Оқушылардың қимыл белсенділігін арттыру
Предмет: | Физкультура |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Кененбаев Ғани Самидинұлы
|
Оқушылардың қимыл белсенділігін арттыру Қай заманнан болмасын өзіне тән экономикалық саяси әлеуметтік және идеологиялық ерекшіліктері болатыны баршамызға айқын. Сол сияқты бүгінгі күннің ұрпақ тәрбиесіне деген өз талабы мен ерекшіліктері бар. Соның бірі спорт пен дене тәрбиесі. Дене тәрбиесі мен спорттың маңызын арттыруды ойластыру елімізде сауықтыру жұмыстарының түрлері мен әдістері ұсынылған. Сондай мүмкіндіктердің бірі бала жастан қазақтың ұлттық қозғалмалы ойындарын ойнауға жаттықтыратын тиімді әдіс – тәсілдерді пайдалану мақсатына қарай дене қимыл сапасын және дене қабілетін жан – жақты дамыту көзделген. Қасақстанның әрбір азаматын бала жастан дене тәрбиесімен айналысуға тарту үлкен маңызы бар мемлекеттік міндет екендігі еліміздің негізгі заңында көрініс тапқан. Ата Заңның 24 және 29 – баптарында азаматтардың демалуға және денсаулығын сақтауға құқы бар екендігі атап айтылған. Жастардың денсаулығын нығайтып, дене тәрбиесін дамыту – мемлекеттік маңызды іс. Өйткені елдің егемендігін сақтау, оның экономикалық мүмкіндігін арттыру көп жағдайда халықтың саулығымен және рухани тазалығымен айқындалады. Дене тәрбиесін оқыту әдістерін қайта қарау оқушылардың денесін шынықтырып, салауатты азаматтықты шыңдап қалыптастыруды терең ой елегінен өткізуді талап етеді. Әлемдік тәрбие нақты білім, сапалы көрсеткіштер, адамға қажетті іскерліктер мен дағдылар жоспарлы оқу – үйрену нәтижесінде келетіндігін көрсетіп отыр. Осы нәтижелерге жету үшін мектептерге дене шынықтыру пәнін енгізген. Дене шынықтыру пәні оқушыларды жан – жақты үйлесімді дамытып жетілдіреді, денсаулығын сақтап нығайту үшін мектеп оқушыларымен жүргізілетін жұмыстардың алдына мынандай мақсаттар қояды: - оқушылардың денсаулықтарын нығайтып, денесін шынықтыру; - жаттығулар мен ойындар туралы түсінік алып, олармен шұғылдану үшін керекті гигиеналық талаптарды орындай білу;
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 17.27 Kb |
Количество скачиваний: | 31 |