Сабақтың тақырыбы: Ұйықтайтын бөлме мен ауыз бөлме жиһаздары.
Предмет: | Технология |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Аубекерова Дамеш Утемисовна
|
10-сынып
Сабақтың тақырыбы: Ұйықтайтын бөлме мен ауыз бөлме жиһаздары.
Сабақтың мақсаты: - Жатын бөлме мен ауыз бөлме жиһаздары туралы түсінік беру, бөлмелерді жабдықтауға қойылатын эстетикалық талаптарды баяндау.
- Оқушылардың өз беттерінше ізденулерін қалыптастыру, дамыту
- Оқушыларды сабақ үрдісінде ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.
Сабақтың өту тәртібі: Салыстырмалы сабақ.
Сабақтың өту әдісі: Сұрақ – жауап, тірек – сызба әдістері.
Сабақтың көрнекілігі: «Шаңырақ» үй – тұрмыс энциклопедиясы
Плакат сызбалар, тұрғын үй, бөлме суреттері.
Сабақтың жүру барысы: I. Ұйымдастыру
II. Үй тапсырмасын тексеру
1. Қонақ күтетін бөлмені қалай жиһаздауға болады?
2. Дем алатын бұрыш қай кезде пайдаланылады?
III. Жаңа сабақ
1. Ұйықтайтын бөлме
2. Ауыз бөлме
Жатын бөлме жайлылығы
Тынымсыз тірлікке толы күн аяқталып, күн батқан кезде, біздің жан-тәніміз жайлылық қалайтыны анық. Сондықтан, жатын бөлменің дұрыс жабдықталуы өте маңызды. Біздің кеңестеріміз жатын бөлмеңіздің түсін таңдап, жабдықтауға көмектеседі деген үміттеміз.
Жатын бөлменің түс гаммасы
Жатын бөлмесін безендіру. Негізі, интерьердің барынша бейтарап түстерін пайдаланған дұрыс. Оларға көк пен көгілдір реңдер жатады. Көк түс басым жатын бөлмесі тыныш әрі кең тынысты терең ұйқының кепілі.
Дегенмен, шектен шығудың қажеті жоқ. Өйткені, көк түстің молдығы жабығыңқы көңіл-күй шақыруы мүмкін. Қызғылт түстің реңктерін де қосуға болады. Көкшіл-көгілдір түс тыныштандырып, қызғылт реңктер жанға жылулық ұялатады. Түстердің күрт ауысуы сияқты контрастардан бойды аулақ ұстаңыз. Қызыл түс белсенді, қуатты түстерге жатады. Жатын бөлме интерьерін жоспарлағанда, бұл түске сақтықпен қараған жөн. Мысалы, қызылға бөленген бөлмеде адамның ұйқысы қашады. Тіпті, оттай қызу түнді өткізуді жоспарлап қойсаңыз да, жатын бөлмені жабдықтауда кішігірім ғана өзгерістер енгізсеңіз жеткілікті: қызыл матадан тігілген төсек жаймасы, қызыл шырағдан.
Жатын бөлмедегі ою-өрнек
Мамыражайлық тудыратын тор көзді шотландканы пайдалану жатын бөлменің жайлылығын қамтамасыз етеді. Айталық, мұндай төсек жапқышты терезе пердесінің суретімен үйлестіруге болады. Дөңгелек және сопақ пішінді шілтердің де тыныштандырғыш әсері мол. Жатын бөлмені әрлеудің басты қағидасы минимализмді ұстану болғандықтан, кеңістікті ашық әрі қанық түсті ою-өрнектермен толтыруға тырыспаңыз. Айталық, қабырға түсінің мата бетіндегі өрнектермен әдемі жарасуын қадағалаңыз.
Ауыз бөлме жиһаздарының негізгісі – киім ілгіш. Ауыз үйдегі ең қажетті заттардың бірі – айна. Онда тігінен қойылатын биік айна болғаны жөн. Ондай айна адамның тұла бойын көрінуіне мүмкіндік береді. Ауыз үйді жиһаздау кезде отыратын орынды да есепке алу керек. Ауыз үйде қабырғаға кіргізе жасалған көлемі әртүрлі шкафтар да пайдаланылады. Мұндай шкафтарды жасаған кезде оның қарсы қабырғадан кемінде 130 см алшақ болуы тиіс. Қазіргі пәтерлерде ауыз үй қонақ бөлмеден әйнектелген есікпен немесе сырғымалы қоршаумен бөлінеді.
IV. Қорытындылау
V. Бекіту
VI. Үйге тапсырма: 150-153 беттер
VII. Бағалу.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 72 Kb |
Количество скачиваний: | 15 |