Сабақтың тақырыбы: Киім түрлері және сән туралы түсінік
Предмет: | Технология |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Аубекерова Дамеш Утемисовна
|
10 – сынып
Сабақтың тақырыбы: Киім түрлері және сән туралы түсінік
Сабақтың мақсаты: - Білімділік : Оқушылардың теориялық білімділігін арттыру, таным – түсініктерін кеңейту, шығармашылыққа баулу;
Тәрбиелік: Талғампаздыққа, ұқыптылық пен үнемді болуға үйрету. Сәнді де жарасымды киіне білуге үйрету;
Дамытушылық: Эстетикалық талғамы мен ұйымдастырушылық ойлау қабілеттерін дамыту , ізденімпаздық, еңбекқорлық іс – әрекеттерін қалыптастыру
Пәнаралық байланыс: сурет, сызу, математика.
Сабақ әдісі: түсіндіру, сарамандық, сұрақ – жауап.
Сабақ түрі: жаңа білім беру
Сабақ типі: жаңа білімді меңгеру
Қажетті құралдар: «Бурда» журналы, сән үлгілері, суретті буклет таблицалар
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасы тексеріледі.
III. Жаңа сабақ бөлімі.
Сән (modus деген латын сөзі) – өлшем, тәсіл, іс – қимыл бейнесі.Сән – белгілі бір талғамның уақытша үстем болуы. Сән – әлеуметтік құбылыс. Киім – бірінші қажетті зат. Оны өндірумен өнеркәсіптің әр түрлі салалары айналысады, ал сатумен сауда жүйелері шұғылданады.
Қазіргі сәнде екі бағыт айрықша көзе түседі: ретроспективалы (өткеге бағытталған) және перспективалы (болашаққа бағытталған).
«Силуэт», «пішін», «пішім», «пропорция», «стиль» деген түсініктер адамдармен тығыз байланысты.
Силуэт (француз сөзі) – ұзындығы мен ені бойынша адам мүсінінің пропорциясына жақындау келетін геометриялық фигуралардың (тікбұрыш, трапеция, үшбұрыш, үшбұрыш, сопақ, т.б.) бірін беретін киімнің кез келген бөлігінің сыртқы кескіні. Силуэттің мынадай түрлері болады: тік силуэт, белдес силуэт, сопақ силуэт, Х – силуэт, трапеция силуэт, жартылай жантайған силуэт.
Стиль (лат. Stilus) – мәнер, сипат, ерекшелік. Сонымен қатар стиль сол дәуірдің мәдениетін, сұлулық туралы түсінігін, қоршаған ортаға қарым – қатынасын көрсететін тұрақты, анық, ерекшеленген дәуір тілі.
Киімді бірнеше стиль бар – классикалық, спорттық, романтикалық және фольклорлық.
Классикалық стильге – қатал, іскер, сәнді киіну;
Спорттық стиль – демалыста, спортпен айналысқанда, саяхатқа шыққанда ыңғайлы киім.
Романтикалық стиль әдемілік, ерекшелік, сүйкімділік, нәзіктікті әдеттегіден тыс бөліп көрсетеді.
Фольклорлық стиль – ұлттық сипаттағы осы заманғы киімдер.
Киілу мақсатына қарай киімді бірнеше топқа бөлуге болады:
- күнделікті жұмысқа, - сән – салтанатқа арналған, - спортпен шұғылдану,
- үйге киюге арналған, - далада демалуға арналған, - арнайы өндірістік киімдер.
IV. Қорытындылау.
V. Бекіту.
VI. Үйге тапсырма: §10
VII. Бағалау.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 32.5 Kb |
Количество скачиваний: | 33 |