Ойын арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Предмет: | Иностранные языки |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Ракишева Айжамал Муратовна
|
«Ойын арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.»
«Сақина салу» ойыны.
Мақсаты: Ұлттық тәрбиені нығайту, шығармашылық қабілеттерін дамыту, шапшаңдыққа, жылдамдыққа , мұқият болуға баулу. Көңіл күйлерін көтеру, балабақшада ұлттық ойындарды қолдану.
Ұйымдастыру кезеңі.
Тәрбиешінің іс әрекеті.
Балалардың іс әрекеті.
Ұйымдастырушы
Кезең.
Ойын барысы
Қорытынды
Шаттық шеңбері:
Достарды біз қолдаймыз,
Қиын шақта қорғаймыз.
Біздің топта ұл – қыздар,
Тату –тәтті ойнаймыз.
Балалар сендер бүгін қандай ерекшелік байқап тұсыңдар?
Мен бүгін қандай киім кидім?
Сонымен қатар мен бүгін ұлттық әшекей бұйымдар тағып келдім. Кім атап береді?
Сендердің аналарыңда барма әшекейлер?
Сырға –серьги
Сақина –кольцо
Соның ішінде мен ерекше сақинаға тоқталғым келіп тұр.
Сақина ол саусаққа тағылатын әшекей, өте әдемі.
Балалар біз ойнағанды жақсы көреміз ба?
Олай болса бір ойын ойнайқ.
«Сақина тастау» немесе Тұр сақинам, тұр.
Ойынның барысы мен таныстыру.
Ойыншылар екі алақанын беттестіріп, қусырыңқырап, қолдарын алға соза отырады. Шеңбердін ортасына шыққан адам екі алақанын беттестіріп ойыншылардың алақандарының арасына сұғады. Ол бір шеттен бастап, басқаларға білдірместен отырған ойыншылардың біреуінің қолына сақина немесе сақина орнына алынған затты салып кетеді. Тегіс айналып өткен соң ортаға шығып, «Тұр сақинам ,тұр!» деп дауыстап сұрайды. Сол уақытта қолында сақина қалған ойыншы жан-жағында отырғандарға білдірместен орнынан атып тұруы керек.Егер ұстап қалса өнерін орындап береді.Ал егер ол ұстатпастан тұрып кетсе, онда ұстай алмай қалған ойыншы жоғарыдағыдай жазаға бұйырылады
Тәрбиеші сақинаны өзі салады, бірнеше рет ойнайды.
Жақсы енді біз ермексаздан сақина жасайық, ол үшін орнымызға бару керек, ал жолда кедергілер бар . Орнымызға бару үшін алдымызда не жатыр?
Біз тек қана сары сақинамен жүріп бару керекпіз.
Тәрбиеші өзі жасап көрсетеді.
Өз бетімен жұмыс. Тәрбиеші көмектеседі.
Дайын жұмыстардан көрме жасау.
Біз бүгін қандай ойын ойнадық?
Ойын сендерге ұнады ма?
Сендер бүгін жақсы жұмыс істедіңдер мен сендерге
Сыйлық дайындап қойдым. Балаларға тәтті беру.
Шаттық шеңберді жасайды.
Апай ұлттық киім киді.
Сырға . білезік, сақина.
Бар.
Сырға –серьги
Сақина -кольцо
Иә жақсы көреміз.
Балалар мұқият тыңдап отырады.
Сақинаны бірнеше рет салып ойнайды,ұсталған балалар өнерлерін көрсетеді.
Үлкен сақиналар.
Балалар осы кедергіден өтіп орындарына отырады.
Сары сақиналармен жүреді.
Балалар орындарына жайғасып ермексазбен жұмыс істейді.
Сақина салу.
Ұнады.
Күтілетін нәтиже:
Нені білді: Сақина салу ойыннын толық меңгерді.
Қандай түсініктерді игерді: Сырға, сақина ,білезік ұлттық әшекей бұйымдар деген ұғымды игерді.
Меңгерген дағдылары: Дос болу, тату болу,сабаққа белсенді қатысу,бастаған жұмысты аяғына дейін жеткізу.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 17.56 Kb |
Количество скачиваний: | 21 |