Оқыту мен оқудағы өзгерістер

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:
           Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері педагогтердің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасынан күтілетін нәтижелер оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесінде еркін,өзіндік дәлел-уәждерін жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір-көзқарастары жүйелі дамыған қазақ,орыс,ағылшын тілдерін өз деңгейінде меңгерумен қатар, сандық технологияларда құзырлық танытатын оқушы ретінде қалыптасуын қамтиды. (Мұғалімге арналған нұсқаулық 7-ші бет)  Осы жоғарыда айтылған  әдіс-тәсілдерді айта келіп мен өзімнің төртінші сабағымның егжей-тегжейлі есебімді жазып отырмын. Сабағымның тақырыбы сын есім, қорытынды сабақ. Сабақтың барысын мен ең алдымен ұйымдастыру кезінен бастадым, ол жерде оқушылармен амандасып, көңіл-күйлерін сұрап, сабаққа дайын екендерін пысықтадым. Сабақтарының сәтті өтуіне тілек тілеп, оқушыларды шаттық шеңберіне шақырдым. Оларда бір-біріне жақсы тілектер айтып өздеріне сәттілік тіледі. Содан кейін тақтадағы  бір түсті қағаздарды алуын сұрадым. Олардың ішіндегі смайликтер түріне байланысты оқушылардың топқа бөлінуін сұрадым. Топ басшысын тағайындау барысында үлкен смайлик түрлерін әр топқа өзім сыныптағы ұяң, орташа оқитын оқушыларды топ басшысы етіп тағайындадым. Ондағы мақсатым нашар оқушыларды сөйлету. Бұлай топқа бөлу біріншіден сыныптағы оқушылардың қызығушылығын арттыру, екіншіден психологиялық ахуалын қалыптастырдым. Топқа бөліп болғаннан соң сабақтың басын үй тапсырмасын сұраудан бастадым. Олар тапсырма бойынша сан есімге байланысты мысалдарды оқып талдады.
Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 520.2 Kb
Количество скачиваний: 25
Просмотров: 122

Похожие материалы