Панорама сабақ "Қазақстанның экономикалық аудандары"
Предмет: | География |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Сулеймбеков Мадияр Саятович
|
Пәні: география.
Сабақтың тақырыбы:Қазақстанның экономикалық аудандары
Сыныбы: 9
Сабақтың түрі: қорытынды сабақ.
Сабақтың типі: қорытындылау және білім мен біліктерін жүйелеу.
Сабақ әдісі:түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап, талдау, жинақтау.
Сабақтың формасы:
«Қазақстанның экономикалық аудандарына саяхат» ойын сабақ.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
-Қазақстанның экономикалық аудандары туралы білімдерін бекіту және кейбір белгілеріне қарап экономикалық аудандарды айыра білу дағдыларын дамыту, білімдерін тексеру;
-Жеке және топтық жұмыстарын жасау дағдыларын қалыптастыру;
-Географиялық сауатты тұлғаны қалыптастыру;
Дамытушылық:
-карталар мен анықтамаларды пайдаланып, ой-өрісін кеңейту;
-экономикалық және әлеуметтік білімдерін арттыру;
-ойлау,есте сақтау, сөйлей білу қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелілік:
-оқушылардың өз өлкесінің , жалпы мемлекетінің экономикалық дамуына қызығушылығын ояту.
-өлкені тану, табиғатты сүюге, қорғауға тәрбиелеу;
-экологиялық, экономикалық тәрбие беру арқылы ұжымшылдыққа, ынтымақтастыққа тәрбиелеу;
Сабақтың міндеттері:
Сабақтың оқыту құралдары: оқулық, дидактикалық материалдар, үлестірме карточкалар, флипчарт, компьютер, интерактивті тақта, проектор т.б.
Сабақ көрнекілігі: Қазақстанның экономикалық картасы, атластық карталар, кескін карталар, трек-сызбалар, газет-журналдар, электронды оқулық.
Пәнаралық байланысы: Қазақстан тарихы, қазақ әдебиеті, химия, математика
Сабақтың жоспары:
Сабақтың барысы:
–Қазақстан жері кең байтақ, байлығымызда асып-тасып жатыр. Ата –бабамыздан бері сақталып келе жатқан өлкемізді тану және ондағы ресурстарды сақтау мақсатында біз, бүгін еліміздің экономикалық аудандарына саяхат жасайық!
Ойынымыздың негізгі мақсаты: Қазақстанның экономикалық аудандары туралы алған білімдерін жүйелеу мен бекіту.
Ойынның шарты: Ойын барысында жеке, топтық, жұптық, тест жұмыстарын орындаймыз. Әр ойын барысында әрқайсыңыздың алдарыңызда жатқан маршрут қағазына алған ұпайларыңызды топ басшысы жазып отырады.
І. Қызығушылықты ояту.
Топтастыру. Оқушыларға номенклатурасы бар үлестірмелер беріледі. Сол үлестірмелерді оқи отырып, қай ауданға тиісілі екендігін айырып, топтасады.
1 топ: «Орталық» 2- топ: «Батыс» 3- топ: «Шығыс»
Сарыарқа Каспий Алтай
Торғай Жайық Бұқтырма
Теміртау Қарашығанақ Ертіс
Жезқазған Ақтау Өскемен
Балқаш Ақтөбе Семей
4- топ: «Солтүстік» 5- топ: «Оңтүстік»
Соколов-Сарыбай Алматы
Қостанай Тянь-Шань
Петропавл Қапшағай
Ақмола Шымкент
Астана Сырдария
«Экспресс-сұрақтар». (флипчарттан штор пайдалану)(барлығы 10 ұпай)
№1.Тапсырма. «Кім жылдам?» Номенклатура.
(Электронды оқулықпен жұмыс)
Цифрлармен берілген экономикалық аудан мен облыстарын кескін картаға түсіріңдер.
1 –нұсқа А, В, С, Д, Е 1,3,5,7,9,11,13
2-нұсқа А, В, С, Д, Е 2,4,6,8,10,12,14
Әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпай (барлығы 12 ұпай)
ІІ. Мағынаны тану.«Табиғаты аса көркем, Қазақстан туған өлкем!
Бұл қай аудан?»
Бейне көрініс және сипаттамасы арқылы қай экономикалық аудан екендігін анықтау. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай (барлығы5 ұпай)
Бұл өлкеде жерлерім аз баспаған
Су сапарын бұл өлкеден бастағам.
Бұл өлкенің ауасымен ұшсам да,
Көз қиығын көктен жерге тастағам... (Х. Ерғалиев)
1.Барлық экономикалық аудандармен шектеседі, көлік қатынасы жақсы дамыған, климаты шұғыл континентальды, минералды ресурстарға бай болғаны соншалық пайдалы қазбалардың көмбесі десе де болады. Алайда су ресурстарынан тапшылық көруде. Ауданда тау-кен металлургия кешені қалыптасқан.
(Орталық Қазақстан)
... Жоқ! Сарқылмас байлығыммен өлең тең,
Мен де соны келешекке жөнелтем.
Мен тынғанда , жер бетінде жарқылдап
Жез бен жырым бірге жүрсе жөн ертең... (Х. Ерғалиев)
2.Республикамыздағы маңызды түсті металлургия орталығы.Табиғаты алуан түрлі, ең алғашқы зерттеушілер осы аймақтың сұлулығына тәнті болып оны Швейцариямен салыстырады.Өлкесі қылқан жапырақты ормандарымен, өзен жағалауының көрікті табиғатымен адамдарды тәнті қылса, туристердің сүйікті демалыс зонасына айналған Марқакөл қорығы орналасқан. Экономикалық аудандардың ішінен аумағы жағынан ең кішісі. (Шығыс Қазақстан )
4.Жаздық бидайдың негізгі бөлігі егіледі, табиғаты көрікті, орманды дала біртіндеп құнарлы топырақты дала зонасына ауысады. Аумағы арқылы ірі теміржол магистралі өтеді,еліміздің үлкен астықты ауданы, Дүние жүзіндегі ең қуатты көмір кесіндісі «Богатыр» орналасқан.
(Солтүстік Қазақстан)
№2.Тапсырма. «Артығын тап!»
Берілген мәтіннің ішінен әр экономикалық ауданға жататын ерекшеліктерін ажыратып, экономикалық ауданға жатпайтыны табу керек.
(Тапсырмаларды әр оқушы дәптерге орындайды,кейін слайд арқылы тексеріп,жұп оқушы бір бірін бағалайды.) барлығы 10ұпай.
№3Тапсырма. «Мамандану –шаруашылықтың негізгі саласы»
Экономикалық аудандар мен мамандану салаларының сәкестігін табу.
Әрбір дұрыс жауап 1 ұпай ( барлығы10 ұпай)
ІІІ. Толғаныс: «Бұл әсем қала!» Бейне қөрініс арқылы қала туралы не білетінін айтып, тарихи-мәдени ескерткіштерін айту.(Барлығы 10ұпай)
«Пайдалы қазбалар шеруі» картамен жұмыс.
Кескін картаға минералдар коллекциясынан қай экономикалық ауданда қандай шикізат қоры бар екенін және қайда өңделетінін және өнндірілетінін, қайда тасымалданатынын түсіндіріп,картадан көрсету
Бағалау: бағалау парағы бойынша қорытынды шығарылып, қатысқан оқушылар бағаланады
Үйге тапсырма: «Өз таңдауың бойынша бір экономикалық аудан туралы шетелдік досыңа хат жазу».
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 28.68 Kb |
Количество скачиваний: | 8 |