Открытый урок "Табиғат тамашасы" 6 класс
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Пернебекова Алтынай Сайпулловна
|
№ 1 Федоров жалпы орта білім беретін мектебі
Ашық сабақ
Сабақтың тақырыбы: Нәтиже сабақ. Табиғат тамашасы.
( 6 – сынып)
Өткізген: Пернебекова А.С.
Сабақтың тақырыбы: Нәтиже сабақ.Табиғат тамашасы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: өтілген модуль материалдарын қайталау арқылы оқушылардың меңгерген білімдерін жүйелеу, бекіту.
Дамытушылық : оқушылардың тілдерін, ой - өрістерін лексика – грамматикалық тапсырмалар арқылы кеңейту, сөйлеу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: оқушыларды туған жерін, Отанын сүюге тәрбиелеу, табиғатты қорғауға, оны сүюге баулу.
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, әңгімелеу, аударма, ойландыру.
Сабақтың көрнекілігі: кесте, табиғат көріністері, интерактивтік тақта.
Пәнаралаық байланыс: қазақ тілі, орыс тілі, география.
Эпиграф :
Адамдардың табиғатсыз күні жоқ,
Мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ.
Сабақтың барысы.
I. Ұйымдастыру кезеңі:
а) Сәлемдесу
ә) Оқушыларды түгендеу
б) Сабақтың мақсатымен таныстыру, кезеңдерін хабарлау.
Модуль тақырыптарын естеріне салу:
“Қазақстан жері”;
“Туған жерім”;
“Туған жерінің табиғаты”
II. Білімдерін тексеру:
Сенің туған жерің қай жер?
Қазақстан қандай мемлекет?
Қазақстанның жері қандай?
Қазақстанның табиғаты қандай?
III. Негізгі бөлім. Нәтиже сабақ. Ой қозғау.
Топтастыру: Табиғат деген не?
“Табиғат” туралы сөйлемдер құраңдар.
Грамматикалық жұмыс.
Деңгейлік тапсырмаларды орындау:
III деңгей. Сөйлемді дұрыс құра.:
1. Қазақстанның, кең – байтақ, жері.
2. Қазақстан, өлке, бай.
3. Арал, деңгейі, теңізінің, төмендеді.
II деңгей. Тапсырмадағы көп нүктенің орнына керекті сөзді жаз.
1. Табиғат...байлығымыз.
2. Орманда...өседі.
3. Қазақстанда ...тауы бар.
4. Табиғатты қорғау - ...борышы.
Керекті сөздер: человека, наше, березы, Алтай.
I деңгей. Азамат, зерттеуші сөздерді жіктеңдер.
Тапсырмалар.
Сөзге сәйкес жіктік жалғауын жалғаңыз.
1. Мен оқушы....
2. Мен студент емес...
3. Мен сабаққа бара...
4. Мен 6 –сынып оқушысы...
5. Мен сіздің көрші...
6. Мен сіздердің достарыңыз...
Сізге жіктік жалғауының дұрыс не қате жалғанғанын анықтаңыз.
1. Мен – мұғалімбін.
2. Сен орманшысың.
3. Ол өшіреді.
4. Болат ағаш өсіреді.
5. Балалар ағаш егеділер.
6. Менің ата – анам орманшы болып жұмыс істеймін.
IV. Сабақтың қорытындысы. Тест сұрақтарына жауап беріңдер (кітапта 98 -99 бет).
Отан туралы мақал – мәтелдерді айтыңдар.
V. Оқушыларды бағалау.
VI. Үйге тапсырма “Менің туған жерім”тақырыбына диалог құраңдар.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 42 Kb |
Количество скачиваний: | 8 |