Ойын "Алтын қақпа ойыны" (4сынып)

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Конспекты
Автор:

«Алтын қақпа» викториналық сұрақ жауап ойыны

Мақсаты: Бастауыш сынып мұғалімдері мен мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілерінің арасында пікір талас және тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастыру. Бастауыш сынып мұғалімдері мен мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілерінің шығармашылық шеберліктерін шыңдау.
Көрнекіліктер: Алтын қақпа, күміс қақпа, тас қақпа, алтын сандық, арнайы дайындалған сұрақтар.

«Алтын қақпа» викториналық сұрақ жауап ойынының жүргізілу барысы:

Құрметті: - «Сөз атасы - сәлем » - деген емес пе, алдымен амандасайық:
- Армысыңдар апайлар!
- Бастауыш сынып мұғалімдері мен мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілер бүгінгі «Алтын қақпа» викториналық сұрақ жауап ойынына қош келіпсіздер!
Жүргізуші: Армысыңдар, мұғалімдер, әз жандар, 
Білім іздеп инемен құдық қазғандар.
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді, 
Би де билеп, ән де бүгін шырқалар.
Армысыңдар, қонақтар, ұстаздар
Құрметпенен қол соғар.
Алдарыңда жауқазындай құлпырған, 
Бәстеседі ұстаздарың құлшынған.
Түрліше ойын жүйелі, 
Ой - өрісті дамытуда бір елі.
«Алтын қақпа» сұрақ жауап мекені.
Барлығыңызды «Алтын қақпа» атты викториналық сұрақ жауап танымдық ойын сайысына ат салысуға шақырамыз.
Ойын шарты: Ойынға қатысушыларды үш топқа бөлеміз:
«Алғырлар» тобы
«Тапқырлар» тобы
«Білгіштер» тобы
Ойын үш кезеңнен тұрады, әр кезеңнің 3 тапсырмасы бар.
Бұнда кездесетін тапсырмалар жан-жақты қамтылған әр түрлі тақырыптарда келеді. Мысалы: «Айналадағы әлеммен танысу», «Балалар көркем әдебиетімен танысу», «Логикалық есептер», «Салт – дәстүр», «Мақал – мәтелдер», «Жұмбақтар».
1-ші кезеңдегі 3 сұраққа дұрыс жауап берілсе, «Тас қақпа» ашылады.
2-ші кезеңдегі 3 сұраққа дұрыс жауап берілсе, «Күміс қақпа» ашылады.
3-ші кезеңдегі 3 сұраққа дұрыс жауап берілсе, «Алтын қақпа» ашылады.
«Алтын қақпа» ашылғаннан кейін көмбеде «Алтын сандық» бар. Алтын сандықтың да өз тапсырмасы бар.
Ал енді, «Алтын қақпа» викториналық сұрақ жауап ойынымызды бастаймыз.
«Тас қақпада» мынадай сұрақтар жасырынған:
1. Логикалық есептер.
- Қандай сағат күніне екі рет айналады?
(Тоқтап тұрған сағат).
2. Абай атамыз атап көрсеткен 5 дұшпанды ата?
( Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек , бекер мал шашпақ)
Өсімдік неден көбейеді?
(тұқымнан)
(«Тас қақпа» ашылады)
«Күміс қақпада» мынадай сұрақтар жасырынған:
1. Логикалық есептер.
- Жаңбыр екі күн қатар жауа ала ма?
(Жоқ, арасында түн бар).
2. Жеті қазынаны ата?
Жеті қазына - Ер жігіт, сұлу әйел, ақыл-ой, жүйрік ат, 
қыран бүркіт, берен мылтық .
Тіркесін табу:
Тіл тас жарады...
(Тас жармаса, бас бас жарады).

Ерді намыс өлтіреді...
(Қоянды қамыс өлтіреді).
Басқа елде сұлтан болғанша...
(Өз еліңде ұлтан бол).
(«Күміс қақпа» ашылады)
«Алтын қақпада» мынадай сұрақтар жасырынған:
1. Логикалық есептер.
- Жасы жүзге келген қария өзінің туған күнін қалдырмай атап отырған. Сонда ол 25 рет қана атап өткен. Ол қай күні туған?
(29 ақпанда туған)
2 .Отан туралы 4 мақал айту.
1. «Отан үшін отқа түс, күймейсің»
2. «Отансыз адам-ормансыз бұлбұл»
3. «Отан оттан да ыстық»
4. «Отан-қуат, отбасы-шуақ»
3. Жұмбақ шешу. (3 жұмбақ шешу)
1. Сақыр-сақыр сақасы, 
Ішіндегі бақасы.
Екі торсық азығы, 
Діңкілдейді қазығы
(Бесіктегі бала).
2. Табаққа түспес, 
Қазанға піспес, 
Оны ішпей адам өспес.
(Емшектегі сүт).
3. Аппас жұмбақ, адам басын таппас жұмбақ, 
Қыз тілесе, бермес жұмбақ, 
Қызыл алтынға батпас жұмбақ.
(Адамның тәрбиесі).
(«Алтын қақпа» ашылды).
Ал енді көмбедегі «Алтын сандықты» ашуға дайынбыз ба?
1. Жеті жоқты ата?
Жеті жоқты – Жылқыда өт жоқ, 
Құста сүт жоқ, 
Таста тамыр жоқ, 
Тасбақада талақ жоқ, 
Аспанда тіреу жоқ, 

Жерде өлшеу жоқ, 
Аллада бауыр жоқ.
2. Қазыбек би:
Не қымбат?
Алтын ұяң - Отан қымбат, 
Құт берекең - атаң қымбат.
Аймалайтын анаң қымбат, 
Мейірімді апаң қымбат.
Кіндік кескен жерің қымбат, 
Ұят пенен ар қымбат.
3. Ақыл туралы 4 мақал айту.
1.«Ашу дұшпан, ақыл дос, ақылыңа ақыл қос»
2. «Ақылсыз сұрақ беріп, ақылды жауап күтпе»
3. «Ашу асыққанда, ақыл басу айтады»
4. «Ас тасыса, қатығы төгілер, ашу тасыса, ақылы төгілер»
( «Алтын сандық» ашылды).
Көмбеге де жетіп, «Алтын сандықтың да» тапсырмаларын орындадық. Бұдан біз ұстаздармен тәрбиешілеріміздің сегіз қырлы бір сырлы екендеріне көзіміз жетті деп, олардың тәрбиелеп өсірген жеткіншектерінен жақсы нәтежилер күтуге болады деп сенім білдіре отырып, «Алтын қақпа» викториналық сұрақ жауап ойынын аяқтаймыз. «Алтын қақпа» викториналық сұрақ жауап ойынына өте жақсы шабытпен қатысып, сұрақтарға жақсы жауап бергендеріңізге көп-көп рахмет.
Сау - саламат болыңыздар!

 

Викториналық сұрақтар
1.Жұп функцияның графигі қай оське қарағанда симметриялы.

Жауабы: ординаталар осіне.

2. 1мен 10 цифрларына қандай амал қолданғанда 1 шығады?

Жауабы: 1 10 =1; 
3. Басқа кисең бөрік, сәнді сұлу көрік.

Жауабы: Конус.

4. Жазықтықтағы қиылыспайтын екі түзу.

Жауабы: параллель.
5. Тік бұрыш жасап қиылысатын екі түзу.

Жауабы: перпендикуляр

6. Санның     бөлігі   Жауабы : пайыз.

7. Дәлелдеуді қажет етпейтін математикалық сөйлем.

Жауабы: Аксиома.
8. Сыбайлас бұрыштардың қосындысы неге тең?

Жауабы: 180°- қа тең.
9. Математика ғылымдар патшасы, арифметика математика патшасы сөзінің авторы кім?

Жауабы: Карл Гаусс.
10. Барлық қабырғасы тең тіктөртбұрыш?

 Жауабы: Квадрат.
11. Бұрышты өлшейтін құрал?

Жауабы: Транспортир.

12. Қандай  цифрлардың  көбейтіндісі де,қосындысы да  6-ға тең.

Жауабы: 1,2,3

13.Екі    саннның  қосындысы 8-ге тең, айырмасы 2-ге, көбейтіндісі 15-ке  тең. Ол қандай сандар?

Жауабы: 5 пен 3

14. Бір жанұяның   5 ер  баласы  бар, олардың  әрқайсысының  қарындастары  бар. Жанұяда   қанша  бала  бар.

Жауабы: 6 бала

15. 1 цифрын 5 рет  пайдаланып, 100 қалай жазуға  болады.

Жауабы: 111-11=100

16. Бөлмеде 4 мысық  отыр. Әр мысықтың алдында 3 мысық.  Барлығы неше  мысық

Жауабы: 4 мысық

17. 2 цифрын 4 рет пайдаланып 1-ді қалай  жазуға  болады.

Жауабы: 2+2:2*2=1

18. Ұлу  ағаштың басына  шығуға  күніне 5 м жоғары  көтеріледі, түнде  3 м сырғанап  төмен түседі. Ағаштың  биіктігі  25 м  болса, ұлу ағаш  басына  неше күнде жетеді.

Жауабы: 11-ші  күні  кешке

1.        Жоқ өзінде бас та, қас та, мойында

Ұзындығы жазулы тұр бойынды

 Жауабы: сызғыш

20.  Айдынның Асқардан бойы ұзын, бірақ Жанаттан кіші. Кім ұзын?

Жауабы:  Жанат – ұзын

21. Термометр аяз болғасын – үш градус көрсетіп тұр. Осындай екі термометр неше градус көрсетеді?

Жауабы: үш

22. Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды.

Неше стакан қалды?

Жауабы: үш стакан

23. Көшеде екі әкесі, екі баласы, және атасы немересімен қыдырып жүр.

Көшеде неше адам жүр?

Жауабы: үшеу

24. Екі бала шахматты екі сағат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойлады?

Жауабы: екі сағат

25. Допты лақтырғанда, доп сол ізімен кері қайту үшін оны қалай лақтыру керек?

Жауабы: жоғары

26. Қараңғы бөлмеде майшам мен керосин лампасы бар. Бірінші не жағасыз?

Жауабы: шырпы

27. Жұп санды үшке бөлгенде қалдық қандай болуы мүмкін.

Жауабы: 1 және 2

28. Санның квадраты деп нешінші дәрежені айтады ?

Жауабы: 2

29. Диаметр  дегеніміз не?

Жауабы: шеңбердің кез келген екі шетін қосатын кесінді

30. Екі әкесі, екі баласы үш алманы қалай бөліп жейді.

Жауабы: атасы, баласы, немересі.

31.  Ұшақ А қаласынан В қаласына дейін 1 сағ  20 мин ұшады да, қайтарда 80 минут ұшады. Себебін түсіндір?

Жауабы: Екеуі бірдей 1 сағ 20 мин = 80 мин.

32.  5 жұмыртқа 12 минутта піседі, 10 жұмыртқа ше?

Жауабы:  12 минута, бәрін бірге саламыз.

33.  Бір жанұядағы 5 ұлдың бір бірден қарындасы бар. Жанұяда барлығы қанша бала бар?

Жауабы: 6 бала.

34. Төрт пен бестің арасында арасына қандай таңба қойылғанда 4-тен артық 5-тен кем сан шығады?Жауабы: үтір.

35.  Үш пар ат 30 км-ге шапса, әр ат қанша км шапқан?

Жауабы: 30

36.  Төрт қойдың неше аяғы бар?

Жауабы: 16

37.  Үш майшам жанып тұрды, екеуін сөндірсе нешеуі қалады?

Жауабы: екеуі, біреуі сөндірілмегесін жанып кетті

38.   Екі адам 4 сағат шахмат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойнады?

Жауабы: 4.

39.  Столдың төрт бұрышы бар. Егер бір бұрышты кесіп тастаса, неше бұрыш қалады?

Жауабы:   5

40.  Сағат тілі тәулігіне неше рет тік бұрыш жасайды?

Жауабы:   4 рет

41.  Мектепке келе жатқан 5 балаға қарсы жолда тағы 4 бала жолықты.  Мектепке неше бала барды?

Жауабы:  5 бала

42. Кім барлық тілде сөйлейді?

Жауабы: жаңғырық

43. Қандай жолмен еш уақытта адам жүрмейді?

Жауабы: құс жолымен

44. Ең алғашқы әйел математик

Жауабы: Гипатия

45. Координаталар жүйесін ғылымға енгізген?

Жауабы: Рене Декарт

 


Математикалық мазмұнды өлең есептер

1.Түйе бота маң басқан,

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 36.22 Kb
Количество скачиваний: 46
Просмотров: 241

Похожие материалы