Оқыту мен оқуда өзгеріс енгізілгенін және ол басқарылғанын растайтын тізбектелген сабақтар топтамасы өткізілгені туралы рефлексивті есеп.
Предмет: | Классному руководителю |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Bota76b Бөрқұлақова Ботакөз Айтуғанқызы
|
Қазіргі таңда білім беру саласы бойынша жаңаша көзқарас, жаңаша қарым-қатынас , жаңаша ойлау жүйесі қалыптасып отыр. Сындарлы түрде білім беруде оқушыларда пәнге деген білім, білік дағдыларын меңгеруге бағытталған, оқушылардың жеке басының физикалық тұрғыдан да, әлеуметтік тұрғыдан да дамып-қалыптасуына, тұлға ретінде қалыптасуына көп көңіл бөлініп жатыр. Сондықтан да Қазақстанның Н.Назарбаев Зияткерлік мектебі мен Англияның Кембридж университетінің бірлесе отырып жүзеге асырып жатқан бұл бағларламасы-мұғалімдердің жұмысының табысты болуына, жаңаша жұмыс жасауға, оқыту үдерісінде жаңа әдіс-тәсілдерді қолдануға, оқушылардың «үніне» құлақ қоюға, сапалы да тиянақты сабақ өтуге көмектеседі Бұл Бағдарламамың басым бөлігі, түрлі әдістер, тәсілдер қарастырылғанына қарамастан, сындарлы оқыту теориясы негіздерін қамтыған. Бұл теория оқушылардың ойлауын дамыту, олардың бұрынғы алған білімдері мен жаңа немесе сыныптағы түрлі дереккөздерінен, мұғалімдерінен, оқулықтан және достарынан алған білімдерімен астастырыла жүзеге асады деген тұжырымға негізделеді.
(Мұғалімге арналған нұсқаулық. 6 бет)
Сондықтан да қазіргі кезеңде бүкіл әлемде сындарлы оқыту жүйесі қолға алынып жатыр.
Менің мақсатым:
Сапалы білім бере отырып,саналы ұрпақ тәрбиелеу, өз-өзіне сенімді, алған білімін өмірде пайдалана алатын жеке тұлғаны қалыптастыру.
Мен курстың бірінші «Бетпе-бет» кезеңінде нені үйрендім?
- Сындарлы оқыту теориясының жеті модулін сабақтарыма кіріктіруді, оқушының сабаққа қызығушылығын арттыру мақсатында әр түрлі жаңа әдіс – тәсілдерді сабақта тиімді пайдалануды, кері байланыс жасау арқылы оқушыға келесі сабақтарымда қызықты тапсырмаларды тиімді жоспарлауды үйрендім. Сабақта заманауи ақпарат көздерін кіріктіре отырып, оқушылардың жаңалықтарды есту, көру, визуалды қабылдаудың нәтижелілігін байқадым. Және осы Бағдарлама бойынша 7 модульдің қолданылуы туралы толық ақпарат алдым. Соның ішінде ең маңыздысы – «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» модулі мен «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету» модулі және «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» модульдері маған қатты ұнады. Және де осы Бағдарламаға негіз болған теоретик-ғалымдардың ойларымен пікірлерін басшылыққа алуды үйрендім.Әсіресе, Мерсер мен Литлтонның диалогтық оқытуға байланысты айтқан ойлары менің
Бөрқұлақова Ботакөз Айтуғанқызы Мұғалім портфолиосы С есеп
№20 топ 3 деңгей
Шымкент қаласы «18» 05. 2015 жыл
көңілімнен шықты. Александердің ұсынған диалогтың 5 үлгісін сабақтарымда пайдалануды көздедім. Сонымен қатар бағалауға байланысты «бағалау – бұл
тек техникалық тәсіл емес, ол мұғалімдердің ауызша және жазбаша баға қоюы
арқылы іске асады» деген пікірімен толық келісемін. Бұлардан бөлек
Пажарестің «Мұғалімнің ұстанымы барлығынан да маңызды» деген пікірі де
мен үшін мәні ерекше болды.
Сонымен мен 1-ші бетпе-бет кезеңін аяқтап, іс-тәжірбие жүргізуге сәуір айының жиырма екінші жұлдызынан бастап мектепке «Он-лайн» режиміндегі іс-тәжірибемді бастауға келдім. Ең бірінші мектеп әкімшілігімен, яғни мектебіміз директоры Алмаханов Мейрам Әбдіхалықұлы және ДОІЖО –ры Мұқанова Гүлзабира Қартабайқызы, ДТІЖО Ізбалаева Бидаш Сәтбайқызымен жүздестім. Олармен 3-айлық курс барысындағы жаңалықтар туралы сұқбат жүргіздік.. Маған бір қатар сұрақтар берді. Оқу қиын емес пе?
Осы курс бойынша не үйрендің? Нелерді білдің? Дәстүрлі сабақ пен Кембридж оқу тәсілінің арасында қандай айырмашылықтар бар?
Бұл оқудағы қай әдістер саған ұнады ма? – деген сұрақтар қойды. Мен дәстүрлі сабақ пен бұл оқу бағдарламасының арасындағы бір қатар өзгешеліктер бар екенін айттым. (Ынтымақтастық атмосферасын құру) 7- модульдің тиімділігін бейне материал арқылы көрсетіп, түсіндірдім. Ондағы шаттық шеңберін құру аркылы топқа бөлінулер, және түрлі жаңа әдіс-тәсілдер, формативті бағалау мен субмативті бағалаулар, сабақ соңындағы жүргізілетін кері байланыстардың маған ұнағандығын айттым. Алдағы уақытта осы бағдарлама аясында сабақ жүргізілетін болса,оқушыларда да өзгеріс болатындығын тілге тиек еттім. Яғыни сабақта өзін еркін ұстай отырып,өз ойын жеткізеді,өзін-өзі бағалауды және өзгеніде бағалауды үйренеді, ой-өрісімен тілдік қорыны дами бастайды -дедім. Қысқа мерзімді жоспар мен орта мерзімді жоспарымды көрсете отырып,бұрынғы жоспардан ерекшелеу екендігін айтып өттім. Алдағы уақытта осы жоспар бойынша сабақтар өтетіндігімді айттым. Шаттық шеңберін құру арқылы, басшылар маған көмек қолын созуға дайын екендігін және менен үлкен үміт күтетіндігін айтып, жұмысыма сәттілік тіледі.
Мектептегі басқа да мұғалімдер мен кеңес өткіздім.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 356.12 Kb |
Количество скачиваний: | 10 |