптық көрмені таныстыру.
ІІІ кезең:
«Сен білесіңбе?»
Білімдерін анықтау мақсатында сауалнама жүргізіледі. Қай топ бірінші жауап берсе сол топқа ұпай қосылады.
1. Икебана дегеніміз не?
А) Қағаздан жасалған бұйымдар
В) Өсімдіктерден жасалып, құрастырылған, кептірілген өсімдіктерден жасалған көркемшығарма
С) Шүберектен құрастырылған көркем шығарма
2. Әйел, қыздардыгүлге теңеген ақын кім?
А) Тұманбай Молдағалиев
В) Қуандық Мәдір
С) Мұзафар Әлімбаев
3. Шайдың Отаны....
А) Жапония - Цейлон
В) Қытай - Үндістан
С) Африка - Эфиопия
4. Тікенектіемдік қасиеті жоғары бөлме өсімдігі?
А) Кактус
В) Алоэ
С) Раушангүл
5. Үй жайындағы өсірілген ерге жейлі ағаш?
А) Сонан
В) Бонсай
С) Моеги
6. Дүниежүзіндег іең жуан ағаш. Жуандығы 10 - 14 метрге дейін жетеді. Ол қандай ағаш?
А) Терек
В) Хо кидати
С) Баобаб
7. Колоколчиктің қазақша атауы?
А) Қоңыраугүл
В) Қалампыр
С) Қызғалдақ
8. Көктемде алғаш болып шығатын гүл?
А) Қалампыр
В) Раушан
С) Бәйшешек
9. Гвоздика гүлінің атауы?
А) Райхангүл
В) Қалампыр
С) Түймедақ
ІҮ кезең:
«Гүл өнері – би өнері»
Аттары мәлім емес баршамызға
Асыл қасиет болу керек барша қызда
Көрсетсін өнерлерін аруларым
Ән салып, биде билер ортамызда
(Алдын - ала берілген тапсырма бойынша топтың мүшелері басқа да оқушылардықатыстыруарқылыгүлбейнесінкелтіріп, бибилейді)
Ү кезең:
«Қағаз гүлдер солмайды»
Берілген уақыт ішінде қағаздан гүлдер жасау. Жапсырмалау арқылы, бүктеу, орау тәсілдерін қолданады.
1. Түрлітүстіқағаздардан 1 бума гүлжаса уқажет. Берілетінуақыт 10 минут.
ҮІ кезең:
«Көрермендер көрімдігі»
Көрермендермен ойын ойнау. Өнер, гүл, сұлулық жайындағы мақал – мәтелдердің жалғасын табу. Жауабын тапқан көрермен ұпайын қатысып отырған топтардан біреуін таңдап соларға ұпай санын береді.
ҮІІ кезең:
«Артық болмас білгенің»
Ережесі: Әр топ үй тапсырмасы бойынш әзірлеп әкелген гүлдер туралы мәліметтермен таныстырады. (Альбом, слайд, видеофильм, фотолар т. б. түрдеұсынады)
Мысалы: «Қызғалдақ» гүлі. Бұл гүл ағашында жабық күйінде өсіп тұрған, оның ішінде бақыт жасырынып жатыр деп болжаған. Бірақ оны ешкім аша алмаған. Бір күні осы гүлді бір сәби көріп сықылықтап күліп, гүлді жұлып алып қарап тұрса гүл өзі жайлапғана ашылыпты. Міне, сәбидң әдемі шат күлкісі қызғалдақты дүниеге әкеліпті.
«Пион» Пион райхан гүліне ұқсайды.Өте ертеде Флора құдайы ұзақжолға шықпақ болып орнынан орынбасар қалдырмақ болады. Ол орынға райхан гүлін ұсынбақ болады. Барлық гүлдер келіскенмен, бұл орынға пион мен ғаналайықпын деп санайды. Оғанренжіген Флора құдайы оны ірі, әріүрлептастайды. Соданбастап пион гүлірайхангүліне қарағандаұсқынсызболып қалаған дейді.
«Лилия.Қазақша атауы - лала» Ли - ли аудармасында «Аппақ, аппақ» деген сөзден шыққан. Оның пайда болуы аңызда Аналар құдайы Юнона баласын тамақтандырмақ болып, шөп түбінде отырған ұлы Геркулеске еңкейген кезде баласы оны итеріп салады. Сол кезде анна омырауынан тамған сүттен аппақ гүлдер пайда болады. Қазір лил ия гүлінің бірнеше түстері бар.
ҮІІІ кезең:
«Жас дизайнерлер» жарысы.
Топтағы қатысып отырған қыздар қағаздан болсын басқа заттардан болсын гүлдержасап сынып жетекшілерін гүлмен безендіреді. Әдемігүлді көйлек жасайды. Уақыт 10 минут. Жасалған гүлді көйлекті сынып жетекшілері киіп, залдан айналып өтеді.
ІХ кезең:
«Дастархандағы гүлдер»
Бұл сатының ережесі бойынша тағамдарды әр түрлі гүл бейнесімен безендіру әдістері көрсетілуі тиіс. Мысалы торт, салат, тәтті тоқаштар т. б.
Қорытынды. Марапаттау.
Гүл өсірсең терлеп – мұныңаты еңбек
Кестетік сең зерлеп, мұныңатыеңбек
Сабағыңды жөндеп әзірленсең еңбек
Қиындықтың бәрін еңбекғана жеңбек,- дей келе кешімізіді аяқтаймыз. Сөз кезегін әділ қазылар алқасына беремін
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 36.9 Kb |
Количество скачиваний: | 13 |