Открытый урок по технологии на тему "Кәде сый жасау"

Предмет: Технология
Категория материала: Конспекты
Автор:

Сабақтың тақырыбы:        Кәде сый дайындау

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:                             Қазақ халқының ежелгі тұрағы- киіз үй туралы мағлұмат беру. Киіз үй құрлысымен таныстыру.

Дамытушылық:                   Оқушылардың ұлттық қолөнерімізді жетілдіру, киіз үйді қағаздан жасап безендіру.

Тәрбиелік:                             Ұлттық  қолөнерімізді құрметтеуге, тарихымызды білуге тәрбиелеу .

Сбақтың түрі:           аралас сабақ                                 

Сабақтың әдісі:                    түсіндіру, жеке үйрету, сұрақ-жауап, интерактивтік тақта, сөзжұмбақ шешу.

Пәнаралық байланыс:        Сызу, геометрия, сурет, тарих, әдебиет

Көрнекілігі:                          Плакат, Дайын бұйым,  қағаздан сызба үлгісі, нұсқау карта.

Құрал-жабдықтар:              Түрлі түсті қатырмақағаз, қайшы, желім, сызғыш, циркуль, қалам

Сабақтың барысы:І.  Ұйымдастыру кезеңі

                                    ІІ.        Үй жұмысы

                                    ІІІ.      Жаңа сабақ

                                    ІҮ.       Сабақты бекіту

                                    Ү.        Сарамандық жұмыс

                                    ҮІ.       Қорытынды, бағалау

                                    ҮІІ.     Үйге тапсырма

 

І.          Оқушылармен сәлемдесу, арнайы киімдерінің болуын қадағалау. Оқушыларды түгендеу

ІІ.        Үй жұмысы тексеру

(сұрақтардың астына  киіз үйдің суретін жасырылған жауабын айтқан кезде  тақырып ашылады)

Өткен сабақты пысықтауға арналған сұрақтар.

1.       Ұсақ маталардан не жасалынады?

2.      Бутербродтың қандай түрлері бар?

3.      Торттың негізгі шикі заты не?

4.      Дизайнер өнері қандай салаларда қолданылады?

5.      Дизайнер деген кім?

6.      Үгілмелі қамырдан не дайындалады?

-Балалар біз суреттен не көріп тұрмыз?   (оқушылар жауабы:  Киіз үй)

- Міне  біздің бүгінгі өтетін сабағымыз  «Киіз үй. Киіз үйді безендіру»

 

 

Қызығушылығын ояту.    Жұмбақ  шешу

Бір нәрсе шеңбер, іші қуыс,

Ол заттың сүйегі көп айқыш, ұйқыш.

Көзі  бар  жарқыраған   төбесінде,

Жайса үлкен, жинағанда  бірақ уыс

                                                          (киіз үй)

ІІІ. Жаңа тақырып

Әлемнің жеті кереметі бар болса, біздің қазақтыңда жеті кереметі бар.

1. Таңбалы тас суреттері
2. Алтын адам
3. Маңғыстау  жерасты  мешіті
4. Домбыра 
5. Иассауи кесенесі
6. Астана – Бәйтерек

7. Қазақтың киіз үйі

 

Киіз үйдің 2 мың жылдық тарихы бар. Көшпелі сақтарда ең алғаш киіз үйлерді арбаның үстіне тіккен.  Жинамалы киіз үйлер көне түркілер заманында қалыптасқан. Киіз үй малшаруашылығымен айналысқан ата-бабаларымыз үшін ең қолайлы баспана болды. Киіз үйді тігу және жығу аз уақытты қажет етеді.  Киіз үй киізден және ағаштан жасалынады. Ағаштан жасалған бөлшектерін сүйектері деп атайды.  Киіз үй сүйектері- кереге, уық,  шаңырақ, сықырлауық  яғни есіктен тұрады. 

Кереге-киіз үйдің негізгі қаңқасын құрайды. Кереге жиналмалы және жазылмалы болып келеді. Керегенің жеке бөліктерін қанаттары деп атайды.  Керегенің ең ұзын ағашын ерісі, орташасын сағанақ, кішкентайын балашық деп атайды.  Ертеде мансаптарына қарай  18,24, 30 қанат  үйлерді  тіккен.

Шаңырақ-киіз үйдің еңсесін құрап тұтастырып тұратын күмбез. Шеңбер жасап тұратын ағашты тоғын, қосу амалына ұқсас дөңес ағашты күлдіреуіш, күлдіреуіштер шашырап қалмас үшін берктік ағаштардан тұрады.   Шаңырақтың  уық қадайтын көздері болады.

Уық-Шаңырақ пен керегені байланыстыратын иінді ағаш.   Уық иіні, қары, қалам ұшы уық баудан тұрады. 

Сықырлауық- киіз үйдің ағаш есігі. Ашып жапқан кезде сықырлап тұрғандықтан сықырлауық деп атаған. Сықырлауық маңдайша, табалдырық, 2 босаға, жақтаудан тұрады.

Киіз үйдің сүйектері құрылып болған соң, сыртын киізбен жабылады.  Киіздің төрт түрі бар.

1.      Туырлық-үйдің кереге бөлігін айналдыра жауып тұрады.

2.      Үзік-уық үстіне жабылады, үзік екі немесе үшеу болады.

3.      Түндік-шаңырақты жауып тұратын төрт бұрышты  киіз.

Жабуларына байланысты;  Ақ үй , боз үй, қара үй деп аталады.

-Балалар  киіз үйдің қандай сүйегі  біздің  рәміздеріміздерімізде бейнелеген.     Рәмiздiк тұрғыдан Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбаның негiзi — шаңырақ.  Ол — елтаңбаның жүрегi. Шаңырақ — мемлекеттiң түп-негiзi — отбасының бейнесi. Шаңырақ — Күн шеңберi. Айналған Күн шеңберiнiң қозғалыстағы суретi iспеттi, Шаңырақ — киiз үйдiң күмбезi көшпелi түркiлер үшiн үйдiң, ошақтың, отбасының бейнесi.

Түндік — таза көк аспанын бейнелейді. Үш-санды айқыш-ұйқыш келген күлдреуіштер қазақтың үш жүздін бірлігі бекемдігін көрсетеді.

Шаңырақтан шыққан уықтар күн арайларын еске салады.

 

Негізгі бөлім:

Киелі қазағымның киіз үйі,

Маңдайша, босаға мен табалдырық.

Алты қанат кереге, қаламды уық,

“Шіркін-ай, қандай шебер жасады”-деп,

Көргенде таңдай қағып, қалам тұрып.

 

 

Киіз үйге жұрттың ынтық болғаны рас,

Жылы, жеңіл

Тігуі, жығуы оңай

Үй басуды үйренер зерделі жас. 

 

Киіз үй туралы ақындарымыз жырлап өтсе, біз бүгін киіз үйді қағаздан жасап үйренеміз.

Киіз үйдің жасалу жолы

Жасалу реті

 нобайы

1

Киіз үйдің төбесіне радиусы 

R=2 см,   R=11 см,    R=12см

 

 

 

 


2

Киіз үйдің едені  Q=20см,        Q=19см

 

 

 


3

Киіз үйдің қабырғасы  ұзындығы 60см, ені  9,5 см

 

4

  Киіз үйдің төбесі мен еденін  қиып дайындап ал.

 

 

 


5

Киіз үйдің төбесі мен еденін, қабырғасын біріктіріп желімде.

 

6

Әр түрлі жолақ дайында, өзің қалаған  ою түрлерін жапсырып  безендір.

 

Аяқталған жұмыстар     

Сабақты бекіту:

Сөзжұмбақ шешу

1.      Киіз үйдің негізгі қаңқасы?

2.      Уықтың кереге басына байланатын жағы?

3.      Ең ұзын кереге желісі?

4.      Киіз үй жабуы?

5.      Шаңырақ бөлшегі?

6.      Кереге, уық, шаңырақ-бұл киіз үйдің несі?

 

 

к

           

и

           

і

         

з

         

ү

                   

й

         

 

Үйге тапсырма:    Киіз үйді аяқтау

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 103.32 Kb
Количество скачиваний: 13
Просмотров: 101

Похожие материалы