Оқыту мен оқу үдерісін бірлесіп жақсарту мақсатында Lesson Study тәсілін пайдалану.
Предмет: | Другое |
---|---|
Категория материала: | Презентации |
Автор: |
Жексенбаева Айман Абдуллаевна
|
Барысы
Сабақ тақырыбы:
Оқыту мен оқу үдерісін бірлесіп жақсарту мақсатында Lesson Study тәсілін пайдалану.
Жалпы мақсат:
Ø Оқушыларды оқытуға көңіл аудара отырып, оқытуды жетілдіру және оның сапасын арттыру құралы ретінде мұғалімдерге Lesson Study-ді ұсыну.
Ø Мұғалімдер топтарының арасында тәжірибені жетілдіру құралы ретінде Lesson Study-ді қалай пайдалануға болатынын көрсету.
Сілтеме:
Үлестірмелі нұсқаулық
Оқу нәтижесі
Мұғалімдер
Ø Lesson Study үдерісін;
Ø оқытуды жетілдіру және оның сапасын арттыру, мұғалімдердің тәжірибелік білімін зерделеу құралы ретінде мектептерде Lesson Study тәсілін пайдалану үшін әріптестермен қалай ынтымақтастық орнатуға болатынын;
Ø Lesson Study кезінде әріптестерге қалай қолдау көрсетуге болатынын түсінеді.
Түйінді идеялар:
Ø Lesson Study – бұл сыныптағы іс-әрекеттегі зерттеу жұмысының ерекше түрі, ол мұғалімдер топтарының Lesson Study-ді бірлесіп жоспарлауын, оқуын, қадағалауын және талдауын көздейді;
Ø Lesson Study мұғалімге әрбір жеке оқушының оқуына қатысты өзінің оқыту тәжірибесі туралы ойлануға мүмкіндік береді;
Ø Lesson Study циклі сабақтың оқушылар қажеттілігіне сәйкес келуі мақсатында мұғалімдерге инновациялық педагогикалық тәсілді жетілдіруге немесе оның сапасын арттыруға мүмкіндік береді;
Ø Lesson Study нәтижелері мектептегі әріптестерге және басқа мектептерге таратылады.
Сабақта қолданылатын материалдар:
А- 4,3 парақтары,стикер, интерактивті тақта,флипчарт, маркер, қалам
Оқыту әдістері:
Жұппен жұмыс, Топпен жұмыс, АКТ ,
Деңгейлік бағалау, Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
Дерек көздері:
портал материалдары «Lesson study – сабақты зерттеу»
Оқуға арналған тапсырма:
Мұғалімге арналған нұсқаулық.
Үлестірмелі нұсқаудық
Сабақ бойынша коуч пен мұғалімдердің іс-әрекеті:
І.Мұғалімдерге психологиялық ахуал туғызу
Коучтың іс-әрекеті
Мұғалімдердің іс-әрекеті
(3 мин)
Жақсы тілек айтылады
Кезекпен тілек айтады
(3 мин)
Топқа бөлу.
Реттік санау арқылы
Таныстырылым
«Lesson Study тарихы» таныстырылымы;
«Lesson Study тиімділігі» атты қысқа бейнежазбаны қарау.
Постерге LS-і бейнелеу
Екі жұлдыз, бір тілек бойынша формативті бағалау.
Lesson study -ді жоспарлау
«Жұптық жұмыс:
Белгілі бір тақырып бойынша оқытуды жақсарту үшін өз сыныптарыңызда жасап көргіңіз келетін «оқу/оқытудағы жаңа тәсілді» анықтап алыңыз.
Осы тақырып бойынша үлгерімі жоғары, орта және төмен болып табылатын үш оқушыны айқындаңыз.
Рөлдік ойын
Жаңа тәсілдің тиімділігін зерттеу үшін таңдап алынған үш оқушыға көңіл аудара отырып, Lesson Study-ді жоспарлауда әріптестеріне қолдау көрсететін тәлімгердің рөлін кезекпен ойнаңыз.
Lesson study бойынша жұмыс ережесін жасау
Топтық пікірталас:
Төмендегі мәселелерді талқылау:
Lesson Study бойынша мұғалімдердің бірлескен жұмысына ықпал ететін жағдайлар;
Lesson Study бойынша мұғалімдердің бірлескен жұмысына бөгет жасайтын кедергілер;
Lesson Study бойынша мұғалімдердің бірлескен жұмысына сіз қалай ықпал ете аласыз?
Топтар «Lesson Study бойынша бірлескен жұмыс жүргізу ережесін» жасайды да, постер түрінде қорғайды
Ақпарлама
(5 мин)
Lesson Study – сабақты зерттеу
Таныстырылымды тыңдайды
Қорытындылау
Сұрақты ұстап ал!
Бірнеше сұрақ қоылады
LS-і кім ашты? Қай жылы?
LS неше айналымнан тұрады?
LS деген не? LS қай тілде?
LS мұғалімге қандай мүмкіндік береді? LS-дегі оқушы саны? LS ережесінің негізгісі? т.с.с.
Балмен бағалау
Допты ұстаған жауап берсе 3 балл, басқаға лақтырса (жауап берсе 2 балл) тағы басқаға лақтырса (жауап берсе 1 балл)
Қосымша оқу:
Мұғалімге арналған нұсқаулық: Lesson Study.
Тип материала: | Презентация Power Point (pptx) |
---|---|
Размер: | 168.95 Kb |
Количество скачиваний: | 56 |